Жүрек - қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия,, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт). Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау, т.б
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Қан айналым жүйесін түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін: Қан айналым жүйесі мүшелерінің аурулын түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар үшін: Аурудың себептерін түсіндіреді және сипаттайды.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топ ережесін еске түсіреді.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңберіжүзеге асырылады.
Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді.Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:
1.ГИпертонияға анықтама беріңдер.
2.Атеросклероз деген не?
3. Жүрек және қантамырлар жүйесі ауруларын атаңдар?