Сабақтың тақырыбы : «Түлкі мен қоян»



бет15/35
Дата29.12.2021
өлшемі211,41 Kb.
#106215
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
ЕРТЕГ-ЛЕР Тех карталар

Билингвалды құраушы: тауық – курица, балапан - цыпленок.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті.

Мотивация лық қозғаушылық

Психологиялық сәт:

Біз орманға барайық, Жан-жағымымызға қарайық. Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап, Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп, Қорықпаңдар балалар Орындарыңды табыңдар.


Ш

Шеңберге тұру арқылы балалар қимыл-қозғалыс арқылы ойынды ойнайды.



Ұйымдастырушы-ізденістік

Тәрбиеші: - Балалар, біздер қандай ертегілер білеміз? - Шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? Ғажайып сәт Күлдірген: - Сәламатсыздар ма, балалар! Мен сендерге өте қызықты ертегі беріп жібердім. Егер де менің жұмбақтарымның жауабын тапсаңдар, ертегіні тамашалайсыңдар. Кәне, жұмбақты мұқият тыңдайық. 1. Өзі айлакер өзі бір қу, Жүрген жері айқай да шу.

2. Сайқымазақ қулығы бар, Барған жерде ұрлығы бар.

Баяғы бір заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады.

Дауылдың қатты соққаны соншалық ағаштарды тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып ,

Жапырақтарды ұшырып әкетеді.

Аңдар қорыққанынан өз індеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше күн соғып, артынша тынышталыпты. Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті.

Дауыл олардың балапандарын ұшырып

әкетіпті. Жел тынышталғанда Тауық Әтешке

- Мен мұнда енді қала алмаспын.

Бізге басқа жерге қоныс аудару керек,-депті

Сөйтіп, олар жолда келе жатса алдарынан екі үйрек кездесіпті .

Сонда Үйрек Тауықтан:



  • Сіңлім! Кайда жол жүрмексіндер? – деп сұрайды.

  • - Біз енді бұл орманда қалуға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс

іздеуге бара жатырмыз, - деді.

бізде мұнда тұрғымыз келмейді, - дейді Үйректер Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты.

Сұрақ:


- Балалар, құстардың балапандарын мына дауыл алып кете беретін болса, бұларға не істеу керек?

Көп ұзамай оларға екі Тырна кезідесіпті.

Тырна: Барлықтарын қайда бара жатырсыңдар, - депті.

Сонда барлығы: бұл орманда тұру қауіпті,

сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз,-

депті.


Тырна: Ендеше бізді де ала қауіп төніп тұр,- депті.

Енді олар алтау болып, жаңа қоныс іздепті.

Сұрақ:

- Сонымен Тауық пен Әтешке нелер кездесіпті?



- Тауық, Әтеш, Тырна, Үйрек аңдар ма әлде

құстар ма?

- Құстардың қандай пайдасы бар?

Жолдан бұларға Қоян да ілесіпті

Кенет қайдан шыққан белгісіз алдарынан Түлкі шығыпты.

Ол қоныс аударушыларды көріп таңғалып, былай дейді:



  • Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар?

  • Барлығы: Біз мына орманда қалуға қорқамыз,

сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз- депті.

  • Біздің орманнан кетпеңдер! Мен жақсы жер білемін.

  • Сол жерді көрсетейін бе?

Онда тыныш және сендер онда рақат өмір сүресіндер! – дейді.

Сұрақ:


- Балалар, олар Түлкіге сенді ме?

Ең әуелі оған ешкім сенген жоқ. Бірақ Түлкі айтқан

жерді мақтап, алдағаны сонша,

ақырында бәрі сол жерді көруге көніп:



Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып:

- Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын,

ал сендер бір-бірден менің артымнан жүріндер,- деді.

Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды.

Ал оның артынан бірінші Тырна кірді, сосын Әтеш, тағы қалғандары.

Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам секіріп,

апаннан шығып кетті.

Қатты жүгіреттін Қоянға Түлкі жете алмады.

Бірақ аңқау құстарды жеп қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет