Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары І тоқсан Сабақтың тақырыбы: 2-бөлім: Киім. Сән.Талғам. Әшекей бұйымдар
Сабақтың мақсаты: 5.1.5.1. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
5.4.1.1.Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын,емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
5.3.6.1. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзету және редакциялау
1-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар.
Мұндай әшекей -нақыштар жүн бұйымдарының (текемет, сырмақ, алаша, қоржын т.б.), киіз үйдің бау-басқұрларының, ат жабдықтарының (былғары тоқым, кежім, жабу), құрылыс-сәулет орындарының (есік, маңдайша, ұстын, жақтау, дуал және т.б.), киім-кешектердің, ыдыс-аяқтар мен жиһаздардың, қару-жарақтардыңт.б. өн бойында қолданылады. Қазақта әшекейленбеген зат, бұйым жоқ деуге болады, себебі қазақ қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы әшекейлерді өңдеп, түрлендіріп, жетілдіріп қолданып отырған. Кәсіби деңгейдегі шеберлер қазақ даласының әр өңірінде болған .
1.Әшекей деген не?
2.Әшекейлерді қайда қолданады?
3.Әшекейлерді бұйымдарға кімдер қолданып отырған?
4.Сенің отбасыңда халқымыздың әшекейлері қолданылған бұйымдар бар ма?
5.Құрбыларыңызға халқымыздың ою-өрнегімен әшекейленген киімін киюге байланысты қандай кеңес берер едіңіз? Ойыңды 2-3 сөйлеммен жаз.
2- тапсырма Оқулықтан 34 –бет 3- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңдар.
Ережені оқы: Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы: ауышша, сөшшең, қашша деп айтамызауызша, сөзшең, қашса деп жазамыз. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.
3- тапсырма Оқулықтан 34-бет 5-тапсырма Орфоэпиялық норма бойынша берілген сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңдар. Жоғарыдағы ережені басшылыққа алыңыз
Дескрипторы: Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді – 3 балл;
Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді – 3 балл;