Сабақтың тақырыбы : «Ою-өрнек жұмысы. Қазақтың ою-өрнек түрлері»



Дата25.08.2017
өлшемі135,61 Kb.
#26691
түріСабақ
Қалданова Жанар Алжанқызы,

«Арыстанбаб» колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»мамандығының арнайы пәндер оқытушысы

ОҚО, Сарыағаш ауданы

Сабақтың тақырыбы : «Ою-өрнек жұмысы. Қазақтың ою-өрнек түрлері»

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Білімгерлердің ой-өрісін дамытып, ынта-ықыласын нығайту, қазақ халқының өнерімен таныстыру.

Дамытушылық: Білімгерлерді шығармашылық жұмысқа тарту арқылы іскерліктерін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өздігінен еңбек етуге даярлау, халық тәрбиесі мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәрбие беру. Ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттырып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: Еңбекке баулу, Қазақстан тарихы.

Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша тапсырмалар, топпен жұмыс.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,слайдтар, плакаттар, буклеттер, нақыл сөздер, карточкалар.

Сабақтың кезеңдері:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Өткен сабақты пысықтау. 10 мин


  1. Кабинетте ең кемі кілем, кесте, киімдер тоқу үшін ілгек пышақтың әртүрінен қанша данадан болуы шарт?

А) 20 дана

Б) 25дана

В) 10дана


  1. Композиция латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

А) бөлшектеу, ұсақтау

Б) құрастыру, тәртіпке келтіру

В) жапсыру, біріктіру

3.Композициямен жұмыс барысында нені білуіміз керек?

А)Барлық ережелерді

Б)Пән туралы мәліметтерді

В)Құрал-жабдықтармен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін

4.Түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір-бірімен сәйкес үйлестіріп орналастыру әдісін қалай атаймыз?

А)Аппликациялау

Б)Формалау

В)Композициялау

5. Композицияның орналасуына байланысты нешеге бөлінеді?

А)3

Б)4


В)2

II Жаңа тақырып:

Жоспар :


  1. Ою-өрнек – қазақтың ұлттық өнері

  2. Қазақ ою-өрнегінің түрлері

Жұмбақ: Көлемі, пішіні, түр-түсіне,

Қарай бергің келеді!

Әр иректе, әртүрлі

Мән –мағына береді!

Өнері көп десекте,

Көп екен -ау өрмегі.



Ою – бір заттың бейнесін ойып, кесіп алып немесе екі затты оя кесіп, қиылыстырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіруді айтамыз.

Өрнек – әртүрлі ою, бедер, бейнені күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік әшекейлер.

Іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізетін адамды “оюшы” деп атайды.

Қазақтың алғашқы ою-өрнегі сонау Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан бастау алады.

Ою-өрнек – үй жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер XIXғ қазақ үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде дами бастады.

Қазақ халқының ою-өрнек өнері – байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең тараған түрі.

Қазақ ою-өрнегінің қазақ жерін мекендеген тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнегінің бірнеше түрлері бар:



  • Геометриялық ою-өрнек;

  • Космогониялық ою-өрнек;

  • Зооморфтық ою-өрнек;

  • Қару-жарақ оюлары;

  • Өсімдік сипатты ою-өрнек;

  • Тұрмыстық ою-өрнек.

Геометриялық өрнектер

Космогониялық ою




Өсімдік сипатты ою

Тұрмыстық оюлар



Қазақ халқы ою-өрнектердің түсіне де үлкен мән берген.



  • Көк түс –аспан, жасару, өмір, өсу;

  • Қызыл түс – оттың, күннің белгісі;

  • Қара түс – жердің түсі, берекенің белгісі;

  • Сары түс – ақыл, парасат, байлықтың белгісі;

  • Ақ түс – қуаныштың, бақыттың, тазалықтың белгісі;

  • Жасыл түс – жастықтың, көктемнің белгісі.

Қазақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген. Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданған. “Итқұйрық” аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Бұл өрнек “дұшпаның төмен болсын” деген ырыммен ер адамдардың шалбарының жырық балағына өрнектелген. “Аққу қанаты” өрнегі бақыттың, адалдықтың, сұлулықтың, тазалықтың белгісі, “қошқар мүйіз” – байлық пен молшылықтың белгісі, “ирек ”оюы –адамның өмір жолы, судың белгі дегеннен сыр шертеді.

ГЛОССАРИЙ

  • Геометриялық ою – үй жиһазының жиектерінде, бүйірлерінде, қапталдарында нақышталып, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, бұрыш, үшбұрыш сызық түрінде бедерленген жұмыс.

  • Космогониялық өрнек - дөңгелек, ирек, шимай, торкөз түрінде бедерленген жұмыс.

  • Зооморфты өрнек- жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері өрнектелген бейне.

  • Барельеф - жазықтық бетінде аз мөлшерде шығып тұратын жазық бейне.

  • Горельеф - жазықтық бетінен аз көлемінің жартысынан көп бөлігі шығып тұратын бейне.

Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер

Ою ойған сызу да сызады.

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өрнегі көптің өрмегі көп.

Ойсыздан оюшы шықпайды.

Оюды оя алмаған – ойланбаған.

Сабақты қорыту

Оюларды ажыратып, атап көрейік

Дамыта оқыту технологиясы бойынша



Не білесің?

Нені білдің?

Нені білгің келеді?










Бағалау

Үйге тапсырма

Қазақ халқының ою-өрнектерін қию
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет