Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет10/12
Дата28.01.2018
өлшемі1,99 Mb.
#34548
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

VІІ Сабақты бекіту

Өздік жұмыс.

І топ

1.Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды тап.

Ата – ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын.

ІІ топ

1.Төмендегі сөздерді тасымалдауға бола ма?

Электр, станция, ансамбль, вольт.

ІІІ топ

1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.

2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Жұлдыз, Ұлдай.

VІ. Сабақты қорыту

1.Бағалау

2.Үйге тапсырма:

1.Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік

  1. 317 - жаттығулар


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне

бағынбайтын қосымшалар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың үндестік заңы, буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік

2.317 - жаттығулар




ІІІ. Білім тексеру

Терме диктант жазу.



  • Һе-е ей!..- дегенг дауысқа қысылған Ботагөз жалт қараса, жүгіріп келе жатқан Кенжетай екен. Қаз одан қаймыққандай қанатын жинап, мамырлап кейін жөнелді.

  • Қалай, бала, қорықтыңба?! – деді Кенжетай қалжыңдап.

Ботагөз ұялғандай тұнжырап, төмен қарады.

  • Әй, балақай қаздан қорыққан!..

Ботагөздің қалжыңға азық болғысы келмей:

  • Қорықпағанда... тістеп алса...- деді басын көтеріп



IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау



V. Жаңа сабақ

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен , біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:

1)Көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен, сәнімен,т.б.

2)-нікі, (-дікі,-тікі), -тай, -тал, -дар, -еке, -тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндер, ағаеке, өсімтал;

3)-бей, -би, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -хана, -кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер зиянкес;

4)-ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина. Мысалы: Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмағазина, т.б.

VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс

319– жаттығу (жазбаша)

* Мына жұрнақтарды қандай сөздерге жалғай алатындарыңды үлгі – сызбаға сүйеніп жазыңдар.

318–жаттығу(ауызша)

  • Төмендегі әр сөз мына сызбалық үлгіге қарап қанша сөзбен байланысқа түсу мүмкіндігі барын анықтаңдар.

320 – жаттығу

  • Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.



VІІ Сабақты бекіту

Өздік жұмыс.

І деңгей

          1. Буын үндестігі туралы айт және төмендегі сөздерді буынға бөл.

Жарнама, алма, тау, жұлдыз, әке – шеше.

ІІ деңгей

  1. Төмендегі сөздерден буын қөұрайтын дыбыстардың астын сыз.

Кезекшілер, тауға, аспан, көкпен, жазық, аққу, жылқы, күлкі.

ІІІ деңгей

1 «Жазғы кеш» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.

2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Мылтық, асхана.

VІ. Сабақты қорыту

1.Бағалау

2.Үйге тапсырма:

1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік

  1. 322 - жаттығу


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Басқа тілден енген

сөздерге жалғанатын қосымшалар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік

  1. 322 - жаттығу


ІІІ. Білім тексеру

Шығармашылық диктант



  • Төмендегі сөздерге қосымша қосып, сөйлем құрап жазыңдар.

Артель, лагер, бюллетень, бинокль, табель, циркуль, фонар, спектакль, автомобиль.

IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау



V. Жаңа сабақ

Үндестік заңы бойынша жалғанатын қосымшалар мынадай жағдайларда бұл заңға бағынбай қолданылады.

1.Соңғы буында ә, я дыбыстары бар сөздерге және хдыбысына аяқталған сөздерге жуан қосымша жалғанады. Мысалы: кінәлау, күмәндану, поляктар, полярлық, тарихқа, цехта, т.б.

2. соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нкт сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік белгіге (ь) аяқталған сөзге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: полюске, парашютті, паркте, хирургке, Томскіден, ансамбльден, бинокльден, рульді, т.б.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс

333– жаттығу (жазбаша)

* Мәтіннен құрамындағы дыбыстары кейінді ықпалдың әсеріненөзгеріске ұшыраған сөздерді теріп жазыңдар.

334–жаттығу

  • Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың үндестігін көрсететін сөздерді тауып, айтылуы мен жазылуын сызықша арқылы қатар жазып, салыстырыңдар.

VІІ Сабақты бекіту

Өздік жұмыс.

І деңгей

1.Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жаз.

Фильм, руль, альбом, киоск, повесть,грамм, крнспект банк.
ІІ деңгей

1.Төмендегі мәтіннен сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін айт.

Жиналған жұрт театр келгеннен бері талай қойылымды көріп, ләззаттанған жұрт пбеса авторын, оны қойған режиссерді, бас рөлдерде ойнайтын Күләш, Құрманбек, Қанабектерді сахнаға шақырды. Міне, бұлар – республиканың халық әртістері, пьесадағы көркемөнердің жаршысы.

ІІІ деңгей

1 соңғы буында /ә/ /я/ /ю/ дыбыстары бар, /х/ дыбысы және /рк/ /рг/ /кі/ /нк/ /лк/ /нг/ /нкт/ сияқты дыбыстар тіркесінен аяқталған сөздерге қандай қосымшалар жалғанады? Мысалдармен дәлелде.

VІ. Сабақты қорыту

1.Бағалау

2.Үйге тапсырма:

1. Басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар

2. 336 - жаттығу

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға дыбыс үндестігі туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар

2. 337 - жаттығу


ІІІ Білім тексеру:

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Астық, айлық, айдын,

    2. Әйгілі, әдемі, әңгіме.

