Бөлім:
|
2-бөлім: Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Әбутәліпова Жаңылхан Наурызбайқызы
|
Күні:
|
20.12.2021
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Заманауи индустрия: ұлттық өндіріс жетістіктері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білім алушылар мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдай алады. Сонымен қатар белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана біледі.
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|