Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5-бөлім. «Дені саудың – жаны сау»
Күні: 01.02.2019
|
Мектеп: Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Аимбетова Гүлмира
Сынып: 2 Б
Қатысқандар саны: 22
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
№ 77. Сөз құрамы. Түбір мен қосымша 67-71 жаттығу 29-30 бет
жұмыс дәптері 20-21 бет
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
2.2.4.1.Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.2.5.1. Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) және ақпаратты табу жолын анықтайды, берілген тақырып/сұ рақ бойынша ақпаратты іріктеп алу
2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату.
2.1.3.1.Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар жасай алады:
• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Түбір мен қосымшаны ажыратуды меңгереді
Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжайды
Тірек сөздерді қатыстырып әңгіме құрайды
Өз көзқарасын білдіре алады
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық және құрмет
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану: палуан туралы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Түбір, қосымша
|
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Түбір сөз дегенді қалай түсінесің? Мысал келтір
Қосымша дегеніміз не?
Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы неде?
|
Алдыңғы оқу
|
Жұрнақ пен жалғау туралы біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. «Жақсы тілек!».
Қызығушылығын ояту
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз.
Үй жұмысын тексеру: 19-беттегі 37-жаттығу.
|
|
Сабақтың ортасы
минут
|
Оқылым және айтылым
(Ұ) 67-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы
Жаттығумен жұмыс:
-Палуан қандай болуы керек?
-Қандай палуандарды білесің?
-Қажымұқан туралы басқа да ақпараттарды энциклопедиядан біліп ал
-Мәтіндегі қарамен берілген сөздерден жұрнақ пен жалғауды ажырат: әлемдік, қазақтың, саудагер, жалшы, шанамен
Бағалау: екі тілек, бір ұсыныс
Жазылым
(Т) 68-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз
Қажымұқан – қазақтың тұңғыш палуаны. Ол – дүниежүзінің бірнеше дүркін жүлдегері.
Жаттығумен жұмыс:
-Сөйлемдегі қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талда: қазақтың, палуаны, жүлдегері.
Бағалау: смайлик арқылы
Жазылым
(Ө) 69-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз
Палуан-ау, палуан,
Әдіскерсің алуан.
Жекпе-жекке шығасың,
Қайсың бұрын жығасың?
Жаттығумен жұмыс:
-Қарамен берілген сөзді сқз құрамына талда: әдіскерсің
-Палуан сөзіне бірнеше жалғау жалғап айт: палуандар, палуанға, палуанмен, палуанның
Бағалау: бағдаршам
Оқылым және айтылым
(Т) 70-жаттығу. Берілген әріптерден торкөзге азықтық дақылдар мен тәттілердің атауын құрап, оқы. Артық әріптерді келесі жаққа орналастырып, қандай сөз шыққанын айт.
өрікі – п
алма – а
қияр – л
қант – у
арпа – а
тары – н
Бағалау: бағдаршам арқылы
|
Оқулық
Ереже ,кесте
Кестелер
Суреттер топтамасы
|
Сергіту сәті
2 минут
|
(Т) «Қара жәшік» стратегиясы
Ойын шарты: Үстел үстіне екі жәшік қойып ,ішіне тарақ,кітап,қалам,алма, бор, дәптер, кітап,өшірігіш салады. Ойыншы бір затты алып,сипаттайды. Қарсы топ жасырып отырған затты табады.
|
Жәшік
Ойынға қажетті заттар
|
Аяқталуы
10 минут
|
Айтылым
(Ж) 71-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап
Ойынды бұзсаң, күш қылып
Тоқтатады ысқырып (төреші)
Бағалау: смайликтер
Жұмыс дәптері:
Шығармашылық тапсырма. Ребусты шеш
Хоккей.
Өз жұмысыңды бағала
1-«Сауатты жазу»,2- «Көркем жазу» , 3-«Шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен бояйды.
|
Оқулық
Дәптермен жұмыс
Смайлик
Түрлі түсті қарындаштар
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Үйге тапсырма: Ережені жаттау Хоккей туралы ізденіп келу
«Білім қоржыны» рефлексия
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
|
Саралау тапсырмалары ретінде жұмыс дәптеріндегі шығ.тапсырманы орындатамын.
|
Бағдаршам, бірін-бірі тексеру, смайлик арқылы және мадақтау сөздері арқылы бағалаймын.
Жұмыс дәптеріндегі өз жұмысын бағалауда
1-«Сауатты жазу»,2- «Көркем жазу» , 3-«Шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектерін тиісті қарындаштармен бояйды.
|
Денешынықтыру пәнімен байланысты денсаулыққа пайдалы жаттығу жұмыстары туралы әңгімелейді.
|
Рефлексия
|
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1.
2.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|