Сабақтың тақырыбы : Парыз азаматтық арқауы Құндылық : ақиқат



Дата17.04.2017
өлшемі65,26 Kb.
#14005
түріСабақ
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ы.Ыбыраев ауылы, М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сарсекеева Жанна Мансуровна



Сынып -11

Сабақтың тақырыбы: Парыз – азаматтық арқауы

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: Ар, намыс, өзіне өзі есеп беру, жауапкершілік, отаншылдық

Сабақ мақсаты:Парыз-азаматтық арқауы екендігін түсіндіре отырып, Ақиқат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

1. Парыз, ар, намыс ұғымдары туралы білімдерін кеңейту;

2.Өзіне өзі есеп беріп, нағыз азамат болып қалыптасуына ықпал ету;

3.Отаншылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) оқулық, дәптер, музыка, А3 – үш топқа, фломастерлер, маркерлер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Тыныштық сәтінен алған әсерлер туралы пікір алмасу.






  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Оқулықтың 49 бетіндегі Т.Әбдірахманованың «Намыс» өлеңін оқып, талқылау






  1. Дәйексөз

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Халық мақалы

3.1. Дәйексөзді оқыту

3.2. Дәйексөздің мәнін ашу.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәптерге жазу.





  1. Азамат_дегенді_халық_қалай_түсінеді__М.Қозыбаев'>Әңгімелеу. Азамат дегенді халық қалай түсінеді?

М.Қозыбаев

Азамат- деп пенденің кәмелетік жасқа келіп, төлқұжатқа ие болған кезін атайтыны рас, ал іс жүзінде кең мағынадағы Азамат – әке-шешесінің ғана емес, ел баласы болып өскен, елінен ауа жүріп емес, халқымен бірге өмір кешкен, қиын-қыстау жерде замана түйнін шешкен парасатты жанды айтады.



Азамат деп – ата-ана, ел үмітін ақтаған, Отан сенімін бойтұмар қылып сақтаған, достың сырын шашпаған, зұлымдық жолын баспаған, сегіз қырлы бір сырлы, арлы жанда айтады.

Азамат деп – ата-анасының жанынан ұзап, ат жалын тартып мініп, қатарынан озып, биіктерге қол созып, мен боламын, тезірек өсіп толамын деген екпінді де қарымды талапты жасты айтады.

Азамат деп – қиын сәтте тәуекел қайығына қаймықпай мінетін, шаршап-шалдыққанға, қайғы басып қамықанға көмекке келіп, шапағатын аямаған ерен ерді айтады.

Азамат деп – ата-анасына, еліне, халқына адал, туысқанға бауырмал ізгі жанды айтады.

Азамат деп – қай істі болса да өнер деп білген, өнер жолын еңбек жолы деп сүйген, Отаны үшін жалынға шарпылып, отқа күйген ел перзентін айтады.

Азамат деп – ез болып отыра бермейтін, замана талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін батыл да батыр өр адамды айтады.

Азамат деп – қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп, сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тік тұрып, қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп, одан әрі өтетін қайран есіл ерді айтады.

Азамат деп – алды тар, арты жар күрес жолында өзі құласа да, тіккен туды құлатпаған, артын шулатпаған, тірісінде есімі аңызға айналған біртуар ұлды айтады.

Бір сөзбен айтсақ, қазақтың азамат туралы ұғымы ресми ұғымнан кең. Оның тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде жатыр, әлемдік рухани, гуманистік құндылықтарда оның қайнарлары бар.



Сұрақтар:

1. Мәтінде Азамат ұғымын қалай сипаттаған?

2. Неліктен Азамат туралы ұғым ресми ұғымнан кең?

3. Нағыз азаматқа тән қасиеттерді атап беріңдер?

4. Қазіргі заманда «нағыз азамат» деп кімдерді айтар едіңдер?





  1. Шығармашылық іс-әрекет. Топтық жұмыс.

Топқа бөлу.санау арқылы:
1 – топ эссе жазу - «Отан үшін отқа түс - күймейсің».

2 – топ постер құру «Парыз – намыс күзетшісі».

Әр топты тыңдау, қолдау, түсіну, пікір айту.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Адамдардың өмір-тіршілігі біреуге «қарыз», «парыз» болудан, оны қайтарып, қарызы мен парызын өтеуден тұрады екен.

Парыз – төлемді, өтемді талап етпейтін, бірақ әркімнің өзі біліп атқаратын қасиетті борышы болса, қарыз – қайтарылуы міндетті несие. Басқаша айтсақ, парызды ешкім сұратып бермейді де, сұрап алмайды оны әркім борышым деп өзі арқаланады, өзі біліп атқарады. Парыз міндеті – шартты, оның орындалу, орындалмауы тек адамның адамгершілігіне, абзал қасиеттеріне байланысты.








  1. Топпен ән айту.

Көктудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.

Көктудың желбірегені -
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
жан-жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені -
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені –
бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
көзінің мөлдірегені.




  1. Үй тапсырмасы.

№12- сабақ бойынша ұят, ар, намыс туралы өзің ұнатқан даналардан екі даналық ой және өзің ойдан құрастырған бір даналық ой жазу.

№ 13-сабақ бойынша Абайдың «Ойға түстім, толғандым» өлеңін оқу, оқулықтың 65-66 беттері.






  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка ойнап тұрады.

Енді көзімізді жұмып, сабақ бойы естігендерімізді ойша қорытуға тырысайық.

Әрбір пенде көзінің тірісінде ақтауға міндетті парыздың түрлері көп. Жаратушы ие алдындағы пенделік парыз, Отан алдындағы – азаматтық парыз, Ата-ана алдындағы – перзенттік парыз, Ұстаз алдындағы - шәкірттік парыз. Құрметті де орындалуы ауыры - ана алдындағы парызы. Олай болса өмірде өз парыздарыңды абыроймен атқарып, ар-ұждандарың биік болсын. Сонда ғана сендер нағыз Азамат деген атқа ие боласыңдар.

Осы айтылғандарды жүрек түбіне салып, үнемі есте ұстайық.

Сабақ аяқталды, сал болыңдар.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет