Сабақтың тақырыбы : «Менің көп білгім келеді»



Дата09.06.2018
өлшемі16,23 Kb.
#42216
түріСабақ
Пәні: қазақ тілі Пән мұғалімі: Сейсембаева Гүлжазира

Сабақтың тақырыбы: «Менің көп білгім келеді»(зияткерлік сабақ)

Сабақтың мақсаты:Баланың әдеби тілде дұрыс сөйлей білуін қадағалай отырып,өзінің ана тіліне деген көзқарасын жақсы жағынан қалыптастыру, қазақ тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: 1.Оқушының ойын, тіл байлығын дамытады.

2 .Білімділікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулиды.

3.Сөйлеу мәнерін қалыптастырады, сөз байлығын арттырады. Көрнекілігі: таблицалар, кеспелер, қанатты сөздер,интертақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру Мұғалімнің кіріспесі: Бүгін біз оқушылар арасында білім сайысын оқушының білімділігін, тапқырлығын, ізденімпаздығын саралау мақсатында өткізгелі отырмыз. «Менің көп білгім келеді» тақырыбындағы сабағымызда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болатын» оқушыны анықтаймыз. Мақал-мәтелдер—ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, терең мағыналылығымен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.Онда кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық халық даналығы көрініс тапқан . «Көре-көре көсем,сөйлей-сөйлей шешен боларсың» демекші,бүгінгі сабағымыз тапқырлықпен бірге шешендікті де талап етеді. Сонымен, сабағымызды бастаймыз, алдымен, жоспар мен сайыс шарттарын түсіндіріп өтейін. Әр оқушының қалай қатысқанын бағалап отыратын қазылар алқасын таныстырып өтейін.Әр дұрыс жауап бес балдық жүйемен бағаланады. Бірінші кім бастайтынын білу үшін қоржыннан әркім өз номерін алады.



1.ТАНЫСТЫРУ.

2. «КІМ ЖЫЛДАМ?»(1минутта неше сөз жазады?)

3. Сұрақтарға жауап.

4.Аңғарымпаздық-түстер-піл

5.ТАПҚЫРЛЫҚ(әркім өзі таңдаған дыбысымен сұраққа жауап береді).

6.МАҚАЛДАП АЙТҚАНДА...(сұрақтарға жауап) 7. «КІМ ТАПҚЫР?»(жұмбақ)

8.ЖОРҒА(Мақал сыңарын табу)

9.Видео(өз ой-көзқарасын білдіру-мақсатына жету)

Сонымен сайысымызды бастаймыз.1.Әр оқушы өзін таныстырып өтеді. Өздерінің алға қойған мақсаттарын,ұнататын пәндері т.б. туралы айтып өтеді. 2. Қатысушыларға 1минут уақыт беріледі, ҚАЗАҚСТАН сөзіне көп сөз құрастыру. 3.Бұл бөлімде интертақтадан шыққан сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауап қана бағаланады.

4.Тақтадағы сөзді оқу.

Есте сақтау-піл туралы мағлұмат.

5.Мұғалімнің оқыған сұрақтарына қолындағы дыбыстан басталатын сөзбен жауап беру.

6. Қазақ халқы әзіл-қалжыңды ұнатқан. Телеарналардан көрсетілетін «Нысана», «Бауыржан шоу», «Шаншар» сияқты әзіл-сықақ театрларының қазақша КВН қойылымдарын қызыға тамашалаймыз. Онда мақалдарды қазіргі заманға қарай өзгертіп те қолданады.Келесі бөлімде сұрақтарға мақалдап жауап беруіміз керек.



7.Бұл бөлімде оқушы жұмбақтар шешеді. Интертақтадағы жұмбақты оқып, жауабын табады. Дұрыс жауап бағаланады. Мысалы, «Ұзын мұртты сарылар,Қойынында наны бар»(бидай сабағы) «Тау басына шөп шықты, шөп шыққанда көп шықты»(бас пен шаш), «Тікірейіп құлағы,Менен бұрын тұрады .Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады» (мысық) «Халық қу деп,қылған күлкі.Айласы көп,бұл не?»(түлкі), «Бір қалаштың ішінде екі түрлі су бар»(жұмыртқа), «Баласын ертіп соңына , Сүңгіп, жүзіп үйретті,Су жұқпайтын тонына кім біледі...»(үйректі)

Жеті бөлімнен соң жоғары бал жинаған 3 оқушы қалдырылып, басқаларын «ойыннан жеңілсең де өмірден жеңілме» деп, орындарына шығарып саламыз. 8.Сараптау қорытындысы бойынша жоғары бал жинаған екі оқушы кезектесіп мақал сыңарын табады. Жаңылыспай, дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз атанады. 9.Видеороликке өз көзқарасын білдіру. Сабақты қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына сөз беріледі.«Жүзден жүйрік» атанған оқушы анықталып, марапатталады.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет