Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері Қаңқаның құрылысымен қызметі



Дата19.02.2017
өлшемі68,56 Kb.
#10880
түріСабақ
Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі

Ильясова Анар
Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері Қаңқаның құрылысымен қызметі

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қаңқа бөлімдері олардың адам ағзасында атқаратын қызметінің зор екендігі жайлы түсіндіру

Білімділік:Оқушылардың білімділігін көтеру

Тәрбиелілік:денсаулықты сақтауға, зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу

Дамытушылық:ой қаблетін дамыту

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, плакат, склет,суреттер, жануарлардың қаңқасы

Саб түрі:аралас сабақ

Сабақтың байланысы: Экология, денсаулық журналы,

Саб әдісі:түсіндіру сұрақ жауап, СТО ст, деңгейлік тапсырмалар, сызықты диктант, жұмбақтар,сүйектерді сәйкестендіру

Саб барысы: Ұйымдастыру

Өткен сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ

Кеңістікте қозғала алу қабілеті –тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда екі . енжар және белсенді бөліктен тұратын тірек қимыл жүйесі атқарады.Қаңқа сүектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. Дене және аяқ –қол сүектері иінтірек болып табылады. Ол арқылы дененің кеңістіктегі қимыл-қозғалысы жүзеге асырылады.

Бас сүйек, кеуде қуысы, жамбас астауы маңызды мүшелерді: ми, жүрек, өкпе, асқазан, жыныс және т.б. мүшелерді қорғайды. Түтікті сүектің басы сүйектің қызыл кемігін, ал қуысы сүйектің сары кемігін қорғайды. Адам қаңқасы 200 ден астам сүектен тұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері және қаңқадағы белгілі бір орны болады.

Бас қаңқасы –бас сүйек екі:ми және бет бөлігінен тұрады. Ми бас сүйегінің сүектері –маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүектері өзара берік байланысқан. Олар миды қорғайды. Шүйде сүегінің үлкен тесігі бар. Бұл жерде ми мен жұлын жалғасады. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді. Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүектер -қозғалмайтын үстіңгі және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері құрайды. Жақ сүйектерінде тістер орналасқан. Бұл қаңқаның бірден –бір жалаң бөлігі болып табылады. Тіс түбірі жақ сүйегіндегі ұяда терең орналасқан, сондықтан олар берік бекиді.

Дене қаңқасы.Дене қаңқасына омыртқа жотасы мен кеуде қуысы жатады. Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстарып, жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады. Омыртқа жотасының жоғары бөлігі бас сүйекпен байланысады. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының, шамамен 40 пайызын құрайды.Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. Оны мойын(7ом), арқа(12ом), бел(5ом), сегізкөз(5ом), құйымшақ(4-5ом) бөлімдерінен тұрады. Омыртқа жотасы иілім түзеді, оның екеуінің дөңес жері-алға, ал екеуінікі артқа бағытталған. Иілімнің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және ол дененің тік бағытына және тік жүруге байланысты. Иілімдер еркін қозғалуды, тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқа жотасының қозғалғыштығы жақсы, оның қозғалуы үш ос айналасында жүзеге асырылады. Ол әрқайсысының денесі, омыртқа тесігін түзетін артқы доғасы бар омыртқалардан тұрады. Бірінің үстіне бірі орналасып омыртқа өзегін түзеді. Доғадан өсінділер таралады, оларға бұлшық еттер бекиді.

Кеуде қуысы. Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Адамда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқаларымен жалғасады, ал алдыңғы жағы төспен байланысады. Қабырғалардың қоз,алуы адамның тыныс қозғалыстарына қатысады. Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады. Жауырын-кеуде қуысының артқы жағында

орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек .Бұғананың бір ұшы төстің жоғары ұшымен, екінші ұшы жауырынмен қосылған.



Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы үш бөлімнен: тоқпан жілік, кәрі жілік, білек және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буынын түзіп , қолмен әр түрлі қимыл жасуға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің ішкі қуысы сүйек майына толы болады.Білек кәрі жілік және шынтақ сүйектерінен тұрады. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен білектің шынтақ буынында айналмалы қозғалыс жасайтындай болып байланысқан.

Аяқ қаңқасы(жамбас белдеуі) омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас сүйектері мен сегізкқз омыртқа бағанасын, яүни бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттер жалғасады. Жамбас белдеуі олар үшін тірек болып табылады және олардың қозғалуына қатысады. Жамбас белдеуі әшкі мүшелерді қорғайды және оларды ұстап тұрады.

Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жәләк, асықты жілік, шыбық сүйегі және майда 26сүйектен тұратын толарсақ(тілесек), табан және бақай сүйектері жатады. Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күмбез тәрізді пішінге ие болды

Сызықтық диктант (дұрыс жауапқа «+» қате жауапқа «-»)

1. Адам қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады 2. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар.

3. Бассүйек – мидан ғана тұрады. 4. Адамда 12 жұп қабырға болады

5. Омыртқа жотасы 35-36 омыртқадан тұрады. 6. Иық белдеуін екі жауырын, екі бұғана түзеді.

7. Тоқпан жілік аяқ қаңқасына жатады 8. Аяқ сүйегінің бірі - кәрі жілік

9. Мойын омыртқа саны – 7 10. Арқа омыртқа саны – 13.



Жұмбақтар:

Дәнекер ұлпадан тұратын орманы бар? Қозғалмайтын сүйектен жасалған қорғаны бар.

Ақыл-ойдың қорғаны Бұл қай сүйек болғаны. (бас)

Қазақша күресте бар әдісі, Халқымыздың қадірлі мүше асы.

Атқа отыруда кездеседі есімі, Аташы осы сүйекті... (жамбас)

Қақпақтай екен деп сипаттайды Ауа-райын кейде болжайды.



Пішіні үшбұрышты, өзі жалпақ Жауабын кім бар екен, мұның таппақ!? (жаурын)

Қызметтеріне байланысты сүйектерді сәйкестендіріңдер

1.Дене бөліктерін байланыстырып, жұлынның қорғаныш қазметін атқарады

2.Артқы жағынан арқа омыртқасымен, алдыңғы жағы төспен жалғасады 3. Сүйектегі майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қантамырлар өтеді . 4.Онда үшбұрыш сүйек жауырын бар қаңқа бөлімі 5.Кәрі жілік айналмалы қозғалыс жасайтын болып байлынсқан қаңқа бөлігі

Сандардың мәнін ашыңдар

200, 5, 12, 33-34,7,12, 26, 1,5 тонна



Бағалау:

Үйге тапсырма: Қаңқаның негізгі бөлімдері Қаңқаның құрылысымен қызыметі

кесте, сурет

«Манашы орта мектебі»ММ

Тақырыбы: Қаңқаның негізгі бөлімдері

Қаңқаның қызметі және маңызы



Дайындығын: Ильясова Анар

8 «Г» сынып

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет