Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект
|
Балалар XVII ғасырдың екінші жартысы-XVIII ғасырдың соңына дейінгі кезең тарихта Ағартушылық ғасыр деп аталды.Зиялы қауым қоғамды ақыл-парасат,ғылым,тәжірибе арқылы сыни көзбен қарағандықтан ағартушылар деп аталды.Ағартушылар азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру үшін азаматтық бостандық пен теңдік үшін күресті. 1680-1780 жылдары Англияда ағартушылық кезең жаратылыстану ғылымдарының дамуы, дін мен шіркеуді сынау арқылы ерекшеленді.Ағылшын философы Томас Гоббс "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы","Левиафан" атты еңбектерінде мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі ерікті келісім арқылы кұрылған мемлекетті орныққан, күш арқылы қүрылған мемлекетті ойлап табылған мемлекет деді. Томас Гоббс «Ағартушылық абсолютизм» теориясының негізін қаласа жақтаушысы Вольтер болды.Джон Локк - британ педагогы,философы «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе» еңбектерінде тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын,басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу деген.Шарль Луи Монтескье – француз ағартушысы “Парсы хаттары”, “Заңдардың рухы туралы” (1748) еңбектерінде дінді қатты сынап, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар 1. заң шығарушы 2. атқарушы 3. сот билігін бөлу арқылы басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін көрсетті. 1751-1780 жылдары француз философы Дени Дидро мен математик Жак Леронд Аламбер энциклопедияны редакциялады. Энциклопедия білімдердің жинағы болғандықтан шығаруға кейін тиым салынды. Мүлікке барлығы ортақ иелік ететін әділетті қоғам модулін Ж.Мелье,аббат Морелли,Г.Мабли жасады.Ағартушылар жеке меншік пен байлыққа қарсы шығып жаңа буржуазиялық мемлекет пен буржуазиялық идеологиялардың негізгі қағидаларын құрады.
|