Сабақтың тақырыбы: §14. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сабақтың мақсаты:
Сақтардың жауынгерлік ерліктері, Кирмен , Дариймен соғысы, Шырақтың өз елін қорғаудағы ерліктері туралы баяндай отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, әділдікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: суреттер, карта
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сақтар мекенжай салу үшін қандай жерлерді таңдаған?
Сақтардың шаруашылығы қандай жағдайларға бейімделген?
Шірік-Рабат қонысы тұрғындары немен айналысқан
Ертедегі темір өндіру туралы айтып бер.
Жаңа сабақтың жоспары:
Кир әскерінің басып кіруі
Геродоттың сипаттауынша, «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі».
Шырақтың ерлігі
Томирис патшайым б.з.б. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген.
Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы
Грек тарихшысы Аррираннан жеткен деректер
Сабақты бекіту:
Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?
Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?
Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §14.
«Шырақ ерлігі» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.
Б.з. І ғасырында өмір сүрген рим тарихшысы Помпей Трог Томирис пен Кир шайқасы туралы... /қосымша оқу/