Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық. Әли Ысқабай Сабақтың мақсаты



Дата10.03.2017
өлшемі50,87 Kb.
#11214
түріСабақ
Абетжанова Самал Токтасыновна

Бастауыш сынып мұғалімі

Лебяжі жалпы орта мектебі

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 2 «б»

Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық. Әли Ысқабай

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндегі басты кейіпкерге талдау жасай отырып, мәтіннің тақырыбын, идеясын ашуға жағдай туғызу.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже:  Мәтін мазмұнын түсіне отырып, өз ойларын нақты айта алуға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: шығармашылық жұмыс арқылы ойын сауатты, әдеби тілмен жеткізу дағдысын дамыту.

Тұлғалық нәтиже:  кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру; қайырымдылыққа, үлкендерді сыйлауға, адал достыққа тәрбиелеу; халқымыздың нақыл, ақыл сөздеріне мән беруге, жадында сақтауға үйрету.

Сабақ көрнекілігі: сабақтың мазмұнына сай кестелер мен суреттер,интерактивтік тақта, Қазақстан Республикасы картасы, қабырға газеті, кітап көрмесі.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Талпын жақсы болуға,

Күндей сәуле шашатын.

Білім іздеп,өнер тап,

Түнді күндей ашатын.
ІІ. Үй тапсырмасы:

«Әдеп» көрініс арқылы үй тапсырмасын сұрау

-Оқиға қай маусымда болған?

-Сенің өміріңде осындай оқиға болды ма?

-Арманды қалай қорғауға болады?

Өткен сабақтан білгенім

Сурет арқылы өткен сабақты еске түсіру. Шығарма желісінен қойылым көрсету. Сұрақтар :

--Әңгіме кімдер туралы?

--Олардың істерінде айырмашылық бар ма? Салыстыру . 
Аян Арман

Әжейге орын берді көрмегенсіді

Әдепті әдепсіздік танытты

көңілді көңілсіз

-Мәтіннің соңғы екі сөйлемінен нені аңғардың?

-Неліктен Аян алманы опыра асап,төңірегіне жарқылдай қарайды?

- Ал, Арман қолындағы алмасын бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді. Неге?

«Пікірталас» әдісі бойынша Арманды жақтау,даттау.

Әдептілік туралы мақал-мәтелдер айту арқылы қорытындылау. 

IІ. Қызығушылықты ояту.

-Балалар, мен сендерге шағын әңгіме оқып берейін.

Балапан мен мысық

Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады.

Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапанның іреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапандарды құтқармақ болып мысыққа қарай ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат-шадыман әсем әуенге басты.



  • Оның істегенін бір сөзбен қалай атуға болады?

Бүгінгі сабағымыз қамқорлық көрсетуші балаларға арналады

-Сабақтың тақырыбы: «Қамқорлық» Әли Әпекұлы Ысқабаев.

Әли Ысқабаев 1939 жылы 6-мамырда Алматы облысы Балқаш ауданы

Күйген ауылында дүниеге келген.Балаларға арналған «Менің інім», «Еңбекқор құмырсқа», «777 жұмбақ» «Бесік жыры» атты өлеңдер жинағы бар.(Тақтадан көрсету, картадан көрсету )


ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтінді түсіну кезеңі.

Мәтінді желісіне қарай оқушыларға бөліп оқыту. 
Сөздік жұмысын жүргізу.

Көкейінде- ойында

Қамқорлық- мейірімділік, көмектесу 
Жоспар құру

1.Сабақ 


2.шешесінің сөзі

3.Көше қиылысы

4. Жылаған бала

5.Үйіне апару

6. Аналық алғыс.

Құрылған жоспар бойынша пікірлерін айтып,ойларын тиянақтау.

Мәтіннен алған әсеріңді кестеге толтыр. 

Негізгі кейіпкер,ол туралы ойың 


Шығарманы оқығанда сені не қызықтырды 


Сен үшін шығарманың аянышты жері бар ма? 









Осы тақырыпта тағы бір мәтінді оқып көрелік. Екі мәтінді «Шығарма кестесіне» салу.

Шығарманың аты 


қамқорлық 


қамқорлық 


Басты кейіпкерлер 


Алтынгүл 


Нақысбек 


Кімге көмек берді 


Адасқан балаға 


Құлаған балаға 


Оқиға орны 


көшеде 

көшеде 

Негізгі идеясы 


Кішіге қамқор болу 


Кішіге қамқор болу 


Мәтіндегі түйін сөз 


Қайырымды болу 


Қайырымды болу 




Дәптермен жұмыс. Мәтіннен Алтынгүлге байланысты зат есім сөздерді теріп жаз. Ойлан, жұптас, ортаға сал. Іштей мазмұндап көр. 

III. Ойтолғау.

«Қолымнан келетін қамқорлық» атты қысқаша шығарма жазу.

Жазба жұмысын «Автор орындығына» шығып оқу. 

Мақал – мәтелдерді жалғастырады.

1. Жақсы сөз – жан семіртер.

2. Жақсылық жан жадыратар.

3. Жақсылық суға батпас,

Бір шығар, тегін жатпас.

4.Жамандық пайда етпейді,

Жақсылық зая кетпейді. 


Жақсылық жерде қалмайды. Е.Бағай

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды. 
Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң – сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.

Психологиялық тренинг

Жақсы ,жаман қасиеттерді жазу, керексізін лақтыру



Үйге тапсырма: «Менің қолымнан келетін қамқорлық» атты шығарма жазу.»Қамқорлық» мәтіннің мазмұнын түсініп,әңгімелеу.

Бағалау.

Топ мүшелерінің білімін бағалау, мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет