Сабақтың тақырыбы: «Абай -дана, Абай- дара қазақта»



бет6/6
Дата25.01.2022
өлшемі35,94 Kb.
#114597
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тәрбие сағаты сабақ жоспары Абай

5 Мадияр

Ары таза, иманы мол данышпан,

Заман үнін сезе білген алыстан.

Өлеңімен оятып әр сананы,

Өмір бойы надандықпен алысқан.

6 Асылжан

Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,

Танытты ол адамзаттың асыл затын.

Қырық бес қара сөзді жазып кетті,

Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.

7 Сайран

Аты өшпейді Абайдың мұным анық.

Ар-ожданын намысқа жанып алып,

«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,

Зередей әжесінен тәлім алып.

8 Даяна

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.

Оқысаң, ашылады ой тұманы.

Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

9 Еркебұлан

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?



Қорытынды

Ал енді қорытынды ретінде Абайдың жастайынан қандай кем еңгер ойы терең болғанын көру үшін келесі қойылымға кезек берейік.

Құнанбай- Бауыржанұлы Еркебұлан

Абай- Амангельдинов Ерасыл

Қ:кел балам отыр.өзіңе кезі келгенде айтпақ болып жүрген сөзім бар еді.

А:Құлағым сізде әке

Қ:Сенің бойыңда 3 үлкен мінің бар.

ең 1ші сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің,жайдақ су сияқтысың.Жайдақ суды ит те құста жалайды елге қадірің болмайды.

2 ші көріңгенмен жақын боласың,кісі талғамайтын кісінің жанына ел үйірілмейді.

3 шісі балам орысшылсың,орыстың дұшпандығын ұмытасың.

А:Әке қолында құралы бар бірен- саранға тиетін шыңдағы судан, қойшы-қолаңның қолы жететін жайдақ суды артық білем.

2 ші бұрынғы заман қой сияқты болатын,бір қойшы барлық қойды өзі бағатын,қазір түйе сияқты қасына тас тастап шөк десе шөгеді.Біздің заман жылқы сияқты мұны ақ қар көк мұзда етегін төсек қылып баға алатын жылқышы ғана баға алады.Еңбек сіңірген адам ғана басшы бола алады.

Орысшыл дейсіз әке өнер білімнен қашсақ ол надандық болар.Мен өнер білім үшін ғана орысшылмын.


Мұғалім сөзі

Абай – дара, Абай – кемел, озат та,


Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.

Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды,назарларыңызға рахмет.

Келісемін: Бекітемін:

Директордың тәрбие-ісі №3 жалпы орта білім беретін

жөніндегі орынбасары мектеп- кешенінің директоры

____________________ __________________________

Қ.З.Шиянова Н.Н.Ахметкалиев

« » сәуір 2015ж. « » сәуір 2015ж.




Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:



«Абай –дана, Абай- дара қазақта»

Күні:18.04.2015ж.

Уақыты: 17.05

Орны: 26 сынып бөлмесі



Сынып: 7 «А»

Сынып жетекшісі:Амирова Ш.С.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет