Сабақтың тақырыбы: Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер. Пән атауы : Химия Педагог: Ерболова П. Е. Курс: 1



бет4/11
Дата31.12.2021
өлшемі65,25 Kb.
#107391
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
f6038a2129ea870

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Құрамындағы көміртек атомдарының саны бірдей сәйкес алкандармен салыстырғанда сутек атомдарының саны аз болатын көмірсутектер қанықпаған көмірсутектер деп аталады.

Қанықпаған көмірсутектерде де көміртек атомы өзара 4 валентті. Алайда бұл қосылыстардың құрылысындағы ерекшелік – екі көміртек атомы қос және үш байланыспен байланысқан. Еселік байланыстардың болуына қарай қанықпаған көмірсутектер сутекпен шегіне дейін қаныға алмаған, сондықтан оларға «қанықпаған» деген ат берген.

Алкендер –молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы CnH2n болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкендердің ең қарапайым өкілі- құрамында екі көміртек атомы бар –этилен С2Н4 (СН2 = СН2). Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады.

Алкендерде көміртек атомдары sp2- гибридтенген күйде болады. Этилен молекуласындағы әр көміртек атомының бір s- және екі p-электрон орбитальдары гибридтенуге қатысады. Яғни, әр көміртек атомында үш гибридтенген электрон бұлты жіне бір гибридтенбеген p-электрондық орбиталь болады. Үш гибридтенген орбитальдың екеуі сутек атомдарының s-электрон бұлттарымен екі σ- байланыс, ал үшінші гибридтенген орбиталь екінші көміртек атомының осындай орбиталымен қаптасып, тағы бір σ-байланыс, этилен молекуласында барлығы бес σ-байланыс түзеді. Гибридтенбеген p-электрондық орбитальдары σ-байланыстар орналасқан жазықтыққа перпендикуляр орналасып, бір-бірімен жазықтықтың екі жағында (астында және үстінде) қаптасып, p-электрондар арасында(С –С ) бір πбайланыс түзеді. Яғни, этеннің молекуласындағы көміртек атомдары өзара бір σ- және бір π- байланыстар арқылы жалғасады. Қос байланыстың ұзындығы 0,134нм, байланыс энергиясы 612кДж/моль болады. π-байланыс σ-байланысқа қарағанда әлсіз болады да, реакцияға түскенде оңай үзіледі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет