Сабақтың тақырыбы : Нан тағамдары Сабақтың мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі22,94 Kb.
#42353
түріСабақ
Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Нан тағамдары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Нанның адам өміріндегі ең қасиетті ас екендігін, оның дастарханға зор еңбекпен келетіндігі туралы түсінік беру.

Нанның маңызын ұғындыру.



Дамытушылық: ой өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың адам еңбегін бағалай білуге, нанды шашпай, ысырап етпеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілі: СТО, сұрақ-жауап, ОЖЕС, АКТ-ны пайдалану, топпен жұмыс

Көрнекілігі: кесте, бағалау парағы



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  2. Психологиялық дайындық. «Көңіл-күй жаттығуы»


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар. Қазақша ет. Мазмұндау.

Диалог айту. 74бет, 3-тапсырма.
ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

Септеулік шылауларды кестеге дұрыс орналастырыңдар. Мысал келтіріңдер.

Туралы, арқылы,үшін, дейін, шейін, кейін, соң, бірге, қатар, сайын.

Атау с.

Барыс с.

Шығыс с.

Көмектес с.














ІV. Жаңа сабаққа дайындық.

«Ой шақыру» 1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары неше түрге бөлінеді?

(Ет, нан, сүт тағамдары)

2. Жұмбақта қандай тағам туралы айтылған?

Күрең қызыл түсі бар, тағамдардың асылы.

Қуат берер күші бар.

(Таба нан)
V. Жаңа сабақ.

Яғни, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Нан тағамдары»



  1. Нан туралы ой. Топпен жұмыс.

1-топ. Нанның дастарханға келуі.

2-топ. «Ас атасы – нан» дегенді қалай түсінеміз?

Әр топтың оқушылары өз ойларын ортаға салады.


  1. Слайдпен жұмыс. «Нан тағамдары»

  1. Таба нан

  2. Қаттама нан

  3. Жұқпа нан

  4. Бауырсақ

  5. Жеті шелпек

  6. Күлше нан

  1. Оқулықпен жұмыс.

Бауырсақ 75-бет, 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, негізгі бөліктерге бөліп ат қойыңдар. Бауырсақты дайындау үшін не керек екенін айтып беріңдер.

  1. Нан туралы ырымдар мен мақал-мәтелдерді тыңдаймыз, дәптерге жазып, есте сақтаймыз.

  1. Дастарханға бірінші нанды алып келеді.

  2. Нанды бір қолмен үзуге болмайды, ол кесір болады.

  3. Нанды аяқ астына тастама.

  4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолмен анықтамаңыз, бұл тазалыққа, мәдениеттілікке жатпайды.

Мақал-мәтелдер:

  1. Нан бар жерде – ән бар.

  2. Дәнді шашпа, нанды баспа.

  3. Нан - адам баласының басты байлығы .

  4. Нан – астың асылы, ана – адамның асылы



VІ. Білімдерін бекіту. Инсерт кестесін құру.


Білемін

Мен үшін жаңалық

Басқаша ойлаймын

Білуім керек


VІІ. Қорытындылау.

Білімдерін бағалау


VІІІ. Үй тапсырмасы. 2-тапсырма, 75-бет. Ырымдар мен тиымдарды есте сақтау.


Каталог: uploads -> doc -> 09ac
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09ac -> Сабақ түрі: жарыс түріндегі танымдық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет