Сабақтың тақырыбы: Апамның астауы. (Оралхан Бөкей)
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға Оралхан Бөкей туралы, өмір жолдары, шығармалары жайында айта келе, «Апамның астауы» әңгімесін оқыту, түсіндіру.
ә) Оралхан Бөкейдің апасының мінезін, ерекше қасиеттерін сипаттай келе, адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оқушының шығармашылық ізденісін дамыту, жазба тілдерін жетілдіру.
б) Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, шындыққа, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғауға, салт- дәстүр, қолөнерге, ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Оралхан Бөкейге арналған буклеттер, газет, альбомдар, нақыл сөздер, сөзжұмбақ, карта, үнтаспа, карточкалар, шығармалары, көрініс т.б
Көрмеде: кітаптары, реферат, оқушылар салған суреттер, т.б оқушы шығармашылықтары.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Педагогика тағылымдары», «Қазақ әдебиеті» газеттер. «Ұйқым келмейді» , «Біздің жақта қыс ұзақ», «Қайдасың қасқа құлыным», «Ән салады шағылдар», «Үркер ауып барады», «Қар қызы», «Мынау аппақ дүние», «Құм мінезі», «Құлыным менің» пьесасы, «Мұзтау», «Қазақ халқының қолөнері», «Қазақ халқының салт- дәстүрі», «ЭХО» кітабы, «Ұлттық бұйымдары» т.б.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, география, тарих, сурет, музыка, еңбек, дүниетану, саз өнері.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беретін қиын сабақ:145678
Сабақтың формасы: Шығармашылық ізденіс сабақ.
Әдіс- тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, көрнекілік, техникалық құрал пайдалану, жаттығулар, сұрақ-жауап, іздену. Жеке оқушымен жұмыс, жалпыдан жекеге.
III. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Жаңа сабаққа дайындалу, мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақта біз нені білеміз, нені білуіміз керек т.б.
Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың – қара өлеңнің сөзіндей,
Асқақ едің, атақты едің,
Нар едің –
Туған өлкең – өр Алтайдың өзіндей!
Шыңға біткен шынары- өр Алтайдың
Халқы есіне сақтайды Оралханды.
Шыңғыстайдың мұзбалақ қыранының
Өмірінен мынау біз сыр толғаймыз.
IV. Жаңа сабаққа дайындық:
1. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу, хабарлау.
«Апамның астауы» О. Бөкей.
1. Оралхан Бөкей кім? Жазушы
2. Оралханның туған ауылы. Шыңғыстай
3. Оралхан Бөкей жазушы... драматург
4. Оралхан Бөкей жазған шығармасы. (1970ж) Қамшыгер
5. Оралхан Бөкей кітабы. (1975 ж) Мұзтау
V. Жаңа сабақ:
1. Кіріспе сөз
2. Әңгімені қысқаша баяндау, түсіндіру.
3. Сөздік жұмысын түсіндіру.
Міне балалар, Оралхан Бөкей ағамыз- Катон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында туып өскен жазушы. (картадан көрсету)
Шығыстың жұлдыздарының бірі- Оралхан Бөкей өзінің туған елін, жерін, асқар Алтайын шексіз сүйіп, жырлап өткен жазушы. Оралхан Бөкей- суреткер, сөз шебері. Бүгінгі біздің оқитын әңгімеміз, әжесі туралы- «Апамның астауы».
VI. Сөздік жұмыс: а) Дәптерге күннің атын жазғызу.
ә) Тақырыпты, түсініксіз сөздерді жазу.
« Астау»- деген не? (ағаш аяқ)
Астау ертеден келе жатқан көне сөз. Астау- ыдыс. (ағаштан ойып жасалған). Астауды көбінесе біздің әжелеріміз пайдаланған. Астауға нан илеген, құрт езген, пісірілген етті түсіріп қоюға арналған. Қазіргі кезде осы ыдысты біз пайдаланамыз ба?- Жоқ. Ол мұражайларда ғана сақталады т.с.с.
VII.Мәтінмен жұмыс. 1. Мәтінді абзац бойынша, тұтас оқимыз.
2. Мәтінді оқи отырып, қарындашпен түсініксіз сөздеріңді сызып қоюға болады.
3. Қандай мағынасы, мазмұны түсініксіз сөздер бар. Астау, келі- келсап.
«Келі»- деген не? Келі- тары, бидай т.б дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын ағаштан жасалған құрал. Қазақ жерінде 2 түрлі келі болған. 1-іншісі тақта келі; 2-ншісі шұңғыл келі. Ерекшеліктері түбінің жайпақ, тегіс немесе шұңғыл болуында.
Шұңғыл келі- дәнді қаралау, ақтауға пайдаланса,
тақта келі- дәнді жармалап, ұнтақтайды. Ағаш келі, келсапты қайың, қарағаш сияқты ағаштан жасайды.
VIII. Алғашқы білім байқау: Сұрақ- жауап әдісі.
Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
Жазушының ілтипатпен, ыстық сезіммен еске алып отырғаны кім?
Автордың балалық шағындағы ойнаған ойындары қандай? Ол ойындарға байланысты Апасын қалай еске алады?
Жазушы қонаққа барған кезінде, отынға барған сәтіне т.б байланысты Апасын қалай еске алады?
Әңгіменің «Апамның астауы» деп аталуына не себеп, қандай негіз бар?
Әңгімедегі әженің өнерлі екенін неден аңғардың?
Әңгімеді «Апам» сөзі неге бас әріппен жазылған?
Сергіту сәті: « Асыл әжем»
IX. Шығармашылық тапсырма орындау: Ой толғау
Сый қоржын (ойын)
Мысалы: дарынды, нашар оқушылармен жұмысты жаңдандыру.
№1. Әңгімеден әженің портреттік суреттемелерін тауып оқы, жаз:
«Ол кісі әңгімеге сараң- көп сөйлемейтін, тек өз ісімен ғана жүретін, қақ-соғы жоқ, инабатты, жуас адам еді»
№2 Мәтіннен жазушының Апасын сағынған, аңсаған сезімдері айтылған жолды тауып оқы.
Ертеректе; Дүние жүзінде...
№3. Жазушының Апасының суреті берілетін жолдары тауып оқы, сол адамды көз алдыңа елестетіп көр.
Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір...
№4. а) Әңгімеден қөлөнер түрлерін санамалап, айта бер
Мысалы: тері илену, жүн түту т.б
ә) өз әжең туралы айтып бер.
№1. 1. Оралхан Бөкей кім?
2. Оралхан Бөкейдің туған жері туралы не білесің, жаз?
№2. 1. «Апамның астауы»әңгімесін кім жазды?
2. Оралхан Бөкейдің туған жері, шығармаларының атын жаз.
№3. 1. Сен оқитын мектеп кімнің атында?
2. Оралхан Бөкей туралы не білесін?
№4. 1. Оралхан Бөкейдің өзің білетін әңгімелер атын жаз.
2. Оралхан Бөкей қай елде, қай қалада қайтыс болды?
X. Сабақты бекіту: Сонымен, біз бүгін қандай әңгімемен таныстық? Әңгіме авторы кім?
Үнтаспадан көрініс: Басты кейіпкер кім? Бұл әңгіме бізді неге үйретті? Сендердің де әжелерің, аналарын бар, соларды сыйлау керек. Жазушы туралы айту, оқуға шақыру.
XI. Үйге тапсырма:
а) Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.
ә) Әже, аналарың туралы мақал- мәтел, нақыл сөздер жазу.
б) «Асыл әжем» атты шығарма жазу.
XII. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |