Сабақтың тақырыбы Қан тамырлар жүйесі және қанайналым шеңберлері. Осы сабақта қол



бет1/2
Дата03.11.2019
өлшемі426.5 Kb.
түріСабақ
  1   2
Қысқа мерзімді жоспар




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Заттардың тасымалдануы Мектеп: А.Тайманов ат. №34 МГ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Батырова

Тамара Калимовна



Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қан тамырлар жүйесі және қанайналым шеңберлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.10 Жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау.

Сабақтың мақсаты

- Ашық, тұйық қанайналым жүйесі мен үлкен, кіші қанайналым жүйесі туралы біліп, үлкен қанайналым шеңберінің маңызын түсінеді және жүректің жұмысын анықтайды.

- Жүректің құрылысы мен қызметін сипаттап, қан айналып шеңберлерінің бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.

- Ағзадағы қан айналымның тіршілік үшін маңызына баға береді.

Бағалау критерийі

Жануарлардың қанайналым жүйесі түрлерін анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушы қолданады:

Қан тамырлар жүйесі және қанайналым шеңберлері туралы бейнебаян,суреттер.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Өкпе артериясы, өкпе венасы, жарты ай тәрізді қақпақшалар,аорта,жүрек,қанайналым

Талқылауға арналған тармақтар:

Солжақ қарыншадан...... басталады

Кіші қанайналым шеңбері... аяқталады.

Көмірқышқыл газына қаныққан вена қаны........ағады.

Жүрек пен қан тамырлар арасында.........орналасқан.


Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыста ынтымақтастықта жұмыстанып,бірін-бірі тыңдап құрметтейді.

Сабақта өз бетімен еңбектеніп, шығармашылық қабілетін шыңдайды.



Пәнаралық байланыс

Химия - ауа және газ тасымалы

Физика - қысым ұғымы

Ағылшын тілі терминдер

Орыс тілі терминдер



Алдыңғы білім

5-6 сыныптағы жаратылыстанудан тірі табиғаттағы үдерістерді біледі.

7-сынып биологиясынан жануарлардың қанайналым мүшелерін буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесін біледі.
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 -5минут



Сабақтың ортасы
15 минут


1.Сыныпта қалыптастырушы бағалау арқылы сабақтың өң бойына психологиялық ахуалды бір қалыпты ұсталады.

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды сабақта тілдік мақсатта танысқан термин сөздерді пайдалана отырып суреттерді таңдату арқылы топқа бөлемін.

Топқа бөлу әдіс бойынша І топ «Жүрек», ІІ топ«Жарты ай тәрізді қақпақша»,ІІІ топ «Артерия»,ІVтоп «Вена».


Оқушыларды алдыңғы біліміне сүйене отырып сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқушылар топқа бөлінген соң бейнефильм арқылы жаңа сабақтың тақырыпқа көшу.

Ашық және тұйық қанайналым жүйелері,үлкен және кіші қанайналым шеңберлері көрсетіледі.

1.Аорта- Aorta,

2.Қанайналым- blood circulation, 3.Жүрек- heart,

4. Өкпе артериясы- pulmonary artery

5.Өкпе венасы-pulmonary vein

С.Тапсырма 1. Оқушыларға Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында «Ойлан тап» әдісі бойынша сұрақтар қойылады.

1.Үлкен қанайналым шеңбері қандай жануарлардан басталды?

2.Жануарларда қанайналым жүйесі нешеге бөлінеді?

3.Үлкен қанайналым жүйесі қайдан басталады?

4.Кіші қанайналым жүйесі қайдан басталады?

5.Үлкен қанайналымның маңызы қандай?



(Тж) Тапсырма 2 «Ой ашар» әдісі. Оқулықтағы мәтінмен танысуға оқушыларға уақыт беріледі. Мәтін бойынша нақты тапсырмалар топтарға бөлініп беріледі. Алдымен оқушылар тапсырманы жеке жеке оқып шығады, жұбымен талдайды кейін сыныптастарымен бөлісіп топпен жұмыстанады.

1-топ. Қан айналым жүйелерінің титері.

2 -топ. Үлкен қанайналым шеңбері.

3-топ. Кіші қанайналым шеңбері.

4-топ. Адам жүрегінің қызметі.

Бағалау критерийі

-қанайналым типтерімен таныса алады;

-үлкен қанайналым шеңберін талдайды;

-кіші қанайналым шеңберін салыстырады;

-адам жүрегінің қызметін сипаттай алады;

Дескриптор

-Қан айналым жүйелерінің типтерін біледі;

-Үлкен қанайналым шеңберін ажыратады;

-Кіші қанайналым шеңберін ерекшелігін айтады;

-Адам жүрегінің қызметін сипаттайды;

ҚБ.: «Бағдаршам» әдісі.




Электрондық оқулықтағы бейнефильм

Проектор слайд

.
Оқулық Биология.

Авторы


А.Р.Соловьева,

Б.Т.Ибраимова



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы





(Тж) Тапсырма 3 «Құрастыр және жауап бер»

әдісі бойынша оқушылар жануарлардың қанайналым жүйесінің сызба нұсқасын құрылысын құрастырып модельдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет