Сабақтың тақырыбы $4 Компьютерді басқару



Дата07.02.2022
өлшемі22,46 Kb.
#95834
түріСабақ
Байланысты:
Компьютерді басқару


Сабақ жоспары



3.1АКомпьютер және программалар

Мұғалімнің аты-жөні:




Күні:

Қатысқан оқушылар саны:




СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

$4 Компьютерді басқару

Осы сабақ арқылы жүзеге асатыноқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

  • енгізу(мысалы, тінтуірпернетақта) жәнешығаруқұрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату




Сабақтың мақсаттары

Бағалау критерийлері

  • компьютерге ақпаратты енгізу құрылғыларын атайды, олардың қолданысын айтып береді;

  • ақпаратты шығару құрылғыларын және олардыңқолданысынатайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминалогияларды қолдана отырып компьютердің енгізу, шығару құрылғыларын атап олардың қолданысынайтады.
Пәндік лексика жәнетерминалогия:

  • енгізу құралы, шығару құралы, камера, монитор, пернетақта, жүйелік блок, тінтуір.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Ақпаратты енгізу құрылғыларына … жатады.

  • Ақпаратты шығару құрылғыларына … жатады.

  • Пернетақта ... қажет, монитор .. қажет.

Құндылықтар

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдыққа, өмір бойы оқуға бағыттау.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу, орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары




Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардын компьютердің құрылғылары туралы түсінігі бар (монитор, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок)

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы



  1. Ұйымдастыру

Сабақтың басында мұғалім оқушыларға монитор, пернетақта, тінтуір, принтер бейнеленген кеспе қағазызын таратып екі топқа бөледі.
Топқа бөлініп болған соң талқылауға сұрақтар қояды:



  1. Мақсаттытұжырымдау

«Миға шабуыл»
(Сабақ тақырыбың анықтауға арналған іс- әрекеттер)

  • Не себепті дәл осылай бөліну қажет болды?

  • Бірінші топтағы құрылғылдардың негізгі қызметі қандай?

  • Екінші топтағы құрылғылардың негізгі қызметі қандай?

  • Сабақтын тақырыбы қандай болуы мүмкін?

  • Сабақтың мақсаты қандай?

  • Оқып үйренетін тақырып бойынша нені білгініз келеді?

Сабақтың тақырыбын және оқу мақсатың тақтаға жазып қою



Монитор, пернетақта, тінтуір, принтер бейнеленген кәртішкі (1қосымша)


Презентация (1-2 слайдтар)

Сабақтың ортасы


  1. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

Мұғалім топтағы суретке анықтамасын тұжырымдауға ұсыныс білдіреді.


Ақпаратты енгізу құрылғылары... үшін берілген,


Ақпаратты шығару құрылғылары ... үшін берілген


Мұғалім үсынылған анықтамаларды дұрыстап, дәптерге жазып алуға ұсыныс береді.


Топтық жұмыс
Топта талқылау арқылы (өздерінің қолдарында бар құрылғыларға) тағы қандай құрылғыларқосуға болатынын және не себепті осы құрылғыларды ұсынып отырғанынтүсіндірсін.
(Егерде оқушы қиналып отырса, мұғалім тақтадаң суреттер көрсете алады).
Мысалды оқушылар дәптерлеріне жазып алады.


Көрсетілім
Ноутбук бейнеленген сурет көрсетіп, ондағы енгізу және шығару құрылғыларын көрсетіп, атап беруін ұсынады.

Смартфон бейнеленген сурет көрсетіп, ондағы енгізу және шығару құрылғыларын көрсетіп, атап беруін ұсынады.


Мүмкін оқушылар смартфон арқылы қосымша енгізу және шығару құрылғыларын атай алатын болар (gps қабылдағышы, сенсорлыэкран...)


Көп дау тудырған және атқаратын қызметінтүсіндіріп бере алмаған құрылғылардыайқындаңыз.Мүмкіндігінше шынайы компьютер қолданып, құрылғыларды атап бере аласыз.




Қалыптастырушы бағалау .
Оқушылар мұғалім ұсынған кестені өзбетінше толтырады. Олар бос торға қажет енгізу және шығару құрылғыларын жазады. Көзбен шолушыларға ол құрылғылардың суреті болуы мүмкін, соның астына енгізу және шығару құрылғыларынжазып беру қажет.
Дескрипторлар:

Оқушылар кестені толтырып, жұмыстарымен алмасады, бір-бірін бағалау арқылы кері байланыс береді.

Презентация



Сабақтың соңы

Рефлексия
Сабақтың соңында рефлексия өткізіледі:

  • Қандай жаңа құрылғыларментаныстым

  • Қандай құрылғының атқаратын қызметін түсінбедім






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Топтық жүмыс атқарған кезде әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасайды.
Қалыптстырушы бағалау тапсырманың екі жағдайын қарастырады(кесте түрінде және сурет түрінде). Бірінші түрі күрделі болып келеді сондықтан қабілеті жоғары балдарға ұсынуға болады. Егерде екі түрінде қолданса мінсіз болар еді, себебі өзара бағалау кезінде бірнеше нұсқа қарастыруға болады. Білімді жетілдіруге көмектеседі.

Тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау, қалыптастырушы бағалау арқылы қарастырылды. Онда оқушылар еңгізу және шығару құрылғыларын жазып береді.

Оқушылармен көзге және қолға арналған жаттығулар өткізіңіз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет