Тұмаудың алдын алу
Сабақтың тақырыбы: «Тұмаудың алдын алу»
Қатысушылар: 6 сынып оқушылары
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы туралы пайдалы кеңестер беру;
Сабақтың түрі: Әңгіме сабақ, диктант, сурет салу
Әрбір 2 сағат сайын мұрынның шырышты қабаттарын оксолин майымен майлаңыз.
Медициналық маска тағып жүріңіз. Әрбір 2 сағат сайын ауыстыру үшін әр адамда кем дегенде 3 маска болуы керек. Маскалардың күн сайын жуылып, екі жағынан үтіктеліп отыруын қадағалаңыз.
Оқу бөлмелерін және кабинеттерді кем дегенде 2 рет желдетіп отыруыңыз қажет.
Пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш, және де С витаминіне бай(орамжапырақ, қара қарақат, бүлдірген, лимон, апельсин, итмұрын, болгар бұршы)тағам өнімдерін пайдаланыңыз.
Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып, дәрігер шақыртыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |