Бекітілді: Мектебі: №95 жалпы орта білім беретін мектебі Күні: 07.11.2022 ж Сынып: 10А Мұғалім: Бакилова Лазиза Сабақтың тақырыбы: Алаш милициясы Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы патша саясатына қарсы қозғалыс- Алаш қозғалысы болып табылатындығын түсіндіре отырып, 1917ж Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы бұл қозғалыстың нәтижесі және бұл нәтиженің бүгінгі көрінісі – тәуелсіздіктің тамыры тереңге жайылғанын ұғындыру. Алаш қайраткерлері көксеген тәуелсіздіктің бүгінгі таңдағы тұғырлы болашағын танып білу арқылы еліміздің дамуына үлес қосатын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: •Білімділік: Зерттеу жұмыстарының нәтижесінің бірі ретінде Алаш идеясының қалыптасуын көрініс арқылы көрсете отырып, оқушыларды ХХ ғ. басындағы қоғам қайраткерлерінің халықты орыс езгісінен азат етуді көздегенін және де ол идеяға қазіргі таңда қол жеткізгенімізді ұғындыру.
• Дамытушылық: Тарихи құжаттармен жұмыс істеу, балама пікір айту, талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру.
• Тәрбиелілік: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси бастамасымен тәуелсіздікке қол жеткізген тұста елімізді бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосатын азамат тұлғасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: топтық әдіс, диалогтық әдіс.
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, үлестірме тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, түгендеу
Үй тапсырмасын сұрау: Өрмекші торы әдісі арқылы (оқушылар үйге берілген тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қойып жауап береді.)
Жаңа сабақ.
Кіріспе:
“Алаш” туының астында
Куә болсын Арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбандық біздің жанымыз!
Жасасын, Алаш, жасасын! – деп С.Торайғыров өткен ғасырдың басында “Алаш” қозғалысы жайлы жырлаған болатын. Қазақ тарихының ақтаңдық беттерін қарап отырсақ, ұлт, тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен. Міне, сол “Алаш” қозғалысына биыл 90 жыл.
1917 жыл- Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары демократияның, бостандық пен теңдіктің орнатылуына байланысты ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.
«Балық қаңқасы» диаграммасы арқылы оқушылар жаңа тақырыпты талдап, қорытындылайды.