Сабақтың тақырыбы: Аласа таулы өлкелер



Дата21.04.2017
өлшемі61,84 Kb.
#14503
түріСабақ
М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің

География пәнінінң мұғалімі: Акимбаева З.А.

І.Сабақтың тақырыбы:Аласа таулы өлкелер

ІІ.Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды өздігімен білім алуға, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.

2. Тәрбиелік:Жолдастық қарым-қатынасқа, табиғатты қорғауға сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Аласа таулы өлкелермен таныстыру,әсем,көркем табиғатын танып білу арқылы оқушының рухани байлығын дамыту.

Сабақтың түрі:Дамыта оқыту.

Сабақтың әдісі:Топпен жұмыс,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивтік тақта,Қазақстанның физикалық картасы.

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасына шолу.

Топ оқушылары келесі топқа үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қояды.

2. Жаңа сабаққа көшу кезеңі

1. Әңгіме-дәріс

2. интерактивті тақтамен, кестемен жұмыс.

3. топ басшылар сайысы

4. әр топ тапсырмалары:

І топ Ең,ең, ең...

ІІ топ Сандар сөйлейді

ІІІ топ Геодиктант


5. 50 беттегі тектоникалық картаны пайдаланып, Сарыарқаның, Мұғалжардың, Маңғыстаудың қай кезеңде пайда болғанын анықтау:

6. Қосымша деректер



7. Тест тапсырмалары

8. Қорытындылау, бағалау

9. Үйге тапсырма беру

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

1.Үй тапсырмасы

«Маңқыстау» тобының «Сарыарқа» тобына сұрақтары.«Сарыарқаның» «Мұғалжар» тобына сұрақтары.«Мұғалжар» тобының «Сарыарқа» тобына сұрақтары.

ІІ.Жаңа сабақ. Сұрақ-жауаптан басталады.

1.Балалар тау дегеніміз не?

Оқушылар жауабы

2.Жазықтар мен таудың айырмашылығы неде?

3.Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?

4.Қандай тауларды білесіңдер?

5. Кестемен жұмыс

Аласа таулар

Орташа биік таулар

Биік тау










Оқушылар тауларды биіктігі бойынша тиісті сандарды жазады.

6.Бірнеше таулар биіктігімен көрсетіледі. Солардың ішінен аласа тауларды бөліп алады.

Аласа таулар
Сарыарқа Мұғалжар Маңғыстау

3.Топ басшылар сайысы. Әр топ басшысы өз тобын қорғайды.


4.Топтың тапсырмалары

І. Топ тапсырмасы Ең, ең, ең....

1.Сарыарқаның ең биік нүктесі.

2.Маңқыстау тауының ең биік нүктесі.

3.Мұғалжар тауының ең биік жері.

4.Сарыарқаның ең енді бөлігі қай жағында.

5.Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген, аласа таулы өлке.

6.Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері.

7.ТМД елдеріндегі теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері
ІІ Топ тапсырмасы. Сандар сөйлейді.

1.1565м...

2.1133м...

3.657м...

4.556м...

5.-132м...

6.-395м...

7.117км...

8.70км...

9.1200км...


3. Топ тапсырмалары.Геодиктант

1.Сарыарқаның абсолюттік орта биіктігі .... м

2. .... Солтүстік мұзды мұхит пен ішкі тұйық алабы арасындағы суайрық.

3.Мұғалжардың ең биік жері .... тауында 657м.

4.Сыңсыған қарағай мен қайыны, әйгілі «Жұмбақтас», «Көкшенің шоқылары »..................деп аталады.

5. Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне ............... жатады.

6.Маңғыстау тауларына ...................... кіреді.

7.Маңғыстау тауларының биік бөлігі .......................Бесшоқы 556м



5. Тапсырма
50 беттегі тектоникалық картаны пайдаланып, Сарыарқаның қай кезеңде пайда болғанын анықтау:
Жауабы: Полезойлық қатпарлықта, солтүстік - батыс бөлігі каледон (орта палеозой), шығыс бөлігі герцин (кейінгі палеозой) қатпарлығында қалыптасқан.
Мұғалжардың қай кезеңде пайда болғанын анықтау:
Жауабы: Батысы жас полеозой платформалардың шөгінді қабығы, шығысы палеозойдың аяғына таман жүзеге асқан герциндік (кейінгі палеозой) тау түзілу процесі кезінде пайда болды.
Маңғыстаудың қай кезеңде пайда болғанын анықтау:
Жауабы: жас полеозой платформаларының шөгінді қабығы кезінде пайда болған.

6. Оқушылардың Сарыарқа,Мұғалжар, Маңғыстау таулары туралы дайындаған қосымша қызықты мәліметтері.

7.Тест тапсырмалары.

1. топ


1.Аласа тауларды көрсет.

А) Сарыарқа, Тянь-Шань, Мұғалжар

Б) Алтай, Жетісу, Маңқыстау

В) Сарыарқа, Мұғалжар, Маңңқыстау



2. Сарыарқаның батыстан-шығысқа қарай ұзындығы –

А) 900км

Б) 1200км

В) 300км


3. Мұғалжардың .... беткейі көлбеу болады.

А) шығыс

Б) батыс

В) солтүстік



4.Оралдың оңтүстік жалғасы.

А) Маңқыстау

Б) Сарыарқа

В) Мұғалжар



5.Қаратаудың ұзындығы –

А) 115км


Б) 117км

В) 70км


6. «Қазақтың Швейтцариясы» деп атайды.

А) Қаратау, Ақтау

Б) Бесшоқы, Үлкен Боқтыбай

В) Жұмбақтас, Көкшетау шоқылары



7. Сарыарқаның ең биік таулары қатарына

А) Ұлытау

Б) Бесшоқы

В)Үлкен Боқтыбай

2топ

1.Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке.

А) Үстірт

Б) Маңқыстау

В) Сарыарқа



2.Маңқыстаудың биік бөлігі қай жотада орналасқан?

А) Ақтауда

Б) Қаратауда

В) Ұлытауда



3.Мұғалжар тауы қай облыс аумағында?

А) Ақтөбе

Б) Атырау

В) Қарағанды



4.Каспий теңізінің Маңқыстау түбегінде орналасқан

А) Сарыарқа

Б) Мұғалжар

В) Маңқыстау



5.Сарыарқа шығысында шектеседі –

А) Батыс Сібір

Б) Сауыр Тарбағатай

В) Жетісу (Жоңғар) Алатауы



6.Сарыарқаның шығысындағы ені –

А) 350км


Б) 550км

В) 800км


7.Сарыарқаның солтүстігінде:
А) Батыс Сібір жазығы
Б) Жалпы сырт қыраты
В) Каспий маңы ойпаты
3-топ

1. Сарыарқа батысында шектеседі:
А) Торғай үстірті, Тұран ойпаты
Б) Сауыр Тарбағатай
Б) Тянь - Шань
2. Абсолют Сарыарқаның биіктігі:
А) 500 - 600

б) 700 - 800

в) 900 - 1000
3. Мұнара, Қорған, Жеке Батыр, Салт атты, Жұмбақ тас қай таулы өлкеде:
А) Мұғалжар

ә) Сарыарқа

б) Маңғыстау
4. Мұғалжар солт - тен оңт - ке қанша км?
А) 450

б) 900


в) 1000
5. Маңғыстаутауларыныңжоталары
А) Баянауыл, Қарқаралы

б) Қаратау, Ақтау


В) Ақтау, Баянауыл
6. Қарақия ТМД да тереңдігіжөніненнешіншіорында
А) 1
ә) 4
б) 5
7.Аласатаулардыкөрсет:
А) Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау
Б) Сарыарқа, Тянь - Шань, Мұғалжар
В) Маңғыстау, Алтай, Сауыр – Тарбағатай

8.Қорытындылау. Бағалау

9. Үйге тапсырма беру.Аласа таулы өлкелер.Кескін картаны аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет