Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет5/12
Дата04.05.2017
өлшемі1,7 Mb.
#15581
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Сөздік қор туралы түсінік.

2. 138 - жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

  • Мәтіннен сөздік қорға кіретін сөздерді тап.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеде, не ахиретте не падалы болса, не залалы болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен, осы екуі маған қалай таласады? Менсіз өздері не жарайды?» - депті. (Абай)

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1) Негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешіргендіктен, көбінесе көне дәуірден келе жатқан сөздер болады. Бірақ тілдің даму процесінде кейбір сөздер негізгі сөздік қордан шығып қалып, қосылып та отырады.

2) Негізгі сөздік қорға енетін жеке сөздер сол бір тілдің ішінде жаңа сөз жасауға негіз – ұйытқы және икемді болады.

3) Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің жалпы халықтық мәні болады, көпшілігі бір буынды болып келеді. Мысалы: ас, ат, мал, қыз.

4) Қазақ тіліндегі сөздік қорға енетін сөздердің көпшілігі өзге түркі халықтарының тіліндегі сөздерге түбірлес , мәндес болып келеді.

5) Сөздік қорға кіретін сөздер күнделікті өмірге қажетті сөздер болады. Сөздік қорға енетін сөздердің саны тілдің сөздік құрамындағы сөздерге қарағанда аз болады.



V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

1. Негізгі сөздік қорға тән белгілерін айт және төмендегі сөздерден жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздерді тап.

Қасқыр, шырша, астар, зиян, бөле, жәрдем, нан, қарындас, ұршық, орамал, базар, қошемет, жандар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

139 -жаттығу (ауызша)



  • Мәтінде берілген ырымға қатысты сөздерді сөздік қордың қай тармағына қатысты екенін айтыңдар.

140 -жаттығу



  • Мәтіннен туыстыққа қатысты атауларды білдіретін сөздерді теріп жазыңдар да, сол тізбекті әрі қарай жалғастырыңдар.

VІІІ . Сабақты бекіту:

    1. Бағалау

    2. Үй тапсырмасын беру.

      1. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі туралы түсінік.

      2. 141,142 – жаттығу.



Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім: .

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің сөздік құармы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың қазақ тілінің сөздік құрамы туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жазба жұмыстарында тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды достыққа берік болуға, еңбекке тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: сабақта қолданылатын лингвистикалық материалдар арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі туралы түсінік.

  2. 141,142 – жаттығу.



ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

  • Мәтіннен сөздік қорға жататын сөздердің астын сыз.

Музыканың негізгі мақамы адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қажет, өйткені тіл мен музыка тілі бір – біріне етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі.(әл – Фараби)

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.

Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді.қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де, кірме сөздері де, кейін пайда болған жаңа сөздері де, термин сөздері де, ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.

Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер келесі бір мағынада қолданыстан шығып қалуы да, тілге қайта келіп қосылуы да мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде бұрыннан бар, бірақ кеңес өкіметі жылдарында аса сирек айтылып кеткен ай, жыл аттары қазір қайтадан жаппай қолданыла бастады.бұның өзі сөздік құрамның бір қалыпты болмайтынын, оның өзгеріп отыратынын көрсетеді.

Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрайды.



VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

1. Сөздік қордың сөздік құрамнан қандай айырмашылығы бар?

2.Мына сөздерден сөздік құамға кіретін сөздерді тап.

Ана, парта, дос, адал, аялдама, кеден, баяндама, синоним, анықтауыш, сақа, тырма, кітап.



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

  1. -жаттығу

  • Сурет топтамасындағы 21- суретке қарап,мәтін құрап жазыңдар.

145– жаттығу

* Төмендегі берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап, сонан соң сөйлем құраңдар.



VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.

    1. 146 – жаттығу

    2. Сөздік құрам туралы түсінік.



Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға көнерген сөздер туралы лингвистикалық білім беру, көнерген сөздерге тән белгілерді жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды сабақтың мазмұны арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. 146 – жаттығу

  2. Сөздік құрам туралы түсінік

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Өлеңдегі сөздік құрамға кіретін сөздердің астын сыз.

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жауырын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай...

Ерлердің ісі бітер ме? (Махамбет)

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз.

Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер (имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран, т.б.), бұрынғы жыл атаулары( барыс, жылқы, қоян, ұлу, т.б.) ай атаулары(наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек,т.б.) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жаңарып, қолданыла бастады.



VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей

  • Басқа сөздермен ауысқан көнкерген сөздерді жаз.

Үлгі: дуан – облыс

ІІ деңгей

  • Құрамында көнерген сөздері бар, мақал – мәтел мен тұрақты тіркестерді жаз.

Үлгі: ешкіні түлен түрткенде, шопанның таяғына сүйенер.

ІІІ деңгей

  • Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөзді жаз.

Үлгі: бадана - баданадай

VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

147 -жаттығу І топ



  • Қазіргі кезде жаңадан қолданыла бастаған сөздерден мұнара бейнесін жасаңдар.

148 –жаттығу ІІ топ

* Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын атауларды бір бөлек көшіріп жазыңдар.

149 – жаттығу ІІІ топ



  • Мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың сипатын анықтаңдар.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс

3. Төмендегі үлгідей сөйлемдер құрастыру.

1)

2)



3)

4)


VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.

    1. Көнерген сөздертуралы түсінік

    2. 150 - жаттығу


Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздердің түрлері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың көнерген сөздердің түрлері туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, көнерген сөздер туралы түсініктерін жазба жұмысы арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау дағдыларын арттыру, жазбаша және ауызша тіл мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Көнерген сөздер туралы түсінік

  2. 150 - жаттығу



ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Көнерген сөздерді қатыстырып, «қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбына мәтін құра.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер болып екіге бөлінеді.

Тарихи сөздер –қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқаруымен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, т.б., қазір пайдаланылмай тын қару жараққа байланысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б., кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл отау, қызыл әскер, отарда, т.б. сөздер жатады.

Архаизмдер – халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – сана, әдет – ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесеескіріп кеткен сөздер. Архаизмдерге мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы, т.б., әдет – ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта, т.б., үй тұрмысы, киім – кешек, ыдыс – аяқ атаулары: лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже, т.б. сөздер жатады.

V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей


      1. Көнерген сөздер деген не№

      2. Жырдан көнерген сөзді тап

Бадана көзді кіреуке

Жауға қарсы жетпеген,

Жел айырдың оғы өтпеген,

Сатуға басын сұрасаң,

Мың ділдә да жетпеген. ( «Ер Тарғын»)

ІІ деңгей



      1. Тарихи сөздерді бір бөлек, архаизмді бір бөлек жаз.

Торқа, дүрия, қөқер, болыс, шиден, сәукеле, жаушы, қызыл отау, найза, жебе, бұзаушық.

2.Тарихи сөздер мен архаизмдердің

айырмашылығы неде?

ІІІ деңгей



        1. Көнеріп барып қайта жаңарған сөздерді жаз.

        2. Көнерген сөздерге байланысты өлең – жырлардан мысалдар жаз.

VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

151 -жаттығу.



  • Қандай тағамдардың атаулары көнерген? Қазір олар қалай аталады?

152 -жаттығу.



  • Суреттер топтамасындағы 9- суретке қараңдар. Сонан соң мәтінді оқыңдар.

  • Мәтіндегі қолданылып тұрған көне сөздердің түрін ажыратып, мағынасын дәлелдеңдер.

153- жаттығу

  • Мәтіннен ұлттық ұғымды білдіретін сөздерді теріп жазыңдар

  • Көне сөздерді тарихи және архаизм түріне ажыратыңдар.

  • Мәтінді мазмұндаңдар.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру:

1. Көнерген сөздердің түрлері туралы түсінік.

2. 154, 155 -жаттығулар.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың жаңа сөздер туралы лингвиситкалық білімдерін кеңейту, жазба жұмыстары арқылы жаңа сөздер туралы түсініктерін бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лексикалық талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Көнерген сөздердің түрлері туралы түсінік.

2. 154, 155 -жаттығулар.

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

  • « Әкім» сөзі көнерген сөздің қайсысына жатады? «Әкім» сөзіне байланысты мәтін құра.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш алғаш енген кезнде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт, спуткик деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т.б. сөздер жатады.

Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік, бау – бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай (жарық жақсы түсу үшін төбесі мен қабырғалары шыныдан жасалған көкөністер өсіретін орын), қызанақ, орамжапырақ, қаудан, дернәсіл, үлескі, өскін, жасуша, ағза және т.б.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей


1.Жаңа сөздер деген не?

2. Жаңа сөздерге мысалдар жаз.

3. Өлеңде жаңа мағынаға ие болған көнерген сөзді

Бала болдың жас болдың,

Жамандыққа ермедің.

Төре болдың бас болдың,

Жалғандыққа ермедің.

ІІ деңгей

1. Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді теріп жаз.

Мектеп, карта, телевизор, аялдама, кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, баспасөз, ғарыш, әмбебап, желтоқсан айы, сынып, қорғаушы, сұраныс, тапсырыс, асаба, оқушы, ұстаз.

2.Тәуелсіздікке байланысты кірген жаңа сөздерді қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпта мәтін құра.

ІІІ деңгей

1.Жаңа сөздерге жаңылтпаш құра

2.Көнерген сөздің негізінен қайта тіріліп, жаңарған сөздерді ата.

Үлгі: төре – төреші

3.Жаңа сөздер қанша түрлі жолмен пайда болады? Мысалдармен дәлелдеп жаз.



VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

1.Оқулықпен жұмыс

163 -жаттығу (ауызша)

164 -жаттығу.


  • * Мәтіндегі жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазыңдар.

  • 165 – жаттығу

  • * Мәтіндегі неологизм сөздердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.



VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.

1. Жаңа сөздер туралы түсінік.

2. 166-жаттығу

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жалпылама лексика

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың жалпылама лексика туралы түсініктерін кеңейту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау,салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV Жаңа сабаққа дайындық:

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама лексика дейді.

Жалпылама лексика адам баласының күделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы: су, ауа, тамақ, үй,т.б.

Жалпылама лексикаға тән сөздер өздерінің тура мағынасында жұмсалады.

Жалпылама лексикаға жататын сөздерді бала да, үлкен де, малшы да, ғалым да – бәрі бірдей түсінеді және сөйлеу мен жазуда қолданады. Мысалы: биыл қар аз жауды деген сөйлемдегі сөздер өзінің тура мағынасында ғана қолданылып тұр. Осы сөйлемдердегі сөздердің барлығы жалпылама лексикаға жатады.

Жалпылама лексикаға жататын сөздер жалпы халыққа түсініктілігімен, анықтылығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Олар әдеби тілдің негізгі қоры болып табылады.



VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап



1.Жалпылама лексика деген не?

2.Жалпылама лексика сөздік қорға жата ма, сөздік құрамға жата ма?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

168-жаттығу (жазбаша)

* Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен жалпылама лексикаға жататын табиғат құбылыстарының атауларына қатысты бірнеше сөз теріп жазыңдар.

* осы сөздерді қатыстырып жыл мезгілдерін суреттеңдер.



.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. 169 -жаттығу.

2 Жалпылама лексика туралы түсінік.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІ

5.Мұғалім:

Каталог: uploads -> doc -> 046e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
046e -> Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме» өлеңі Сұлтанмахмут Торайғыров «Бір адамға»
046e -> Есімше дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет