Сабақтың тақырыбы : «Түлкі мен қоян»


Ұйымдастырушы- ізденістік



бет13/35
Дата29.12.2021
өлшемі211,41 Kb.
#106215
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
ЕРТЕГ-ЛЕР Тех карталар

Ұйымдастырушы- ізденістік

- Олай болса, мен сендерге “Бауырсақ” ертегісін оқып берейін. Ерте, ерте, ертеде бір ата мен әже болыпты. Атасы: Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. Әжесі: - Неден пісірейін, ұн жоқ қой. Атасы: Қаптың түбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар. Әжесі қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де, суытып терезе алдына қояды. Бауырсақ домалап кетеді. Орман ішіне домалап келіп қоянға тап болады. Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын. Бауырсақ: - Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.

Атадан да қаштым,

Әжеден де қаштым,

Қоян сенен де қашып кетемін.

Қоян: Бауырсақ, сенің өлеңің жақсы, сен одан да менің тапсырмамды орында. Бауырсақ: Енді не істедім? Балалар, сендер маған көмектесіңдерші? “Қоянның тапсырмасы”

Тақтадағы құстарды атап беріңдерші?!. - Жақсы, жарайсыңдар балалар, қоянның тапсырмасын орындадық.

Бауырсақ домалап, қояннан қашып ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі. Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші, мен саған өлең айтып берейін. Қасқыр: Жоқ, өлеңіңнің керегі жоқ, одан да сен менің тапсырмамды орында.

Қасқырдың тапсырмасы:

Құстар туралы мақал-мәтел, тиым сөздер, тақпақ айтып беріңдерші? Тақпақтар: 1-ші бала: Ой балалар, балалар, Құстарда да ана бар, Құстарда да бала бар, Құс ұясын бұзбайық, Обалына қалмайық.

2-ші бала: Шыр-шыр еткен торғайды, Қорғамасаң болмайды. Кіп-кішкентай торғайлар, Ағаштарды қорғайды.

3-ші бала: Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды.

Мақал – мәтелдер:

1-ші бала: Құс жеткен жерге қонады.

2-ші бала: Қара құс басып жейді,

Сұңқар шұқып жейді.

3-ші бала: Қарлығаш көктем нышаны.

Тиым сөздер:

Құстың ұясын бұзба; Құстың жұмыртқасын жарма; ағашты сындырма.

- Жақсы, жарайсыңдар, қасқырдың да тапсырмасын орындап бердік.

Бауырсақ: - Рахмет балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап келеді. Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі. Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған одан да өлең айтып берейін. Аю: Менде қызық ойын бар,

Ал ықылас қойыңдар.

Қане тәртіп сақтайық,

Мен берген тапсырманы орындайық.

Аюдың тапсырмасы:

Дидактикалық ойын:

“Үй құстары мен дала құстарын ажырат”.

Жарайсыңдар балалар, мен тағы бір құтқарып қалдыңдар. Бауырсақ домалап келе жатып бір дыбысты естейді. Түлкі: Түлкішегім, құлыным, Сен ғой менің тілегім. Аңшы кімді қумаған, Жарылмасын жүрегің – деп түлкі баласын үйретіп жатыр екен. Түлкі: Амансың ба, бауырсақ. Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шұрайлы, мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін. Атадан да қаштым,

Әжеден де қаштым,

Сенен де қашып кетемін. Түлкі: Оңай құтыла алмассың, менің тапсырмамды орында.

Түлкінің тапсырмасы

Маған алтын балықтың суретін салып беріңдерші. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Сергіту сәті

Қарлығаш болып ұшайық, Торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ болып шоқиық. Қане қанат жазайық, Қарлығаш болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.



Балалар ертегіні зейін қоя отырып тыңдайды.


Қоян – заяц.


Балалардың жауабы

Қасқыр – волк.

Аю – медведь.

Түлкі – лиса.

Балалар сергіту жаттығуын қимылмен жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет