Сабақтың тақырыбы: «Абай -дана, Абай- дара қазақта»


«Желсіз түнде жарық ай» әнін Шаймарданова Алуаның орындауында қабыл алыңыздар



бет5/6
Дата25.01.2022
өлшемі35,94 Kb.
#114597
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тәрбие сағаты сабақ жоспары Абай

«Желсіз түнде жарық ай» әнін Шаймарданова Алуаның орындауында қабыл алыңыздар.

Абай – ойшыл
- Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. 
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық.
(Үнтаспадан қара сөздер тыңдау)
Абай – аудармашы.
- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.

Ал енді оқушылардың орындауында Абайға арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар



  1. Айым

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?


  1. Акерке

Абай – ақын ер еді,

Абай дана, сері еді,

Абайдың рухын өлтірмей,

Асқақтатқан елі еді

Аспандақан жері еді.


  1. Ербол

Жұртына өлең қалдырған

Абай неге өледі?

Абай неге сөнеді?!

Ақын дауыл, сел еді,

Сақтайды ұл-қыз дарынды,

Халқының әдет-ғұрпын.

Біздердей ұрпақтарыңды

Жүрсінші қолдап рухың.



4 Дина

Ақын жаны кең еді,

Ойлағаны елі еді.

«Халқым, жұртым» дегенде

Талай шабыт кеп еді,

Дара ақын ер еді,

Жүрген жері төр еді.

Ақындар жырлап айтқандай

«Абай тіл иен көз» еді.

Абай жыры мәңгілік,

Жүрегім оны сезеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет