Сабақтың тақырыбы : Менің -отаным Қазақстан. Астана. Сабақтың мақсаты



бет7/10
Дата11.01.2017
өлшемі1,77 Mb.
#7331
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дәптермен жұмыс

Жазу дәптеріндегі тапсырма орындалады



Қорытынды

Ж әрпіне байланысты сөздерді жаз



Әліппе

.

45 Сабақ Күні



Сабақтың тақырыбы: І і дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Іі әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Іі дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты , дауыссыз дыбыстарды

ажырата білуге үйрету.



  1. Сөздік қорларын молайту, буын туралы түсініктерінкеңейту, ауада

әріп элементтерінің жазуын қалыптастыру.

  1. Іі әрпінің жазба түрін жаза білуге , сауатты жазуға, әдемілікке

тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы

Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін аудару

Бәріміз тұрайық.

Күннен жылу алайық

Алтын күн, жарқын күн

Шуағыңды төге бер

Арайыңнан нәр алған

Біз бақытты балдырған.



Өткен сабақты пысықтау.

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты жұмбақ шешуден бастайық.

Кірпіде бар.

Құста жоқ.

Түлкіде бар.

Мысықта жоқ. ( І)

І дыбысы бар сөзді созып айтамыз ( к-і-і-ірп-і-і, түлк-і-і- і)

Сөйтіп Іі дыбысың әріп –таңбасымен таныстыру.



Дауысты дыбыстың ережесін сұрау.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы шарларда жазылған сөздерді тез, шапшаң оқыту.( ал,іл, он,ін,тіл,шіл,тіс,тыс)

Оқулықтағы суретпен жұмыс жасау.

-Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Олар не істеп жатыр?

-Қандай мезгіл?

-Алыстан нелерді көріп тұрсыңдар?

Мәтінмен жұмыс .

Мәтіндегі адамдардың аттары қалай жазылғандарына көңіл бөлгізу. Оларды айтқызу. ( Ажар, Лашын)

Сөйлемдерді буынға бөлгізіп, оқыту.

Сергіту сәті

1,2,3,


4,5,6 –шебер бала біз.

7,8- білім мен еңбек егіз.

9,10- жаттығу орындау жөн.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген жазуларды жазғызу.

Оқулықтың 53- бетіндегі суретпен әңгіме өткізу.


  • Суреттерден кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Бала қайда бара жатыр?

  • Баланың қолында не бар?

  • Ол не істеді?

Әр оқушыға өздерінің әңгімелерін айтқызу. Әңгімедегі бірнеше сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату.

(бала , шана, қар, ит, ағаш)

Оқулықтағы сөздерді оқыту. Оларды талдау. Буынға бөлгізу.

(Да-ла-ға, ша-на, о-тыр –ды, і-лес-ті, жа-рыс –ты, жо-та- дан, сон-да, жа-ңа)

Өткен әріптерге мысал келтіру. (н с л р м ж )

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптеріндегі жазуларды дәптерге әдемілеп жазу. Бірнеше сөздерді ауада жазғызу.

Логикалық жаттығуды ойын түрінде өткізу. Ойын. «Жасырынған әріптер»

Сергіту сәті.

« Басымызды не «стейміз?»

Басымызды иеміз.

Билейміз, күлеміз.

Бір анда, бір мында

Қарап ал айнала.



Дидактикалық ойын.

Шарты:Тақтаға бірнеше кеспе әріптер бекітіледі. Оқушылар дауыссыз дыбыстарды бір бөлек, жуан дауысты дыбыстарды бір бөлек және жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек қояды.

Оқушылар бұл ойыннан дыбыстардың түрлерін айыра білуге үйренеді.

Түсінгендерін тексеру.

-Іі қандай дыбыс?

-Қандай сөздерде келеді?

-Іі дыбысына мысал келтіріңдер.

Қорытынды.

Оқушылардың білімін мадақтау. Іі –қандай дыбыс.

Әліппе

46 Сабақ. Күні.________



Сабақтың тақырыбы : Іі дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Іі дыбысы мен әрпін қайталату.,таныту. Ол арқылды сөздерді оқу

мен жазуға үйрету.

2. Оқушылардың сөйлеу қабілетін, ой өрісін, тілін дамыту.

3. Үлкендерді сыйлауға, білімділікке ,дыбыстап буындық талдау

жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер.

Сабақтың түрі: бекіту.

Әдіс –тәсілдері : түсіндіру, сұрақ –жауап.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру, ( Психологиялық дайындық)

1 дегенім –жаман баға, алады оны жаман бала .


  1. дегенім -нашар баға , інішегім нашарлама.

  2. дегенім- орта баға, сапасы да орта ғана .

4 дегенім- жақсы баға, алады оны жақсы бала.

5 дегенім –үздік баға, оқимыз тек үздік қана.



Өткенді қайталау.

Өткен әріптер туралы сұрау. Оқулықтың 54 –бетіндегі суретпен жұмыс жүргізу. Оқулықтың үстіңгі жағындағы сөздермен жұмыс жасау, оларды буынға бөлгізу. Су-ыр, то-ты, ара-лар, жан –у-ар, мы-нау, ,а-ғаш- та, ,ал-дын- да, ор-ман- ның.



Суретпен жұмыс.

–Мынау не? Ал мынау-тоты. Ал мынау-аралар.

-Мынау суыр. Ол ағашта отыр.

- Ол қайда отыр? Суыр да, тоты да – жануар.

- Ол іннің алдында отыр.

Жаңылтпашты тез оқыту.

Ара, ара, аралар.

Орманның ішін аралар.

Дәптермен жұмыс. Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды дәптерлеріне әдемілеп жазу. Өткен әріпті ауада жазғызу.

Сергіту сәті.

Қыран құстай самғаймыз.

Әлемді біз шарлаймыз,

Биік-биік шыңға өрлеп.

Тыныштықты қорғаймыз.

Ойын « Жоғалған әріп»

Ағаштың, анардың, масаның суреттері.

А . аш, ан . р , ма . са

Оқулықтың 55 бетіндегі суретпен жұмыс.

-Жомарт не істеді?

- Ол не ішті?

- Столдың үстінде не жатыр?

Тапқышбектің тапсырмасын орындау.

Сабақты сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.



Әліппе
47- сабақ Күні

Сабақтың тақырыбы: Әә дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Әә әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: Сөздерді талдата отырып, ә дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру. Жуан-жіңішке дауыстылар туралы түсінік беру.Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға үйрету. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.Сауатты жазуға, шапшаңдыққа баулу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Қолданылған технология:

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Жұмбақ шешіледі.

Таныстырар әріппен

Мынау кітап-әліппең.

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен?

Жұмбақ шешуін талдау арқылы жаңа дыбысты бөліп алып, Ә дыбысын қайталау. Қандай дыбыс?

Ойын: «Жалғастыр». Мұғалім әріпті көрсетеді. Оқушылар оған сөз ойлай бастайды. Әр оқушы өзі ойлаған сөздерін қанша дыбыстан тұратынын айтады. Дыбыстарды ретімен айтып беруін сұраймын. Мысалы, ә әрпін көрсетемін. Бір оқушы, әтеш-десе, екіншісі- оның 4 әріптен тұратынын айтса, үшіншісі- әтеш сөзіндегі дыбыстардың ретін айтып береді. т.б.

Оқулықпен жұмыс. 57 беттегі суретпен жұмыс. Сөйлем құрастыру. Тірек сөздерді оқыту. Әшір, дәрі, тыңдады, ішті Мысалы: Әшір тіс дәрігеріне келді. Әшірдің бойын өлшеді. Әшірдің кеудесін таңдады

Логикалық ойынды шешеді.



Сергіту сәті. Әдемі әтеш,таң атпай тұрыпты.

айдарын тарапты, жан- жағына қарапты, орнына отырыпты.

Тақтадан кеспе әріптер арқылы оқыту. Ән, ән-ші, әл, әл-ді, сән, сән-ді, дәм, дәм-ді, дән, дән-ді. Сөздерді оқытып, дыбыстық, буындық талдау жасап, Ә дыбысының орынын анықтау.

Оқулықпен жұмыс 58 беттегі суретпен жұмыс. Мәтінді оқып беремін. Оны суретпен байланыстырамын.

Мәтінді тізбектеп оқу. Мәтінде кім туралы айтылған? Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Логикалық тапсырма. Ә дыбысы бар сөздерді ата. әтеш, әліппе, шәйнек

Дәптермен жұмыс. 15 беттегі ә,а әріптерін жазу. Алды- әлді сөздерін салыстыру, жуан-жіңішке дауыстылар туралы түсінік беру.

Суреттердің атауларын жазу. шана, ат, сағат. Буындық, дыбыстық талдау жасау.

Ойын: «Жоғалған буын» Аяқталмаған сөздердің буындарын тауып жаз. Дәрі, әнші, мәсі, әлді, шәлі, сәнді.

Жаңылтпаш жаттау. Әнуар- өнер түлегі, Әдемі етіп тігеді.

Суреттермен жұмыс. Жыл мазгілдерін ата. Сөйлем құрастыр.Сөздерді оқыту.
Әліппе
№ 48сабақ Күні.

Сабақтың тақырыбы: Әә дыбысымен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Әә дыбысы мен әрпін қайталау. Өткен әріп арқылы берілген

сөздерді оқу және жазу.

2.Балалардың сөздік қорларын, тілдік байлықтарын дамыту,

дүниетанымдарын кеңейту, аақыл-ойын дамыту.

3.Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен

қарауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: суреттер, баспа және жазба әріптер.

Сабақтың түрі:. Қайталау.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, қайталау.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру.

( Психологиялық дайындық)

Амансың ба, алтын күн.

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба, достарым.

Сендерді көрсем қуанам.

Өткен сабақты қайталау.
Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 58- бетіндегі басындағы сөздерді дауыстап оқыту. Екінші жолдағы сөздерді буынға бөлгізу.

Ән-ші, әл-ді, сән-ді, дәм-ді, дән-ді.

Ойын « Қанша болса, сонша»

1.Тық-тық 2 мәрте.

2 дыбыстан құралған сөз ойла, сөз құрастыр Ат, су, ру, ну, ал, ар.

4 рет шапалақпен ұрып, қанша ұрғанын санату.

4 дыбыстан құралған сөз ойлаңдар.

БАЛА, ШАНА, ТАНА, ТАҒА, МАМА ,ПАПА,

Оқулықтағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастырып, мынадай өлең шумағынан бастауға болады.

-Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі.

Қос-қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой.

Бәрін бірге ойлап қой.

Сұрақ.

Бұлардың барлығын қалай атаймыз.



-Мал, малшы деп жауап берулері мүмкін. Енді олардың бағушысының атауын қалай атаймыз. Мысалы, жылқыны жылқышы бағады. Түйені түйеші бағады. Сиырды сиыршы, қойды қойшы бағады. Мәтінді мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті.

Қаламсап қолға аламыз.

Дәптерді қиғаш қоямыз.

Денемізді тік ұстап.

Әдемі етіп жазамыз.

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды ойын арқылы жазғызу. « Жоғалған буынды тап» Осы ойын арқылы буындарды жалғастырып, сөздер құрау ,оларды көркем етіп дәптерлеріне жазу.

Оқулықтың 59- бетіндегі «Төрт мезгіл» туралы әңгіме құрастыру.

Қыс. Қыста далаға қар жауады. Күн суық болады. Балалар жылы киімдерін киіп , далаға сырғанақ тебуге , ойнауға шығады.

Көктем. Көктемде дала жылына бастайды. Ағаштар бүршік атады. Жылғалардан су ағады.

Жаз. Жаз мезгілі өте көңілді. Айнала жап-жасыл болады. Күн ыстық болады. Балалар суға түседі. Жазда дем аламыз.

Күз. Күзде жапырақтар сарғайып, ағаштар жалаңаштанады. Егіншілер егіндерін жинайды.

Оқулықтағы сөздерді оқыту. Ондағы кісі аттарына көңіл бөлгізу.



Сабақты сұрақ –жауап арқылы қорытынды жасау.

Дауыссыз дыбыстың ережесін қайталау.



Әліппе

1 сынып


№ 49 Сабақ Күні

Сабақтың тақырыбы. Өө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты. Білімділігі: Өө әрпін таныту. Өө дыбысын сөз ішінде ажырата

білуге үйрету.



Дамытушылығы: Дауысты дыбыстарды талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелігі: Ана тілін сүюге, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, сызбалар.

Әдісі: Түсіндіру,ойната отырып оқыту.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру ( Психологиялық дайындық)

Тілейміз көктем шуағын

Тілейміз жаздың ұзағын

Тілейміз күздің жемісін

Тілейміз қыстың қарлысын.



Өткенді пысықтау.

Мәтінді оқыту. Сызбалар бойынша әр балаға мысал келтірткізу. Дәрігер сөзін ауызша дыбыстық талдау жасатқызу.



Жаңа сабақ

-Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын мына жұмбақты шешіп, соның бірінші дыбысын атасаңдар, сонда табасыңдар.

Тоқығаны ау,

Шыбынның жауы, (Өрмекші)

­Өрмекші сөзінің бірінші дыбысы -Ө дыбысы екен.

-Балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы Ө дыбысы. (Хормен айтқызу)

-Ө дыбысы дауысты ,қызыл белгімен белгілейміз.Енді мына суретке назар аударайық.

Бөрік, өрік, көз, өрнек.

Сөздерге талдау жасау.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 60-бетіндегі сөздерді оқушыларға оқытқызу. Жаңа дыбыстың орнын тапқызып, олардың сөздің басында, ортасында келетінін айту. Оқушыларға мәтінді оқытқызу. Мәтіннің астындағы суретте жазылған сөздерді оқу. (ор, ар, оң, аң, тол, сол.)

Ойын

«Сөз ойла, тез ойла» Оқушыларға Ө әрпінен келетін сөздер ойлатқызу.



Сергіту сәті

Мен өрікпін ,өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Дәптермен жұмыс

Жазу дәптердің бетіндегі Ө әрпінің баспа және жазба түрлерін салыстырып, қолды жаттықтыру. Оқушыларға жаңа әріпті ауада, тақтада жазып көрсетіп, дәптердегі үлгі бойынша жазғызу.

Оқулықтағы дәмді, тәтті сөздерінің қатарын көбейтіп, оларды дәптердің бос жолдарына жазу. Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасату. ( дәмді, тәтті, қышқыл, ащы, тұщы, тұзды)

Оқулықтың 61 бетіндегі жеміс-жидектермен таныстыру.Оларға байланысты әңгіме құрастыру.

Тапқышбектің тапсырмасын орындау. Бос орындарға әріптерді қою.



Сабақты қорытып, жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Әліппе

50Сабақ Күні:



Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Ққ әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ққ дыбысы менәрпін таныту., оларды қ әрпімен

таныстырып, осы әріп арқылы сөздер құрастыруға үйрету.

2.Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Дұрыс оқуға,әдемі жазуға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

ҰйымдастыруОқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Кіріспе әңгіме Жұмбақ шешіледі.

Оңға қарай,

Оқысаң да – бір халық.

Солға қарай

Оқысаң да сол халық. (Қазақ)

Жұмбақ шешуін талдау арқылы жаңа дыбысты бөліп алып, Қ қ әрпімен таныстыру. Дауыссыз, қатаң дауыссыз. Әріптің аты-қы. Жазылуын көрсету, тақтада, ауада, бірнеше оқушылар жазады. Қ-дыбысы бар сөздер айту.



Сөз басында

Сөз ортасында

Сөздің соңында

Қалам…..

Аққу….

Қайық…..

Жаңа тақырып.

  • Қалада бар,

Далада жоқ.

Қорада бар,

Санада жоқ.

(Қ)


  • Қала- сөзіне буындық, дыбыстық талдау.

  • Бағандардағы сөздерді оқып, буын санын анықтау. Мұнда қ дыбысының орнын анықтату


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет