Сабақтың тақырыбы: 92* 4 және 368: 4 түріндегі көбейту және бөлу



бет2/2
Дата24.05.2017
өлшемі282,63 Kb.
#16801
түріСабақ
1   2
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты: Өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау, білімдерін

кеңейту.


Сабақтың міндеттері:

  1. Толық ондыққа дейін толықтыру және 100 санын шығарып алудың жазбаша қосу, азайту тәсілдерін пысықтау.

  2. Өз бетімен жұмыс жасау, топтық бірлесіп түсіну, қолдану, анализ жасау арқылы ойлауды, бақылауды дамыту.

  3. Білім сапасын арттыру, білім, білік, дағдыны, белсенділікті қалыптастыру.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, парақшалар.

Сабақта қолданылатын әдістер: Топтық жұмыс. Бір айналым

сөйлесу. Үш өлшемді әдістемелік жүйе. БҮҮ.



Сабақтың түрі: Жинақтау сабағы

Сабақтың жүрісі:

І. Қызығушылықты ояту.

1) Үй тапсырмасын тексеру. №6 тапсырма

Кесте арқылы түсіндіреді. Себебін айтады.


42 + 58 * 42 + 18

Қосылғыш

42

42

Қосылғыш

58

18

Қосынды мәні








46 + 34 * 64 + 34

Қосылғыш

46

64

Қосылғыш

34

34

Қосынды мәні








51 - 31 * 51 - 21

Азайғыш

51

51

Азайтқыш

31

21

Айырма мәні









60 - 14 * 60 - 24

Азайғыш

60

60

Азайтқыш

14

24

Айырма мәні







  1. Егер бірінші қосылғыш өзгермей,екінші қосылғыш кемісе, онды қосындының мәні кемиді. Сондықтан бұл қосындыларды есептемей осылайша салыстыруға болады.

  2. Егер екінші қосылғыштары өзгермей, ал бірінші қосылғыштары артса, қосындының мәні артады.

Қорытынды: Егер қосылғыштардың бірі өзгерсе қосындының мәні де

өзгереді деген тұжырымға келуге болады деп ойлаймын.



  1. Егер азайғыш өзгермей, азайтқыш артса, айырманың мәні кемиді.

  2. Егер азайғыш өзгермей, азайтқыш кемісе, айырманың мәні артады.

Қорытынды: Азайғыш пен азайтқыштың өзгеруіне қарай айырманың

мәні өзгереді деп ойлаймын.



2) Математикалық диктант.

Интерактивті тақтада жазулы тұрады. Оқушылар тек жауабын жазады, кейін нәтижесін салыстырады, қателерді үстінен 1 рет сызып, жазады.



  • 60 пен 34 сандарының қосындысы неге тең?

  • 88 бен 44 сандарының айырмасын тап.

  • 50 санына 34 пен 4 сандарының айырмасын қос.

  • 35 санынан 12 мен 3 сандарының қосындысын кеміт.

  • 35 см –ге 3 дм 3 см-ді қос.

  • 60 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?

  • 70 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?

  • 100 саны шығу үшін 97-ге нешені қосу керек?

  • 90 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?

  • 85 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?

Ауызша жаттығу жұмыстарына 90 сабақтың №1 тапсырмасы

3) Бір айналым сөйлесу.

Әр топқа парақшалар беріледі. Оқушылар ауызша есептейді (100 көлеміндегі ауызша есептеу жағдайларын пайдаланады)



4) «Кім тапқыр?» ойыны.

90- сабақтың №8 тапсырмасын орындайды.



5) Қорытындылау. БҮҮ стратегиясы

Бірінші бөлімі толтырылады.



Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

1.Өрнектерді есептемей салыстыруды.

2.100 көлеміндегі сандарды ондықтан аттап қосу және азайту.

3.«Кім жылдам?» ойыны









ІІ. Мағынаны таныту.

Үш топқа бөлініп беріледі.

2 – т. Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексереді.

1 – топ.

90- 58 =32 25 + 58 =80 95см – 43см =52см



2- топ.

57 + 13 = 70 42 + 28 = 70 55см - 41см = 14см



3 – топ.

56 - 36 =20 100 – 65 =35 79 - 56 = 23


Оқушылар жауабын ауызша айтады. Нені білгендерін айтады. (Екі таңбалы сандарды толық ондықпен толықтырып және 100 санынан шығарып алуды қайталадық. Қосуды, азайтуды тексеру тәсілін білдік).
3 – т. Шығармашылық жұмыс.

Салыстыр. Не байқадың?

Алдымен оқулықтан берілген есептердің қысқаша шартын салыстырады. Бұлардың бір – біріне кері есеп екені анықталады. (Содан соң барлық есепте баланың саны бірдей екеніне көз жеткізеді. Ал сандық мәндері әртүрлі болуы мүмкіндігін ескертемін, 100 болуы үшін қандай да 3 сан қосындысын еске түсіреді).
Сергіту сәті Күннің, гүлдердің суреті.

5- т.Әр топқа бөлініп беріледі. Нәтижесін тақтада тексеру.

1 – топ 2 – топ 3- топ

4 + 57 * 57 – 4 55 + 45 * 45 + 55 80 – 20 * 80 – 23

13 + 8 * 8 + 15 77 – 14 * 87 – 14 24 – 8 * 20 – 8

95 – 65 * 90 – 65 80 + 2 * 20 + 8 80 – 55 * 86 - 55

6- т. «Кім жылдам?» ойыны (тақтада орындалады, оқушылар алдымен есеп құрастырады, шешуін тақтада көрсетеді)




Бағасы

Сенде болғаны...

Қалды




37 теңге

50 теңге

? теңге




54 теңге

100 теңге

? теңге




46 теңге

50 теңге

? теңге

7. Өзіндік жұмыс. Нұсқа бойынша бөлініп беріледі.

І нұсқа ІІ нұсқа

100 – (17 + 33) 78 – (14 + 28)

34 + 18 + 16 + 2 (77 + 14) – 67

(25 + 35) – 32 11 + 5 + 45 + 19


Үйге: №4 - тапсырма

Қорытынды: БҮҮ стратегиясы бойынша интерактивті тақтада көрсетеді. Үш өлшемді әдістемелік жүйе бойынша деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей:

Өрнектерді салыстыр.

43 + 20 * 20 + 43 56 – 6 * 76 – 70

8 м + 2 м * 9 м – 4 м 27 дм – 4 дм * 17 дм + 2 дм


2-деңгей. Өзіндік жұмыс дәптерінен алынады.

15, 16- тапсырмалар орындалады. (7-бет)


3-деңгей.

1) Теңдеулерді шеш:

y – 26 = 34 + 16 x + 38 = 9 + 5 +46

2) Болғаны – 59 теңге.

Берді – 21 теңге

Жұмсады - 38 теңге

Қалды - ? теңге

4-деңгей. Кері есеп құру.
Мониторинг арқылы оқушыларды бағалау.
Ибраева Лариса

27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



1 «В» сынып Математика

Сабақтың тақырыбы: Бекіту
Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін, санды

өрнектер, сандарды салыстыру, есеп шығару, оқушылардың

білім білік дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптастыру

деңгейін анықтау.



Ә) Дамытушылық: Оқушылардың ақыл- ой қабілетін, өз беттерінше жұмыс

істеуін, ізденушілігін дамыту.



Б) Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл – ой белсенділігін

арттыруға тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс,

«Үш өлшемді әдістемелік жүйе»




І- кезең: Үй тапсырмасын тексеру.
а) №2 тапсырма: 7+3=10 10-3=7

3+7=10 10-7=3


ә) Өткенді бекіту.

Ойын: «Үйрек – анаға балапандарын жинауға көмектес»

3+5+2 8-2+1 6+3+1

5-4-1 8-5+7 2+2+4

7-5+8 3+3+4
б) Сергіту сәті:

Жүрген бұл қос маңғаз

Біздің қаз, екі қаз

Бірі – ақ, бірі – сұр,

Көңілді екі қаз.
ІІ- кезең: Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс: №1- тапсырма

Өрнектерді пайдаланып, теңсіздіктер құрастыру:
5+4 6-3 3+2

9-5 4+3 2+4


Ойын «Сандар құрамын айт»

7 9 8 5 6 10

§ § § § § §

5 6 3 2 3 4
Сергіту сәті:

Кел, балалар, ойнайық!

Тектен текке тұрмайық

Жемістерді жинап ап

Жолдастарымызға сыйлайық!
2 –тапсырма:

Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыр:

а) Болғаны – 6 ә) Болғаны - 8

Келді – 3 Кетті - 2

Барлығы - ? Қалды - ?
Ойын «Телеграф»

Ойынның мақсаты: Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыру.
4 5 3

-2 +3 -3 +4 +4 -6

-5 +6 +5 +2 +5 -3


+1 -1 +2
Cергіту сәті:

Отырып-ақ орнымда

Айдын көлді кешемін

Сен білмесең, егерде

Былай ескек есемін
ІІІ – кезең: Деңгейлік тапсырмалар:
І – деңгей 5ұпай
10-5=5 10-2=8 10-1=9

10-8=2 10-9=1 10-7=3

10-6=4 10-4=6 10-3=7

ІІ деңгей 10ұпай
7 + 0 * 7 - 0 5 - 5 * 5 - 2

6 + 0 * 6 + 2 4 + 4 * 4 + 0

3 + 2 * 3 + 0 8 - 6 * 8 – 8
ІІІ деңгей 15 ұпай

1. Өрісте 10 қой жайылып жүр, 3 қойды қораға айдап кіргізді. Өрісте неше қой қалды?
2.  +  - 6 = 4


10
Даму мониторингі арқылы оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: №5 – тапсырма
Сабақты қорытындылау: Нені білдік?

Нені үйрендік?
Даулетова Тәрбие

27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



3 «г» сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Етістік туралы 2- сыныпта берілген білімді еске түсіру,

ол заттың әр алуан іс- әрекетін, қимыл процесін білдіретін

сөз табы екендігі, сұрақтарын, етістіктің зат

есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейту,

жаттығу.

Ә) Дамытушылық:Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып,

сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын

дамыту.

Б) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға,

Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Өткенді қайталау

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, топтастыру,

Венн диаграммасы, Тор стратегиясы, үш өлшемді

әдістемелік жүйе.

Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима- қағаздар, дидактикалық

материалдар.



Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. 1 - оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім

Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амадасып, сабағымызды бастайық.



Сәлемдесу: Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.

«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу – ауызша.





1.Сол жақтағы – 20. Зат есім дегеніміз не?

2.Ортадағы – 50. Зат есім түрлерін ата.

3.Оң жақтағы - 10. Кітап сөзін тәуелде.

4.Сол жақтағы – 30. Сөз таптарын айтып бер.

5.Оң жақтағы – 30. Жалқы есімге мысал айт.

6.Сол жақтағы – 10. Зат есімнің тәуелденуі не?

7.Ортадағы – 40. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса.

8Оң жақтағы – 20. Қазіргі жыл мезгіліне байланысты өлең оқы.

9Ортадағы – 60. Мақалдың жалғасын тап.

(Кітапсыз ____ ____,

Білімсіз ____ ____)

3.Жаңа сабақ.

1. Ойын: Үн қатпа !

Әр қатардан бір-бір оқушы шығып, үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді.

Бір оқушы тақтаға әр қимылды сөзбен жазып шығады.

Отырды жүрді шертті .

Тұрды . Айналды. Биледі.



  • Тақтадағы сөздер қай сөз табына жатады ?

  • Етістік.

2. – Етістік туралы білімдеріңізді ортаға салыңдар – ой қозғау әдісі.

3. – сызба бойынша жұмыс – экраннан көрсету.



4. Оқулықпен жұмыс.

А) 326 – жаттығуды ауызша орындайды; талдау.

- Етістіктерді атап, сұрақ қой.

- Осы өлеңнен көкейіңе не түйдің?

- Үлкенге көмектесу, әдепті болу.

5. Дәптермен жұмыс

А) Күн жадын жазу

Ә) Тақырыпты жазады

Б) 326 – жаттығуды жатқа жазу.

6. Сурет бойынша (экраннан көрсету) сөйлем құратып, оларды тақтаға жаздыру. Етістіктерді тапқызу, дәптерлеріне жаздыру. Оқушыларға 327 – жаттығуды орындағанын айтып, оқулықтағы жаттығумен салыстыру.

7. Көркем жазу. 328 – жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқып, өлеңді көшіртіп жаздыру. Әр қатардан бір- бір оқушы шығып бір жолдан жазып етістіктерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтқызу.

8. Сөздік жұмысы. Төскей- таудың беткейі, төсі.

9. Үйге тапсырма: 1) 330 - жаттығу

2) Шығармашылық жұмыс. 5 жол өлең құру.

10. Сабақты қорыту. А) Венн диаграммасы



Ә) Тор стратегиясы -3 оқушы толтырады.

?

Б) деңгейлік тапсырмалар:



І – деңгейлік тапсырма:

  1. Мына сөйлемнен зат есімді тауып, астын сыз.

Мұғалім Әселді мақтады.

2. Мына сөздерді сөз құрамына талда.

Балықшылар, балықтарға.

(Қорытындылау)



ІІ – деңгейлік тапсырма:

  1. Мәтін неше бөліктен тұрады? 329- жаттығу. “Мейірімді қыз”

  2. Осы мәтіннен етістіктерді тап.

(Қорытындылау)

ІІІ – деңгейлік тапсырма:

  • Мейірімді қыз” деп аталу себебін 1 сөзбен түсіндіріп жаз. Себебі...

  • Етістігі бар 2 сөйлем ойлап жаз.

(Қорытындылау)

В) Жақсы ұпай жинаған оқушыларды қол шапалақтап, мадақтау.

Г) Әр қатар бүгінгі күнге тілек тілеп жіберейік.

І – қатар: Жақсылық - орындарынан тұрады.

ІІ – қатар: Сәттілік

ІІІ – қатар: Денсаулық

Ғ) Бәріңізге көп- көп рахмет!

Сабақ аяқталды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет