2. Жақсыдан үйрен, ........................................................
3. Еңбектің наны тәтті,......................................................
4. Шебер көп жерде,.............................................. ...........
Сарамандық жұмыс.
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
1.Жұмыс барысына керекті құрал-жабдықтарды түгенде!
2. Инені арнайы ине салғышта немесе жастықшаға түйре!
3.Қайшыны ашық ұстама,ұшынан ұстап сабымен бер.
4.Жіптерді қолмен үзбей, қайшымен қию керек..
5. 1 қатар үстімен қайталап ретімен тізбектейміз. .
Мұндай алқаны жасау үшін макарон, түрлі түсті бояу және жіп қажет. Сонда алқа әдемі және ерекше болады.
Көптеген елдерде адам моншақ, сырға, салпыншақ, білезік тәрізді сәндік бұйымдарды неғұрлым көп тағатын болса, соғұрлым ол бай болып есептеледі. Ал бай саналған әйел әрі сымбатты, әрі сұлу болуы тиіс. Африка, Оңтүстік Азия елдері мен кейбір аралдарда мұндай ұғым осы күнге дейін бар көрінеді. Әйелді білегіне таққан білезіктерінің санына қарай бағалайтын жұрттар да бар.
Сәндік үшін құлақ тесумен ғана тоқталып қалмай, мұрындарын, еріндерін тесетін адамдар джунглилердің арасында әлі күнге дейін кездеседі. Уақыт өте келе зергерлік жалпы өнер атаулыға қойылатын ортақ талаптар деңгейіне көтеріліп, тұтынушыға шын мәнінде эстетикалық ләззат сыйлай алатын биіктікке көтерілді. Адамдардың қоршаған орта мен көркемдік туралы түсінік - талғамы өскен сайын зергерге қойылатын талап та арта түскен. Кейбір талғампаз тапсырыс берушілердің ортан қол дүниені алмай, зергердің еңбегін зая кетіретін кездері де аз болмаған.
Сонымен бірге кез келген зергерлік бұйымның халықтық қолданбалы өнердің жемісі, халықтық көркем ойдың көрінісі екенін ұмытуға болмайды. Әшекей бұйымдары арқылы әр халықтың өзіндік сыр - сипаты, өнерге деген көзқарасы, ұлттық тағылымы мен қоршаған ортаға деген ұғым - түсінігі білініп тұратынын ескеруіміз керек.
Ой толғаныс
Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымының бірі - сырға. Қазақ зергерлері сырға жасаудың тым көне сырларын меңгерген. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, қозалы сырға табылған .
Үйге тапсырма
Сырға жұмысын аяқтау.
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу
Кабинет:
Уақыты:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы
Зергерлік бұйымдарды ою – өрнекпен әшекейлеу . Білезік жасау .
Сабақтың жалпы мақсаты
Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру
Міндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсу
Тәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау..
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ – жауап .
Көрнекіліктер
Модульдер
Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз,
Сыни тұрғыдан ойлау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ынтымақтастық атмосферасы
Ойыншығым көп менің
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу
Үй тапсырмасын сұрау
Сырға жайында жайында түсініктерін сұрау
Қызығушылық
ты ояту
Жаңа материалмен жұмыс.
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері:киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік,сақина, бойтұмар. Қазақ халқы «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып келеді.
1. Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. Аяққап – ыдыс-аяқ салуға арналған қапшық. Ол көбінесе киізден жасалады. Алаша- әр түрлі жүннен немесе түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш- ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу, қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап. Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.
2. Зергерлік бұйымдар. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған.Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.
Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі.
Ой толғаныс
Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?
Өрнектің неше түрлері бар?
Үйге тапсырма
Ою – өрнек жайында біліп келу
Кері байланыс
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу
Кабинет:
Уақыты:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы
Мата және жіп
Сабақтың жалпы мақсаты
А) Білім беру; Оқушыларға мата туралы түсінік беру. Матаның шығу тарихымен таныстыру.
Б) Тәрбиелік; Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
В) Дамытушылық; Оқушыларды өткен сабақтарда алған білімдерін жаңа сабақ тақырыбымен байланыстыра атырып, олардың ой - өрістерін әрі қарай дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: бор, лента, плакат, клей, қайшы т. б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Оқытудың тиімді әдістері: Әңгімелеу, көрнекілік, жаттығу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ – жауап .
Көрнекіліктер
Модульдер
Жіп , бор, лента, плакат, клей, қайшы т. б.
Сыни тұрғыдан ойлау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ынтымақтастық атмосферасы
Би «Қаражорға»
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты пысықтау мақсатында ою – өрнек түрлерін оқушыларда сұрау
Қызығушылықты ояту
Жаңа материалмен жұмыс.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Кенеп, жібек барқыт және т. б мата түрлеріне олардың шығу тарихына тоқталып өткер болсақ:
Кенеп матасының Отаны - Египет болып саналады. Ніл алқабының табиғат жағдайлары осы өсімдіктердің өсуіне қолайлы кенеп матасын тоқуда египет тігіншілерінің шеберлігі жоғары жетістіктерге жетті. Жібек пен өрнекті жібек матасының шыққан жері – Қытай елі. Қытайлықтар жібек матаның кедір бұдырлығы мен тығыздылығына қарай бірнеше түрге бөледі.
- өрнектелген көптүсті парша;
- тығыз біртүсті өрнекті жібек;
- жұқа жібек – газ және т. б.
Қытай шеберлері мата беттеріне қиялдан шыққан айдаһарлар, құс, қара өрік гүлі жарқанат, пион, мотос гүлдерін қанық түсте бейнеледі.
Ең көп тараған сол кездегі жібек матасы - қамқыс. Ол күрделі өрнекті, саржалық айқаспамен тоқылған.
Мақта маталар қазіргі жағдайда білікті басу машиналарында механикалық жазу әдісімен орындалады. Ал, кенеп маталарын сурет баспасы тәсілімен шығарады. Бұдан бұрын қол баспасымен безендіру болған, бұл бірнеше жүз жылдықтар бойы өмір сүріп келді және ХІХ ғасырда үлкен жетістікке жетті. Ескі орыс баспа суретін алифте қайнатылған майлы бояумен кенеп жүн және маталармен әшекейлеген.
Кенеп маталары балалар және үлкендер үшін жаздық киімінде таптырмайтын мата. Алайда олардың ассортименттері осы уақытқа дейін жеткілікті әртүрлі емес және кенеп маталарын шығару көлемі аса үлкен емес.
Матаны алудағы негізгі шикізат - талшықтары.
Талшық деп иілгіш, жіңішке және берік затты айтады. Мата өте жұқа өзара байланысқан жіптерден тоқылады. Әрбір жіп бірнеше иірілген жұқа талшықтардан турады.
Тоқыма талшық деп жіптерді, маталарды жасауға пайдаланатын талшықтарды айтамыз.
Талшықтардың түрлері: дара талшық және техникалық талшықтар болып бөлінеді.
Ұзына бойына ажыратылатын дара талшықтар деп (мақта, жүн), (зығыр, кендір) айтамыз.
Техникалық талшықтары бірнеше өрілген әрі ажырамайтын талшықтар саналады.
Киімдерді көбінесе мақта мен зығыр талшықтарынан дайындайды. Мақта мата мен зығыр матасының айырмашылығын ажырату керек.
Ой толғаныс
А) Киімдерді көбінесе мақта мен зығыр талшықтарынан дайындайды. Мақта мата мен зығыр матасының айырмашылығын ажырату керек.
Б) ағымдағы нұсқау; Мақта мата мен зығыр матасын ажырату мақсатында төмендегіше операцияларды орындаймыз.
1. Мақта мен зығыр талшықтарын лупа арқылы үлкейтіп, айырмашылығын тексер.
2. Оларды ұстап көріп, сырт көріністерін бір – бірімен салыстыр.
3. Жұмыс дәптеріңе төмендегі кестені сызып ал.
4. Талшықтардың айырмашылықтарын кестеге жазып толтыр.
Талшық түрлері ------------------- Сырт көрінісі ------------------ Ұстап көргенде
Зығыр
Мата
Үйге тапсырма беру.
Ұсақ мата қиындыларынан гүл жасап келу . .
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу
Кабинет:
Уақыты:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы
Тігін құрал жабдықтары . Ине түрлері .
Сабақтың жалпы мақсаты
1.Оқушылардың тігін машинасында жүзеге асатын жұмыс амалдарын саналы меңгеруін дамыту, электр тігін машинасында тігіс түрлерін орындау операцияларын меңгерту, кедергілерді реттеудегі оның сепебтерін анықтау;
2.Өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін, өнерге баулу, қол икемділіктерін арттыру;
3.Әсемдікке, іскерлікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу .
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ – жауап .
Көрнекіліктер
Модульдер
нұсқау карталар, электр машинасы, тігіс түрлері , дәптер , кітап , қалам , мата
қиындылары .
Сыни тұрғыдан ойлау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ынтымақтастық атмосферасы
123
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты пысықтау мақсатында мата қиындыларынан гүл жасап елген оқушыларды бағалау .
Қызығушылық
ты ояту
Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Алдарына берілген заттарды ою-өрнек-термен әшекейлеулері керек
Жаңа материалмен жұмыс.
Кез келген бұйымды дайындағанда, қол тігістері мен машина тігістерінің түрлерін қолданасындар. Біз белдемшені тігер кезде қолданатын машина тігістерін қарастырамыз.
Қайып тігу тігісін белдемшені бөлшектерін біріктіру кезінде қолданылады. Орындау технологиясы:
1.Екі бөлшектің оң жағын беттестір.
2.Бөлшектерді инешелермен тігіс сызығы бойынша түйреп, біріктіру.
3.Бөлшектердің сызығы бойынша машинамен тігіс жүргізу.
Бастыра тігуді де бөлшектерді біріктіру үшін қолданады. Бұл тігіспен бүйір, иық, артқы бөлшектерді, белдемшені, жең бөліктерін қосады.
1.Бөлшектерді бір бірімен беттестір.
2.Бөлшектерді инешелермен тігіс сызығы бойынша түйреп, қыстыр.
3.Бөлшектерді машина тігісімен біріктір.
ТҚЕ есте сақтау.
1.Тігін машинасының инесінің орналасуын бақыла
2.Мата қиындыларын біркелкі қиып дайындап алу.
Ой толғаныс
Жұмыстың орындалу реті:
1.Мата қиындыларын біркелкі қиып дайындап алу.
Үйге тапсырма
Дайынған жұмыстарын дәптерлеріне желімдеу.
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу
Кабинет:
Уақыты:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы
Тігіс түрлері . инені сабақтау .
Сабақтың жалпы мақсаты
Оқушыларға тігін машинасын жұмысқа дайындауды,тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін ,тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.
Білімділік: Тігін машиналарымен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық: Тігін машинасымен жасалған бұйымдарды сән үлгісі ретінде қолдану.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзімділікке, сұлулық пен әсемдікке талғампаздыққа баулу, олардың эстетикалық талғамын арттыру.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ – жауап .
Көрнекіліктер
Модульдер
Ине жіп,
Сыни тұрғыдан ойлау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ынтымақтастық атмосферасын
Қорбаңдаған аю
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Үй тапсырмасын сұрау
Тігін машинасының түрлерін атаңдар (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина) Матаны ылѓалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу).
Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже).
Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте тігістері)
Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата үтіктің табанына жабысып қалмау үшін. Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергі,ине,жіп,мата,қайшы).
Қызығушылық
ты ояту
1. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың............... (жаны)
2. Батыр адам қорқақты сүймес,
Шебер адам................. (олақты сүймес)
Жаңа материалмен жұмыс.
Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді.Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады.Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса, ол жұмыс істеуге дайын болғаны.Бос жүрісте маховик дөңгелек айналып ине қозғалмайды.Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе, машина дұрыс жүрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді,жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.
Машинада дұрыс отыру тәсілдері:
-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп түсіндіру қажет.-отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
-құрал - жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек
-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды.
-Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі
.-Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.
-Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз
-Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаныың арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.
Тігін машинасында дұрыс отыру кезеңі
Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі
Жібі оралған шөрікті қабына кигіз.
-Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз.Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр.
-Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөрікке дұрыс орналасқаны.қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғалып төменгі жіпті суырып шығару керек.Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер.
Тігін машинасын жұмысқа дайындау
1. Қол тігістерінің түрлерін ата.
2. Көктеу тігісі қандай жерлерде қолданылады?
3. Айқас тігіс қандай тігіске жатады?
Үйге тапсырма
Қолмен кесте тігіп келу .
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу
Кабинет:
Уақыты:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы
Жіп өру
Сабақтың жалпы мақсаты
Оқушылардың ою-өрнектің элементтерін жүйелі құрудың әдіс-тәслдеріне үйрету , ою-өрнек арқылы бейнелеу іс-әрекеттің дамуы жайында қызықты деректер беру.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ – жауап .
Көрнекіліктер
Модульдер
Ою-өрнек элементтері бейнеленген кестелер. Ұлттық ою-өрнек безендірілген әр түрлі пішімдегі бұйымдар.
Сыни тұрғыдан ойлау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ынтымақтастық атмосферасын
Ойыншығым көп менің
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты пысықтау мақсатында үйден кесте тігіп келген оқушыларды бағалау .
Қызығушылықты ояту
Жаңа материалмен жұмыс.
Қазақ қоғамындағы өндірістің тағы бір түрі — үй кәсіпшілігі. Үй кәсіпшілігінің негізгі қызметі шаруашылықты қажетті құрал-жабдықтармен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету. Қазақ қоғамының шаруашылығы мен кәсіпшілігі, негізінен, табиғи болды. Яғни, шаруашылықтан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы өндірілетін құрал-сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да, негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды. Сондықтан да Қазақстан Ресей құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен өндірістік, тауарлық мақсатқа құрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастар сұранысын өтеуге бағытталды. Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй кәсіпшілігі деп аталды. Қазақ ұсталарының, зергерлерінің қолынан шыққан заттар ешбір елдің өндірістік деңгейде ұйымдастырылған қолөнер заттарынан кем болмаған. Көшпелі тұрмысқа ыңғайланып жасалған түркі-монғол халықтарының, қазақтың киіз үйі өзінің сәулеттік, құрылымдық, ішкі-сыртқы жабдықтары жағынан адамзат баласы ақыл-ойының, өнерінің ең бір шырқау шегі болып табылады.
Жүннен жасалатын бұйымдар
Түлкі жүні
Малдың жүні қазақ тұрмысында кеңінен қолданылды. Оның ішінде қой және түйе жүндері ерекше орын алды.
Киіз басуға қойдың күзде қырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Сонда жүн шаң-тозаңнан, шөп-шаламнан арылады және ұйысы жазылады. Тулақ дегеніміз — сиырдың иленбеген, керіп кептірген қатты терісі. Ал сабауды бұтақсыз түзу талдан, жыңғылдан, тобылғыдан жасаған. Жүн сабау, әдетте, ойын-сауықпен өтеді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады.
Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады.
Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілуі үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.
Кілем тоқу
Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі — кілем тоқу. Кілемнің екі түрі — түкті кілем және тақыр кілем болады. Түкті кілем көбінесе оңтүстік аймақтарда таралса, солтүстік өңір, негізінен, тақыр кілем тоқыған.
Ши, өрмек тоқу
Қазақта ерте заманнан-ақ ши тоқу өнері қалыптасқан. Шиді кереге сыртына тұту үшін, үйдің аяқ-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап қою үшін, киіз үйдің есігіне ұстау үшін және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген, киіз басу үшін де, құрт жаю үшін де пайдаланған. Тұтылатын шиге боялған жүн орап, өрнектеп безендірген. Мұны «шым ши» деп атаған. Қазақтың үй кәсіпшілігінде өрмек тоқу кең таралған. Өрмек арқылы бау-басқұрлар, алаша тоқылады.
Арқан, жіп, баулар, негізінен, түтіп, шүйкелеп, есіп, бұрау арқылы, кейде жіптен өру, тоқу тәсілдерімен жасалады. Бұл заттарға көбіне шет-пұшпақ өлі жүндер, жабағы жүн, жылқы қылы, түйе жүні пайдаланылады. Арқан, жіп есілу тәсіліне қарай екі түрге бөлінеді. Есіп жасалатын жіптер — арқан, желі, ноқта, құрықбау, бұйда, шылбыр, тізгін, т.б. Тоқып және өріп жасалатын жіптер — басқұр, таңғыш, туырлық бау, жел бау, тең таңғыш, құр жіп, құлын ноқта, нар ноқта, т.б.
Арқанның түрлері - арқан, қосақ арқан, сүйретпе арқан, жел арқан, тарту арқан, матау арқан, aт арқан, белдеу арқан, шом арқан, қом арқан, тең арқан, желі арқан.
Ой толғаныс
Оқушылар бүгін біз Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнері туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен
• Сандық дегеніміз не?
• Шолпы неше түрге бөлінеді?
• Зергерлік бұйымдарды атаңдар?
• Кілемде қандай суреттер басым?
• Кілемнің неше түрі бар?
Үйге тапсырма беру.
Түрлі түсті жіптен білезік өріп әкелу .
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс
Оқушылар бір-біріне тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу
Кабинет:
Уақыты:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы
Матамен аппликациялық жұмыс орындау .
Сабақтың жалпы мақсаты
Білімділігі: Оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру. Аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс - әрекеттерін меңгеруге баулу.
тәрбиелігі: Оқушының бейнелі ойлау, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу.
дамытушылығы: Оқушыларға форма, көлем, түс жайлы түсініктер бере отырып, олардың бейнелеу, безендіру, құрастыру қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ – жауап .
Көрнекіліктер
Модульдер
Түрлі қағаздан, матадан, табиғи материалдан жасалған аппликациялық суреттер , Түрлі түсті қағаздар, мата түрлері, қайшы, желім, сурет альбомы, қарындаш т. б.
Сыни тұрғыдан ойлау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ынтымақтастық атмосферасы
123
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты пысықтау мақсатында білезік өріп әкелген оқушыларды ағалау .
1. «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
2. Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;
б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.
3. Өзіндік жұмыс.
Тақтаға салынған сурет бойынша, аппликация орындау.
Ой толғаныс
а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
Үйге тапсырма беру.
Аппликацяны аяқтап келу .
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу
Кабинет:
Уақыты:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы
Матамен аппликациялық жұмыс орындау .
Сабақтың жалпы мақсаты
білімділігі: Оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру. Аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс - әрекеттерін меңгеруге баулу.
тәрбиелігі: Оқушының бейнелі ойлау, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу.
дамытушылығы: Оқушыларға форма, көлем, түс жайлы түсініктер бере отырып, олардың бейнелеу, безендіру, құрастыру қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ – жауап .
Көрнекіліктер
Модульдер
Түрлі қағаздан, матадан, табиғи материалдан жасалған аппликациялық суреттер , Түрлі түсті қағаздар, мата түрлері, қайшы, желім, сурет альбомы, қарындаш , әртүрлі қылқалам, түрлі түсті қарындаш,желім, қайшы, еегеу, біз, сызғыш, фломастер
Сыни тұрғыдан ойлау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ынтымақтастық атмосферасы
Би «Қаражорға»
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты пысықтау мақсатында білезік өріп әкелген оқушыларды ағалау .
Қызығушылық
ты ояту
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
Жаңа материалмен жұмыс.
Алатаудың әдемі көрінісін әр түсті матаалдықтарымен бейнелеп көрейік .1. «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
2. Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;
б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.
3. Өзіндік жұмыс.
Тақтаға салынған сурет бойынша, аппликация орындау.
Ой толғаныс
а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу
Кабинет:
Уақыты:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы
«Алатау» композициясы