Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Жеке
жұмыс
Сергіту сәті
Топтық жұмыс
Сабақтың соңы
|
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабақты мен, Азиза Маратқызы өткізетін боламын. Көңіл – күйлерің қалай? Балалар, сендер бүгінгі сабақты бастауға дайынсыңдар ма? Ал ендеше, сабағымызды бастайық!
Психологиялық дайындық.
Тақырыпқа дайындау мақсатында тақырыпқа байланысты сөздерді 3 тілде айтқызу:
1. Қағаз – бумага – paper
2. Кеме – корабль – ship
3. Фотосурет – фотография – the photo
4. Альбом – альбом – album
5. Қайшы – ножницы – scissors
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақы-рыбы «Алуан түрлі қағаздар» деп аталады. Адам үшін қағаздың алатын орны қандай екенін ойлап көрдіңдер ма? Сендер қағазға күн сайын жазасыңдар, сурет саласыңдар, одан құрамақ жасайсыңдар. Кітаптар мен газеттер де қағазға басып шығарылады.
- Балалар, қағазды тағы қай жерде пайдала-нылады? (жазғанда, сурет салғанда, альбом, журналдарда)
Қағаздың 600-ден астам түрі бар екен. Солар-дың бірі:
Баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, т.б.) Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) .
Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық).
Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.)
- Ал, қағазды неден жасайтынын білесіңдер ме? (ағаштан)
- Ия, дұрыс айтасыңдар. Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі бор-пылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады. (видеоролик көрсету)
- Ал, енді біз оқулығымыздың 19-шы бетін ашып, сол жерде көрсетілген кемені жасап көрейік. Қане, бәріміз қағаз алып, сызба бойынша қайталайық.
- Жарайсыңдар балалар! Тапсырманы дұрыс орындаңдар. Бірақ, сендер қатты шаршаған боларсыңдар, сондықтан бойымызды бір сергітіп алайық! Тақтада көрсетілген видеоға қарап, іс – қимылдарды қайталайық!
- Енді бір демалып алсақ, келесі тапсырманы орындайық. Бұл тапсырманы сендер топ-топпен орындайсыңдар. Әр топқа қағаз қиындылары беріледі. Сол киындылардан жануарларды жасап шығуларың қажет.
1 қатар: Шошқа 2 қатар: Піл
3 қатар: Торғай
- Жарайсыңдар балалар! Тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңдар.
|