Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне екі-үш әріптен құралған әріп диктантын жазғызу.
Ол, ор,ло, ро, ар,ра,ала,ара,ора,олар, орал,арал.
Сергіту сәті.
Бір,екі,үш,бір,екі,үш
Бұлшық етке күш
Мен ұшамын кептерше
Еңкейемін, қолым жерге жеткенше
Ойын «Кім тез?»
Оқушыларға ойынның шартын түсіндіру.
Л әрпінен басталатын адамдардың атын атау. Жеңген оқушыны айту
Сабақты бекіту .
Арал-сөзіне дыбыстық талдау жасатқызу.
А-дауысты,жуан.
Р-дауыссыз
А-дауысты, жуан.
Л-дауыссыз.
Көбелек,түлкі,шелек сөздерін буынға бөлгізіп, л әрпінің нешінші буында тұрғанын сұрау
Әліппе.
1 сынып
№ 23 Сабақ Күні:______
Сабақтың тақырыбы: Шш дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Шш дыбысы мен әрпін таныту.
Дамытушылығы: Шш дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқу, ойын дамыту.
Тәрбиелігі: Сабақ барысында еңбекқорлыққа, әдемі жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, жазба және баспа түрі, әріптер, буындар.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.( Психологиялық дайындық)
1 дегенім – жаман баға, алады оны жаман бала.
2 дегенім – нашар баға , інішегім нашарлама.
3 дегенім - орта баға , сапасы да орта ғана,
4 дегенім –жақсы баға, алады оны жақсы бала,
5 дегенім – үздік баға, оқимыз тек үздік қана.
Өткен әріпті қайталап кету.
Жаңа сабақ.
Оқушыларға жұмбақ жасыру, оны шешу.
Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып, байлауға болады. ( Шар)
Оқушыларға шар сөзін бірнеше рет қайталатып айтқызу арқылы жаңа дыбысты тапқызып
алу. (Ш-ш-ш-ар)
Шш дауыссыз дыбыс. Ережені еске түсіру.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы сөздерді оқыту. Оларды буынға бөлгізу. Ша-ға-ла, шот, шам. ( Шот сөзінің мағынасын түсіндіру.)
Сөздерде Шш дыбысы қай жерде тұрғанын айту.
Ережелерді қайталау.
Суретпен жұмыс.
Оқулықтағы суреттің астындағы сөздерді оқыту, буынға бөлу.
Ол- Шо-ра.
Шо-ра шар (үрледі) –Ша-ра, шар ал.Ол-шар. Шш дыбысының орнын анықтау.
Оқулықтағы сөздерді оқушыларға оқыту. Ш дыбысы бар сөздерді өздеріне тапқызу.
Дәптермен жұмыс.
Жазу дәптерінің 25- бетіндегі ш ш әрпінің жазба, баспа түрін оқушыларға түсіндіре отырып, көркем етіп , дәптерлеріне жазғызу.
Дәптердегі сызба үлгісіне қарап, сөйлем құрастыру, оны талдау.
Сергіту сәті.
Шиемін мен шиемін,
Күннің көзін сүйемін,
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін.
Шығармашылық тапсырма.
Дәптердің бетіндегі шығармашылық бағытта берілген тапсырманы орындау. ( шапан, шие)
Сабақты бекіту.
Әліппе.
1 сынып
№ 24 Сабақ Күні _____
Сабақтың тақырыбы: Ш ш дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі; Оқушыларға Ш шдыбысы мен әрпін қайталату.
Дамытушылығы: Сөздік қорын , тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Әдемі жазуға ,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріптер.
Әдіс-тәсілдері: қайталау, түсіндіру.
Пән аралық байланыс: Дүниетану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. ( Психологиялық дайындық)
Су – қолды алға созамыз.
Ауа – жоғары көтереміз.
От – қолды айналдыррамыз.
Жер - төмен түсіреміз.
Өткен әріпті қайталау.
Шш дыбысы қандай дыбыс.
Шш дыбысына мысал келтіріңдер.
Шш дыбысы сөздердің қай буынында кездеседі?
Шш дауыссыз дыбыс.
Неге?
Себебі. Бұл дыбысты айтқанда .....
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген сөздерді оқыту. Суретбайланысты сөйлемдер құрастыру. Оларды буынға бөлу. Ша-ра тәрелкені жуды. Ол тәрелкені орамалмен сүртті.
Ша-ра,аққұманды, кесені ал.
Тапсырма: Сөздерді буынға бөлу. Тәрелке, кесе, орамал.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі бос жолдарға оқулық бетіндегі өткен әріптердің баспа түрін жазба түрін жазу.
Аа, алша алма.
Оо, орақ, орман.
Лл ,лақ, лашын.
Рр радио, арба.
Сергіту сәті.
Отырып-ақ орнымда,
Айдын көлді кешемін
Сен білмесең, егерде,
Былай ескек есемін.
Логикалық тапсырма.
Оқулықтағы суреттермен жұмыс жүргізу. Суреттерді көрсету. Ол-...(көгершін)
Ол-...(шаян). Ол -...( қайшы). Ол –( шегіртке).
Сурет астындағы әріптердің дыбысталун сұрау. Оларға мысалдар келтіру.
(а о р л ш )
Кім тез айтады екен. Шапшаң айтқан оқушыны мадақтап кету.
Сабақты қорыту.
Әліппе.
1 сынып.
№ 25 Сабақ Күні_______
Сабақтың тақырыбы: Сс дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ссдыбысы туралы түсінік беру. Сс дыбысының айтылуымен
жазылуымен таныстыру. Ссдыбысына байланысты тақпақтар жаттату.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Қиялын,ақыл-ойын дамыту.
Тәрбиелігі: Сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, баспа және жазба түрі, кеспе әріптер.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру. ( Психологиялық дайындық)
Сылдырлайды иөлдір су,
Мөлдір суға қолың жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің , маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
( Бес саусақтарымен үстел үстінде тысырлатып, жаңбыр дыбысын бейнелейді. )
Өткен сабақпен жұмыс
1. Шш дыбысына берілген сөздерді оқыту.
2.Дәптердегі жазу жұмысын тексеру.
Жаңа сабақ.
Сабақты мынадай әңгімеден бастауға болады.
Самат секіріп ойнап, өзенге қарай келе жатты. Жол бойында өзіне қарай айбат шегіп тұрған жыланды көріп, тоқтай қалды. Жылан басын көтеріп, ысылдап тұр.
Қане , балалар жылан қандай дыбыс шығарды деп ойлайсыңдар?
С-с-с-с!
Ал, сонда мынау қандай дыбыс?( С с дыбысының әрпін көрсету.)
Сс дыбысы.
С с дыбысына кім мысал келтіреді?
Сағат, Самат, Сара т.б.
Сс дауыссыз дыбыс.
Неге?
Ережені қайталау.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген суреттерді оқушылардан сұрау. ( Жылан , сағат, сабын )
Оның астындағы сөздерді оқыту.
Ең соңғы сөздерді буынға бөлгізу. ( Са-ра, Ша-ра, Шо-ра)
Дәптермен жұмыс.
Жазу дәптерінің 27- бетіндегі С с әрпіне байланысты берілген жазуларды жазғызу.
Сергіту сәті.
Жаңылтпаш айту.
Қабат-қабат үй салдық.
Үйлер толы күй сандық.
Күйсандықтан үй салдық.
Күйсандыққа күй салдық.
Жаңылтпашты оқушыларға бірнеше рет қайталатып тілдерін жаттықтыру.
Талдау-жинақтау әдісін басшылыққа ала отырып,сөзден сөйлем құрастыртқызу.
(Сағат, сабын, тарақ, қуыршақ, жылан.)
Сөйлемнің сөзден тұратындығы туралы оқушыларға айтып, түсіндіру.
Ойын. « Жануарларды шақыру .»
Құстың немесе аңның суретін көрсету. Балалар оларды шақыратын сөзді немесеаттарын айтады.
Жылқыға «құрау-құрау», ешкіге « шөре-шөре» т.б.
Сабақты қорыту.
Әліппе.
1 сынып.
№ 26 Сабақ. Күні_______
Сабақтың тақырыбы: С с дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сс дыбысы мен әрпін қайталату. Алған білімдерін кеңейтіп,
қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы:Жан-жақты ойлауқабілетін, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, әріптер, буындар.
Түрі: қайталау.
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. ( Психологиялық дайындық)
Қайырлы таң достым,
Күлші қане, достым,
Қайырлды күн болсын! Бүгінгі күн міне,
Күлші қане, досым, сәттілікке толсын!
- Ал, балалар бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп, сабағымызды бастайық.
- Балалар, суреттен не көріп отырмыз?( сандық)
Сыр сандығым ашылар,
Балаллар сабаққа дайын болса,
Ішінен інжу-маржан шашылар!
- Мына сыр сандықтың ішінде бірнеше тапсырмалар бар. Оны ашу үшін алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық.
- Біз қандай дыбысты өттік?
- Оған кім мысал айтады?
Жаңылтпашты қайталау.
-Ал, енді, балалар, үй тапсырмасын тексеріп болсақ, өзіміз келіскендей сыр сандықты ашайық.
1- тапсырма: Жұмбақ шешу.
Сөзі- дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң –шешен.
Ақылы асқан көсем. ( кітап)
2-тапсырма. Шарда жазылған сөздерді шапшаң оқы. ( шо, ро, ра, са, ар, ша, ас, ал, со, ос, ор)
Буындарға байланысты сөздер құрастыру.
3-тапсырма: Дәптердегі әріптер мен сөздерді әдемілеп жазу. Өткен әріптерге байланысты әріптерді жазу.
Сергіту сәті.
Жалт-жұлтетіп қалағы.
Ертіндіні жағады.
Қолындағы кірпіші ,
Лезде орын табады.
Лезде орын табады,
Қиюласа қалады.
Қабырғалар ккүн сайын,
Биікке өрлеп барады.
(Өлеңді айтқанда балалар екі алақанын кезек-кезек аударып. ,қабырғағаерітінді жағып, кірпіш қалап жатқандай қимыл жасайды. )
4-тапсырма. Оқулықтағы сөздерді оқу. Сызбалардың орнына сөздер қойып, оқу.Буынға бөлу. Ша-ра. О-раш.
-Ша-ра, ас ал.
Ол-ар ас іш-ті. Ас дәм-ді бол-ды.Сызба ішіндегі Тапқышбектің де тапсырмасын оқыту.
(Сұраққа жауап берген оқушыларға жұлдызшалар тарату.)
Бүгінгі сабағымыз жақсы өтті ме?
Тақтаға әр түрлі көңіл күйді білдіретін адамның бет бейнесі бейнеленген суретті ілу.
«Сабақ қызықты өтті, көңілім көтерілді» дегендер 1-суреттің тұсына жұлдызшаларын қояды.
«Сабақ қызықты, көңілді өтті, бірақ түсінбеген жерлерім болды! Дегендер 2-суреттің тұсына жұлдызшаларын қояды.
«Сабақ мені қызықтырмады, түсінбедім» дегендер 3-суреттің тұсына жұлдызшаларын қояды.
Ережені қайталау.
Сабақты қорыту.
Әліппе
1 сынып.
№ 27 Сабақ--- Күні_______
Сабақтың тақырыбы : У у дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : Оқушыларды Уу дыбысының таңбасымен таныстыру.Ол
арқылы сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тілін, өз бетінше ізденуге,
өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Кеспе әріптер, буындар.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру ( Психологиялық дайындық)
Бәріміз тұрайық,
Күннен жылу алайық.
Алтын күн, жарқын күн.
Шуағыңды төге бер.
Арайыңнан нәр алып,
Біз бақытты балдырған.
Қызығушылықты ояту.
а. Өткен әріптерді еске түсіру.
Ойын « Доп лақтыру»
ә. Сөздер ойлау, буынға бөлу.
Жаңа сабақ.
Сабақты мынадай әңгімемен бастаймыз. « Уәли, Уахит, Сауатбек үшеуі орманға бүлдірген теруге барды. Уәли бүлдіргеннің қызығына түсіп, достарынан бөлініп қалады. Оны Уахит пен Сауатбек іздей бастайды. Орманда адасып қалғандар бір-бірін қалай шақырады?»
-«А-у-у-у!»
Оқушылар айтқаннан кейін ,жаңа дыбыстың таңбасын көрсетеміз. Ауызша Уу дыбысын қатыстырып, кеспе әріптердің көмегімен бірнеше буындар құрастыру.
(ау, сау, қу, су, ау, т.б)
Топтастыру стратегиясы.
СУ
\
АУ ----- У ----- САУ
\
ҚУ
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтың 32-бетіндегі паравозға байланысты әңгіме құрастыру. Буындарды оқыту.
У- ру- лу- шу- су- ау.
Буындарға бөліп оқыту. ( а-лу, а-ру, са-лу, ша-шусу-ла)
Сергіту сәті.
Жел улейді: у-у,
Құйын келіп билейді: зу-зу,
Қатты-қатты жел соқты: гу-гу,
Жапырақтар қол соқты: ду-ду.
Дәптермен жұмыс.
а. Уу дыбысын ауада жазып көрсету.
ә. Дәптерге жазу. ( партада дұрыс отыру.)
Ой толғаныс
Оқулықтағы «Аралау» мәтінін оқыту.
Сызбаға сөздерді қосып, бірге оқу.
Оқулықтың астындағы сөздерді оқып, дауысты ,дауыссыздарды ажырату. .Уу дыбысының қай буындарда келетінін айтқызу.
Сөздік диктант.
Ау, сау, алу, шашу, ару, қалу.
Сабақты қорытындылау.
Әліппе.
1 сынып.
№ 28 Сабақ Күні_______
Сабақтың тақырыбы: Уу дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты. Білімділігі: Сабақ барысында оқушының ойлау қабілетін арттыру.
Дамытушылығы: Сөздік қорын, тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, әріптер.
Түрі. Қайталау.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, қайталау.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. ( Психологиялық дайындық)
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік адалдық.
Әрбір ісің ? Тірлік, тірек, адамдық.
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісіміхге мұқият болайық.
Өткенді қайталау.
« Ағаш аралау.» тақырыбы туралы оқушылардан сурау.
Тақырып ішіндегі сөздерді буынға бөлгізу.
Жаңа сабақ.
Уу дыбысы мен әрпін бекіту.
Дауысты дыбыстарға байланысты ережелерді оқушылардан сұрау.
Отан ,ана,Астана сөздерін талдату.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген шардағы сөздерді оқу. (ар ,са,ау, аш, уа, оу, шу, ру. )
Ол-сазан. Ол –шортан. Бұл сөйлемдерде екі сөз бар. Олар-Ол ,сазан, ол шортан.
Буынға бөлу. Са-зан, шор-тан. Буындарды дыбысқа талдау.
Сазан – 5 дыбыс,5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз.
Шортан- 6 дыбыс,6 әріп, 2 дауысты, 4 дауыссыз.
Оқулықтағы «Ау салу» тақырыбын әңгімелеу.Шора, ау ал. Орал, ау сал. Олар сазан, шортан аулады. Осы тақырыпты ары қарай жалғастыру.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердің 30- бетіндегі у әрпін жазу. У у дыбысының бас әрпін әдемілеп жазу,
Сергіту сәті.
Шеп,шеп шөжелерім.
Шеп, шеп ,шеп-шеп, шөжелерім,
Ақ тауықтай боларсыңдар,
Әлі-ақ өсіп толарсыңдар,
Ай ,менің шөжелерім,
Ай ,менің шөжелерім.
Ойын « Кім жылдам?»
Жылдам әрі тез жауап беру керек.
Кестедегі барлық құстардың саны қанша?
Суретте құстар көп пе,әлде жануарлар көп пе?
Мына жануарды қалай атаймыз?
Үшінші бағандағылардың бәрі ұша ала ма?
Суретте үй құстары көп пе, дала құстары көп пе?
Бұл ойын оқушыларды қырағылыққа шапшаңдыққа баулиды.
Оқулықтағы сызба ішіндегі сөздерді оқу. Дыбыстық талдау жасату.
(ау, аула, аулау.)
Сөздік диктант. Сазан, шортан, ау, аула, Орал.
Сабақты қорыту.
Әліппе.
1 сынып.
№ 29 Сабақ. Күні________
Сабақтың тақырыбы: Ы ы дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты.
Білімділігі: Ы ы дыбысы мен әрпін таныту, сөйлеу мәнерін
меңгерту.
Дамытушылығы: Сөздік қорларын, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Отанын ,жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, баспа және жазба әріптер.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. ( Психологиялық дайындық)
Бәріміз тұрайық.
Күннен жылу алайық,
Алтын күн, жарқын күн,
Шуағыңды төге бер,
Арайыңнан нәр алған,
Біз бақытты балдырған.
Өткен сабақты еске түсіру.
У у дыбысы мен әрпі туралы сұрау.
Жаңа сабақ.
Сабақты мынадай жұмбақтан бастаймыз.
Кесе, шыны, пиала.
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз? ( Ыдыс)
Ыдыс сөзін бірнеше рет қайталап, созып айтамыз. ( Ы-ы-ы-ды-ы-ы-с)
Жаңа әріптің таңбасын көрсету. Дауысты дыбыс екенін айту. Кеспе әріптерден буындар құрастыру. ( ыл, ыс, ыр, ыс, ыш, )
Ережені еске түсіру.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтың 34- бетіндегі көрсетілген суреттердің бірінші буындарын оқып, суреттердің атауын атау.
Суреттерін көрсету.
Шы –бын сы-пыр-ғыш қар-лы-ғаш си-ыр
Оқулықтағы суретпен жұмыс.
Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар ?
Оларға ат қойыңдаршы.
Олар не істеп жатыр?
Олардың қолдарынан не көріп тұрсыңдар?
Мәтінді мәнерлеп , дауыстап оқыту.
Сушылар.
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей ,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей ,
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ.
Жаттығу ,оңай –ақ.
Дәптермен жұмыс.
Жазу дәптерінің бетіндегі Ы әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру., оларды дәптерге әдемілеп жазғызу. Ыы дыбысын ауада жазғызу.
Талдау жұмысы.
Сиыр, бұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Бұрғы сөзінің не екенін түсіндіріп кету.
Сиыр -4 дыбыс, 4 әріп, 2 дауысты , 2 дауыссыз.
Бұрғы – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз.
Ойын « Буынды оқып, сөз құра»
Кеспе карточкаға бір заттың алғашқы буынын жазып, жалғасын табуды оқушыларға тапсырамын. Тапсырманы тез орындаған бала мадақталады.
Оқулықтағы соңғы сөздерді оқыту, ы, у дыбыстарының орнын сұрап, сабақты қортындылау.
Су, суар, суару, сушы, сушылар.
Әліппе
1 сынып
№ 30 Сабақ Күні:______
Сабақтың тақырыбы: Ы ыдыбысы мен әрпі .
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.Суреттеп,
әңгімелеуге баулу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін , сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелігі: Тазалықты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі. суреттер,баспа әріптер.
Түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері: қайталау, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
1,2,3,
Бойға жинап күш.
Әліппені бастаймыз.
Білімнен біз қашпаймыз.
Өткен әріпті қайталау. Сұрақ –жауап арқылы сабақты қайталап өту.
Ы ы дыбысы мен әрпінің екінші сағатын өту.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтың 35- бетіндегі баған түрінде берілген сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру.
ыс сырла шулы Сара Асыл
сыр шырша сулы Шара Арыс
Осы сөздерді оқытып, буынға бөлгізу.
Шырша сөзіне дыбыстық , буындық талдау жасау.
Шыр- ша -5 дыбыс. 5 әріп, 2 буынды сөз.
Суретпен жұмыс.
Тақтаға үш түрлі суретті іліп, оның түсін сұрап , түстерді ажырату.
Сары сыр, қызыл сыр, көк сыр.
Оқулықтағы сөздерді оқыту.
Кесте ішіне қызыл не көк сыр деп айтады.
Сергіту сәті
Аппақ болып таң атып
Түтін тіке шығады
Қарлығаштар қанатын
Самғап биік ұшады.
Дәптермен жұмыс.
Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды қолды еркін қойып, әдемілеп жазғызу.
Оқулықтағы Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
Алыс,ару, шулы, аула, су, сула, сыр, ауыл, шырша.
Шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың өздері білетін кісі аттарын ататып, жазуға мүмкіндік беру.
Сабақты қорыту.
Әліппе
1 сынып
№ 31 Сабақ Күні:______
Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды Д д дыбысының таңбасымен таныстыру. Дыбыстық
талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін ,тілін дамыту. Сөздік қорларын
дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліг:. суреттер,
Түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы.
1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
Осы біз қандаймыз.
Талабы биік таудаймыз.
Ақылдымыз, парасаттымыз,
Көңілдіміз!
Үлкенге ізеттіміз!
Кішіге қамқормыз.
Көп оқимыз.
Өнерліміз.
Жанып тұрған шырақпыз!
Елімізді өркендететін,
Бабаларға тағзым ететін,
Біз қазақ елінің болашағымыз!
Өткен сабақты қайталау.
Ы ы дыбысы туралы оқушылардан сұрау.
Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты мынадай жұмбақ шешуден бастаймыз.
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң , ұшып жоғары.
Жерге түсер домалап. Ол не? ( Доп)
Оқушыларға жұмбақтың шешуін қайта- қайта айтқызып, жаттықтыру. Д д дыбысының орнын анықтату.
Дауыссыз дыбыстарға байланысты ережені қайталау.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтың 36- бетіндегі суретпен жұмыс жасау. Алғашқы екі дыбысты біріктіре отырып оқыту арқылы , толық сөздерді табуға үйрету, ( дауылпаз, домбыра, дуадақ)
Дәптермен жұмыс.
Д әрпінің кіші жазба түрінің бөліктерін дәптерге жазғызу. Д әрпі мен дос сөзін көркем етіп, көшіріп жазу.
Сергіту сәті.
Д, ду,ду! Дүк-дүк!
Поезд келеді,
Ду,ду, ду! Дүк-дүк!
Бәрі жол береді.
Ду,ду,ду! Дүк-дүк!
Жүгіріп өтпе,
Ду,ду,ду! Дүк-дүк!
Тұра тұршы шетте.
Ду,ду,ду! Дүк-дүк!
Поезды өткіз. Қол бұлғап қалайық-
Жол болсын! –деп біз.
Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізу.
« Дос» тақырыбы туралы әңгіме құрастыру. Мәтінмен жұмыс жүргізу. Мәтіндегі Асыл сөзі неге бас әріппен жазылғанын түсіндіріп кету. Оқушылардың өздерінен сұрау.
Мәтіннің астындағы сөздерді оқыту. Лоарға дыбыстық ,буындық талдау жасату.
Шо-ра, Ша-ра, А-рыс, А- сыл, Са-ра, Са-дыр, О- раш, Ы –рыс.
Ойын. « Қай буынды жоғалттым?»
Буындарды өтіп, сөздерді дұрыс бөлуге төсілдіру үшінберілген ойын.
Достарыңызбен бөлісу: |