    3. Күләш,Кәрім.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Дыбыс үндестігі

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).

Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.

Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз: тас-тан, жаз-ға, адам-нан. Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша қатаңнан басталады. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан, ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса, қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады.

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз. Мысалы: теп-теуіп; жап-жабады, жауып; сабақ- сабағы; кітап-кітабы; жазса (айтылуы жазсса); көнбейді ( айтылуы көмбейді).
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

  2. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?

  3. Ілгерінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.

  4. Кейінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

335 – жаттығу(ауызша)

  • Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін түсіндіріңдер.

.
2.Деңгейлік тапсырмалар



І деңгей

  1. Төмендегі сөйлемнен ілгерінді және кейінді ықпалды тап.

Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биіӘйтеке Бәйбекұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды

ІІ деңгей

  1. Сөз тіркесінің аралығындағы ілгерінді кейінді ықпалды тап.

Атың кім? Ақ лақ, әкеп бер, сақ бол, көз сал, он бес, төрт қант.

ІІІ деңгей

  1. Түбір мен қосымша, біріккен сөз, сөз тіркестері аралығындағы кейінді ықпалға мысалдар жаз.

VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1 Дыбыс үндестігі туралы түсінік.

2.337 – жаттығу.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Орфография мен орфоэпия

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Орфография мен орфоэпия туралы білім беру және нақтылы мысалдармен түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке дұрыс сөйлеу мәдениеттілігіне, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардыңжалпы сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1 Дыбыс үндестігі туралы түсінік.

2.337 – жаттығу.
ІІІ Білім тексеру:

    1. Сатылай фонетикалық талдау үлгісі

Сөз

1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз

2.буын а) ашық ә) тұйық б) бітеу

3.тасымал

4.екпін

5.буын үндестігі



6. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мінездеме
Осы үлгіге сүйене отырып, білім - сөзіне сатылай кешенді

талдау жасау.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.

«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.

Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір – біріне үндесіп айтылуы керек.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Орфография дегеніміз не?

  2. Орфоэпия дегеніміз не?

  3. Тіліміздегі сөздердің айтылуы мен жазылуына байланысты оқушылардың өздеріне мысалдар айтқызу және тақтаға жаздыру

  4. Мына сөздердің айтылуын жаз.

Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

  1. жаттығу(ауызша)

  1. Төмендегі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.




  1. жаттығу

  1. Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфоэпиялық нормасын сақтап жазыңдар.




  1. жаттығу

  1. Мәтінде қате жазылған сөздерді тауып, оларды дұрыс жазып шығыңдар.

.
2.Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1.Төмендегі сөздерден айтылуы бойынша жазылған сөздерді тап және оны дұрыс жаз.

Қонысбай, дүйсембі, сенбі, жұмышшы, бірқатар,сүссе, жасса, балмұздақты, Талдығорған, Меңдіқұл

ІІ деңгей

1.төмендегі сөздерді орфография бойынша жазып шық.

Башшы, өнүм, тұу, ыйық, тоқыу, іріу.

ІІІ деңгей

1. 1. Орфография мен орфоэпия туралы айт. Абайдың «Қыс» деген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық.
VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1 Орфография мен орфоэпия туралы түсінік.

2.342 – жаттығу.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Екпін, ой екпіні, сөз екпіні.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың екпін ой екпіні, сөз екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тілдегі сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

Екі немесе оданда көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны тиянақты болды: екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.



Сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту ой екпіні деп аталады. Ой екпіні тұрақты болмайды. Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.

Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді. Атасы ауылға бүгін келді. Ауылға бүгін атасы келді.

Осында бірінші сөйлем атасы ауылға келгенін, екінші сөйлемде атасы бүгін келгенін, үшінші сөйлемде ауылға басқа емес, атасы келгенін нақтылап хабарлау мақсаты көзделген. Сондықтан тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін ол сөздің қалыпты орны басқа орынға (баяндауыштың алдына) ауыстырып қолданылған. Назар аударылатын сөз сөйлемнің басында не соңында, көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.
VІ. Түсінік тексеру

  • Терме диктант

1.Тігін фабрикасынан әкелінген киімдер дүкендерде сатылды.

2. Мектеп оқушылары құс фермасын аралап көрді. 3. Ферма жиырма мың центнер құс етін тапсырды. 4. Менің ағам авиация училищесінде оқиды. 5. Менің тұңғыш очеркім аудандық газетте жарияланды.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1..Деңгейлік тапсырмалар:



І деңгей

  1. Екпін дегеніміз не?

  2. Мына мәтіннен сөз екпінін тап.

Жастардың бүгінгі міндеті - оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Сондықтан жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.

(Ғ. Мұратбаев)

ІІ деңгей

1. Ой екпіні дегеніміз не?

2 Төмендегі шешендік сөзден ой екпінін тап.

Бостандықтың қадірін

Жабылғанда білерсің

Қалтаңдағы ақшаңды

Қағылғанда білерсің.

Денсаулықтың қадірін

Ауырғанда білерсің.

Ақ бетіңнің қадірін

Қан кеткенде білерсің.

ІІІ деңгей

  1. Мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндір және ой екпіні түсіп тұрған сөздің астын сыз.

VIІІ. Сабақты қорыту

      1. Бағалау

      2. Үйге тапсырма:

1Тасымал туралы түсінік.

2. 334 -жаттығу

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Тіркес екпіні, дыбыс екпіні.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың тіркес екпіні, дыбыс екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет