Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
4.Компьютерлік суреттер (ортақ тақырып: «Сәулет»)
|
«№78 мектеп-гимназия»” КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Әлиасқар Айжан
|
Сынып: 3 «а», «ә»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
§14. Графикалық редактормен танысу, құрал-жабдықтары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар компьютерлік программалардың бірі-қарапайым графикалық редактормен танысады.
Көпшілік оқушылар Paint графикалық редакторының терезе элементтерінің, сурет салу құралдарының қызметін үйретеді.
Кейбір оқушылар Paint графикалық редакторының терезесінің сурет салу құралдарын практика барысында қолданады.
|
Бағалау критерийі
|
Paint графикалық редакторының терезе элементтерінің, сурет салу құралдарының қызметін үйретеді.
Paint графикалық редакторының терезесінің сурет салу құралдарын практика барысында қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Лексика мен терминология: графика-графика-graphics т.б
Диалог және жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер.
Графикалық редакторға қатысты тіркестер мен сөздермен танысу.
|
Құндылықтарға баулу
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздігін сақтау.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, ағылшын тілі
|
Алдыңғы білім
|
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен логикалық көпір құру. Дыбыстық ақпарат дегеніміз не? Дыбыстық әсерлер дегеніміз не?
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Білу
Сабақтың ортасы
Түсіну
Қолдану
Сергіту жаттығуы
Талдау
|
Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ыстық алақан» атты психологиялық тренинг өткізу. (Оқушылар алақандарын бір-біріне жақын ұстап, ыстық лебізін білдіреді. Мысалы, әдемісің, ақылдысың, т.б.)
Топқа бөлу. Қиылған суреттер арқылы оқушылар топтастырылады.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы сұрақтар беріледі /топтық жұмыс/.
Графика және графикалық бейнелер дегеніміз не?
Графикалық редактор дегеніміз не?
Paint редакторын қалай іске қосамыз?
Топтар бірін-бірі өзара бағалайды.
Екі топқа «Кластер құастыру» /топтық жұмыс/
І топ. Paint неліктен графикалық редактор болып есептеледі?
ІІ топ. Не үшін Paint-те сурет салу үшін терезенің ортасында тұрған ақ түсті төртбұрышты алаңды пайдаланамыз?
Топтар бірін-бірі «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Оқушылар дискідегі тапсырмаларды орындайды /жеке жұмыс/.
Оқушылар интерактивті тақтадағы бейнероликтен көз жаттығуларын қайталайды.
Суреттерді салыстыр. Айырмашылығы мен ұқсастығын дәптеріңе жаз/жұптық жұмыс/
Оқушылар бір – бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс жасайды.
|
Оқулық
(52-54-беттер)
Диск. 23-слайд
Ғаламтор
https://www.
youtube.com/
watch?v=
2g_Buoxzmc
Суреттер
|
Сабақтың соңы
Жинақтау
Бағалау
Кері байланыс
|
Оқушылар өздерін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.
«Досыма хат» әдісі арқылы /жеке жұмыс/
Қалай ойлайсың, уақыт өте келе қағазға сурет салу қажетсіз бола ма? Paint редакторы туралы шағын эссе жаз. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс «Блоб» ағашы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы сабақты қай деңгейде түсінгенін маркермен бояйды.
Үйге тапсырма: Оқулық (52-54-беттер)
§14. Графикалық редактормен танысу, құрал-жабдықтарыОқулықтағы «Үйде орындайық» тапсырмасын орындау.
|
|