Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі208,56 Kb.
#27541
түріСабақ
  1   2   3
9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіту және

қорытындылау.
2)Ойлау қабілеттерін жетілдіру, ой- өрісін дамыту, өз бетімен

ізденуге, шығармашылық дағдыларын дамыту.
3) Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, стакан, су, тиын, тарелка, парақ,

шырпы, картошка.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу
Сабақтың әдісі: деңгейлеп – дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, технология
Сабақтық барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталай отырып, есептер шығарту

ІҮ. Қорыту

Ү. Бекіту

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аударамын. Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын екі топқа бөлемін.Топтарын таныстырады. Әр топта басшы тағайындайды. Топ басшысы өздерінің тобының ұпай сандарын есептеп отырады.

Ой қозғау.

Сабағымызды бастамас бұрын өзденріңмен танысып алайын. Мен өздеріңе кқрші №4 орта мектептің физика пәні мұғалімі Казбекова М.Т. Біз казір сіздермен күнделікті сабақтан өзгеше ерекше сабақ өткізбекпіз. Яғни, 9 сыныпта өткен тақырыптарымызды қайталау, қорытындылаау үшін «Табиғат - таңғажайып» мейрамханасына қонаққа барамыз. Ол үшін сыныптағы оқушылар екі үстелге бөлініп отырамыз. Ал, мен сіздерге даяшы қызметін атқарамын. Біздің мейрамханаға қош келдіңіздер!

І үстел: «Физика»

ІІ үстел: «Астрономия»

Физика – табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні.

Астрономия – аспан денелерінде және олардың жүйелерінде орын тебетін құбылысты зерттейтін ғылым және оқу пәні.

Аталған екі үстел өздеріне керек тағамдарды алу үшін бірнеше кедергі-тапсырмаларды орындауы керектігін айта кетейін.

Бүгінгі ас мәзірінде

Тапсырмалар 4- деңгейлік құрылымнан тұрады.

І. Дәмді үй тапсырма бәліштері

1.Танымдық деңгей (ауызша тапсырмалар)

а) «Физика тілінде сөйлесек»

ә) «Физикалық шамалар»

ІІ.Физикалық кестелер мен суреттерден жасалған торт

2. Алгаритмдік деңгей (суреттермен жұмыс)

б) Семантикалық карта

в) «Физика біздің айналамызда»

ІІІ. Физикалық есептерден жасалған салат

3. Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)

г) Деңгейлік есептер

д) Графикалық диктант

ІҮ. Ғажаиып десерт

4. Шығармашылық деңгей (тәжірибе жасау)

е) «Физикалық тәжірибелер»

Ал, енді таныс болсақ, күн жады мен бүгінгі күннің сабағын дәптерге жазып аламыз.
Жаңа сабақ

І. Дәмді үй тапсырма бәліштері

1) Танымдық деңгей.

«Физика тілінде сөйлесек» деп аталады.

Мұнда 2 үстелге үй тапсырмасын тексеру бәліштер беріледі. Өткен тараулар бойынша және логикалық сұрақтар беріледі.
«Физика» тобына

  1. Механикалық қозғалыс дегеніміз - .................

  2. Жаңғырық қайдан пайда болды? (дыбыстың шағылуынан)

  3. Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)

  4. Кинетикалық – грекше («кинетикос» - қозғалыс )

  5. Автобус кілт тоқтағанда қандай қозғалысқа түсесің? Неге? (еңкейеміз, инерция құбылысына байланысты)


«Астрономия» тобына

  1. Салыстырмалы қозғалыс -..................

  2. Піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны қалай ажыратамыз? (суға саламыз, тығыздығына қарай батады)

  3. Мөлдір емес денелердің көпшілігінен өтіп кететін сәулелер (Рентген сәулелері)

  4. Потенциалдық – латынша («потенция» - мүмкіншілік)

  5. Автобус кілт қозғалғанда қандай қозғалысқа түсесің? (шалқаямыз, инерция құбылысына байланысты)


«Физикалық шамалар» Бұл бөлімде балалар біз физикалық шамалардың орындары ауыстырылып беріледі. Соларды тауып, үш тілде айтасыз.

Адуан – аудан – площадь – region, square м2

Эгрняси – энергия – энергия – energy Дж

Мжсұы – жұмыс – работа –work Дж

Мкеөл – көлем – объем – volume м3

Уқаыт – уақыт – времия – time с
ІІ.Физикалық кестелер мен суреттерден жасалған торт

2) Алгаритмдік деңгей

Бұл бөлімде бірінші «Семантикалық карта» тапсырмасын орындайымыз..


Физикалық шама

белгіленуі

өлшем бірлігі

формуласы

E

Т

U

S

F

ν

В

Дж

Гц

Н

с

м

ν*t

ma

E/e

1/Т

1/ν

mgh

Жол























































Күш























































Кернеу























































Энергия























































Жиелік























































Период
























































Ал, «Физика біздің айналамызда» тақырыбында келесі тапсырмамызды орындайық. Бұл бөлімде суреттермен жұмыс жасаймыз.

45- сурет Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.

83- сурет Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.

104- сурет Камертон – доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.

142 – сурет Абсолют қара дене деп өзіне түскен әртүрлі жиеліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені айтады. Іші қуыс ыдысқа тар саңылаудан түскен сәуле шексіз мәрте шағылады да, толық жұтылады.

149- сурет Рентгендік сәулелер рентгендік түтікшелер деп аталатын арнаулы қондырғыда алынады.

150- сурет Радиоактивті элементтердің шығаратын сәулесін магнит өрісінде зерттегенде, оның 3 түрге жіктелетіні белгілі болды. Оларды альфа, бетта және гамма сәулелер дейді Альфа және бетта сәулелерінің магнит өрісінде қарама – қарсы бағыттарға бұрылуы, олардың оң және теріс зарядты бөлшектер екенін аңғартты. α-сәулесі дегенімі – оң зарядталған бөлшектер ағыны, β –сәулесі дегеніміз – теріс зарядты электрондар, γ-сәулесі магнит өрісінде өзінің алғашқы бағытын өзгертпейді.

155- сурет Ауыр ядролардың тізбекті бөліну реакциясы. Уран изотопы 23592U баяу нейтронмен соқтығысқан кезде оны ядросына қосып алады да , тұрақсыз уран – 236 изотопына айналады.

ІІІ. Физикалық есептерден жасалған салат

3. Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)

Бұл бөлімде «Физикалық есептерден жасалған салат » . Деңгейлік тапсырмалар берілген, соларды орындап ,ары қарай тапсырысымыз ды жалғастырамыз.


А

В

С

1

3

5

2

4

6

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет