Сабақтың тақырыбы: Анамның істері. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата22.08.2017
өлшемі45,53 Kb.
#24718
түріСабақ
Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі Сынып:4 «а» Күні:
Сабақтың тақырыбы: Анамның істері.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тақырып бойынша сапалы білім беріп,өз ойларын айта алуға жетелеу,сөздік қорларының сапасын көтеру.Түрлі тапсырмалар арқылы тілдесімге жетелеу.Олардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі іске асыру.
Дамытушылық:Қойылған сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру.Ауызша және жазба жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы сауаттылықты қалыптастыру.Есте сақтау қабілеттерімен сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік:Ұжымда еңбек ету,бір – біріне деген достық ықыластарын оятып,тілге деген құрметін арттыру. Өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, уақыт үнемдеуге тәрбиелеу

Сабақтың міндеттері:

- Өздігімен жұмыс жасауды ұйымдастыру;

- Сұрақтар,тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың дағдыларын жетілдіру және қалыптастыру;

- Жеке тұлғаның дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

- Логикалық ойлауын және дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың түрі: Сөздермен,мәтін,сөйлемдер,аудару, іздену, салыстыру, баяндау, сұрақ - жауап.

Жұмыс түрлері: жеке жұмыс

Қажет құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, таратпа тапсырмалар, слайд, ,оқулық,



Дағдылар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Модуль, уақыт

Білу 2 мин.

3 мин.


5 мин.


1.Психологиялық ахуал Ұйымдастыру Амандасу.Түгендеу.
2. Үй жұмысын тексеру:40б,№2


Тақырыпқа шығу: Жаңа сабаққа жетелейтін сұрақтар:

1.Мәтінде кім жайлы айтылған?

2.Бұл кім?

3.Ол қайда жұмыс істейді?

4.Сүйікті ісі?

5.Ол кімді жақсы көреді?

3.Мотивация:Үнтаспаға жазылған мәтінді тыңдап,түсінгенің айтып,сұрақтарға жауап береді.Сөйтіп бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.

4.Мақсаты:Жаңа тақырыпты меңгеру.

Оқушылар үйде жазып келген үй жұмысын оқып береді.
Үнтаспаға жазылған мәтінді тыңдау

Сұрақтарға жауап беріп, тақырыпқа шығады.

Мақсатты анықтайды.

СТО



Түсіну

5 мин.


5.Жаңа тақырып: слайд,таратпалар арқылы

1.Түсінік беру


2. Есіңде сақта.слайд арқылы

Есінде сақтайды,жаттайды.




Қолдану
20 мин

6. Бағыт беру:Таратпадағы тапсырмаларды орындау. /Жеке жұмыс жасау арқылы тапсырманы орындау/
1-тапсырма.Мәтінді оқып,аудар.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

3-тапсырма.Ана сөзін жікте.

4-тапсырма.Сәйкестендір.

5-тапсырма.Мына сөздерге сұрақ қой.

Оқушылар тапсырмаларды дәптерде орындайды. Таратпамен жұмыс жасайды. Салыстырады,талдау жасайды,сұрақтарға жауап береді,сипаттайды,ізденеді.


Салыстыру

Іздену


Сергіту сәті

2 мин.


7 Оқушылар «Қызыл өрік» биі үзінді Сергіту сәті /тренинг/ билейді




Бекітіп талдау

5 мин


Интерактивті тақтада жазылған Тест сұрақтарын орындайды.Дұрыс жауабы жазылған.Өзін тексереді.


Ойланып жазады.




Жинақтау
3 мин.

Бүгінгі сабақтан Не білдік? осыны сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.



Оқушылар сабақ бойы жинаған білімдерін сұрақ-жауап арқылы айтады.



Бағалау

2 мин


Мұғалім оқушыларының бағалары бойынша өз пікірін айтады.

Бағалайды.






Үй тапсырмасы

1 мин





Күнделіктеріне бағаларын қойғызып, үй тапсырмасын жазады.




Пән мұғалімі:Төлеуова Әсел Армияқызы

Тексерілді:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет