«Ойна да ойлан»
«4-ке дейін тура және кері санау»
Сабақтың тақырыбы: «4- ке дейінгі сандарды тура және кері санау»
Сабақтың мақсаты: Балаларды тура және кері санауға үйрету, санамақ санауға үйрету.
Көрнекілігі: 1-ден 4 дейінгі сандар,
1,2,3,4, көбелек, 1,2,3,4 гүл
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, санау, үйрету.
Сабақтың барысы:
- Балалар бүгін аптаның нешінші, қай күні?
- Екінші.
- Қазақша екінші күнді «Сейсенбі» деп атаймыз. Солай ма, балалар!
- Иә.
- Бүгінгі матаматика сабағында 1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды одан әрі, тереңдете үйренеміз. Кәне барлығымыз 1,2,3,4 деп тура және кері санаймыз. Тақтаға қараңдаршы.
1,2,3,4 және 4,3,2,1
- Кәне, кім тура санай алады?
Рамазан: 1,2,3,4
- Кәне, кім кері санай алады?
Назгүл: 4,3,2,1.
-Өте жақсы.
Барлығымыз санамақ айтайық.
Бір дегенім- білеу,
Екі дегенім-егеу,
Үш дегенім-үскі,
Төрт дегенім төсек.
Тура және кері санауды бірнеше рет қайталау.
• Жеке-жеке сұрау
Сергіту сәті: 4 көбелек, 4 гүл, санату.
Қанат жаям жалма-жан
Талпынғандай ұшуға
Иіліп келіп, қол созам,
Аяғымның ұшына.
Достарыңызбен бөлісу: |