Қ АЙЫРЛЫ КҮН БІЛІМ АЛУШЫ!
Сыныптан тыс жұмыс технологиясы бойынша оқу практикасы
ББ-П-18
29.09.2020
Сабақтың тақырыбы : Сыныптан тыс жұмыс технологиясы бойынша оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.
Құрметті білім алушы! Төменде ұсынылған сілтеме арқылы өтіп, лекция материалын дәперіңізге конспектілеп алыңыз.
Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл – қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев
Сыныптан тыс жұмыс дегеніміз сабақтан тыс уақытта,арнайы пәндік мазмұны болмайтын, дәстүрден тыс жұмыс түрі. Ол мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде жиналыс, сынып сағаты, салтанаты кеш,саяхат,серуен, шығармашылық кеш т.б. түрде өткізіледі.Ол жұмысты бастауыш сыныпта сынып жетекшісі басқарып отрады.Осы жұмыстардың қалай ұйымдастырылғанынан мұғалімнің шеберлігін байқауға болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны .
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу- тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың басты мақсаты ұжымдық қарым қатынасты нығайту. Балалардың бір бірімен тіл табыса аллы, өзін өзі басқаруы да басты мақсаты мен міндеті болады. Ол тәрбие берудің бір құралы десек те болады. Ұлтық құнды- лықтарды сақтау, мәдени мұраларды құрметтеу,үлкен мен кішіні сыйлау,кітап сүйгіштікке баулу т.б. осының барлығы сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезінде жүзеге осады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері .
Олар: оқу-саяхат, топ-серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлік ойындар, диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, т.б. жатады. Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету.
Сынып оқушылары өз жұмыстары жөнінде балалар жасампаздығының көрмесі, көркемөнерпаздар, көрініс, спорттық сайыстар, байқаулар, конкурстар арқылы ата- аналар мен еңбек ұжымдары аллодында есеп береді. Мектеп жасындағы балалар арасында аға ұрпақ өкілдерімен кездесу кең өріс аллоды. Ұлы Отан соғысы ардагерлері, еңбек екпінділері, конструкторлар, өнер тапқыштар, ғалымдар, өнер шеберлері, халық депутаттары балаларға қонаққа келеді. Мұндай кездесулерге балалар мұқият дайындалады. Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне экскурсиялар жатады
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар: сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек; олардың іс-әрекетінің мақсаты, жұмыс барсы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек; кез-келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек; мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек; жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.
Оқушылардың білім сапасын арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың пайдасы бар ма?
Үй жұмысын орындау жайлы нұсқаулық :
1.Құрметті менің студенттерім! тапсырмаларды мұқият барынша толық дер кезінде орындауға тырысамыз.Толық орындалған тапсырма сіздің материалды толық меңгергендігініздің нәтижесі және жақсы баға алуға деген мүмкіндік.
2.Берілген сұраққа жауап жазғанда интернеттен алған мәліметті көшіріп алып жібермеңіздер, сол тапқан мәліметті оқып, өңдеп, түсінгендеріңізді жазыңыздар.
3.Алдағы уақытта әр оқушы тапсырманы өзі бетімен орындағаны дұрыс. Басқалардың жазғаның көшіріп ,оның еңбегін өз қажетіне асыру уақытша нәрсе болып табылады. Осыны естен шығармаңыздар.
4.Орындаған тапсырма нұсқасын жібергенде мен жіберген лекция мазмұнын қоса жіберудің қажеті жоқ, лекция тек сіздерге оқуға ұсынылған материал.
5.Мүлдем орындамаған білім алушы «2» немесе «жоқ» белгісімен белгіленеді
6.Тапсырманы орындау жағдайында, Word –қа жіберу кезінде міндетті түрде топты және Аты-жөнінізді көрсетуініз қажет
Мысалы: ШТ-Ф-18 Жайшылық Камила
7.Тест тапсырмасын орындағанда тек жауап нұсқасын жіберіңіз
СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДАН КЕЛЕДІ ! МЕН СІЗГЕ СЕНЕМІН!
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
1 .тапсырма: • ҚР Білім және ғылым министрлігінің 15.04.2019 ж №145 шығыс хатымен таратылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері мазмұнымен танысу. Тірек білімдерді конспектілеп алу. https://engime.org/2019-jilfi-15-seuirdegi-145-bjrifi.html
2.тапсырма: Оқушылардың білім сапасын арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың пайдасы бар ма? Эссе
Достарыңызбен бөлісу: |