Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өлшеу. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/4
Дата16.10.2019
өлшемі182,82 Kb.
#50117
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
8сынып2сабакк


Сабақтың ортасы

(30 минут)

Білу және түсіну

Мәтінмен жұмыс. Бетшелерде берілген мәтіндіалдыңғы біліммен байланыстыра отырып оқушылар оқып алады.

«Өкіл» әдісімен жаңа тақырыпты меңгереді. Әр топтан бір «елші» таңдалып, «елші» келесі топтарға барып, олардың жаңа тақырып бойынша ойларын тыңдап, түсініп, қайтадан өз тобына оралып, білгендерін өз тобына айтып береді.

«Ромбтық жіктелім» әдісімен топтағы оқушылар талдау жасай отырып,«Ромбтық жіктелім» кестесін толтырады. Кестеге ең маңызды, маңызды, жеткілікті маңызды, онша маңызды, онша маңызды емес, ең маңызы терминдерді рет-ретімен жазады. Постер қорғайды.

Дескриптор:

  • Алфавит қуаттылығы, алфавит салмағы ұғымдарын біледі;

  • Ақпараттың қуаттылығын, көлемін есептеу формулаларын ажыратады;

  • Ақпарат көлемін алфавит тәсілмен анықтау жолдарын түсінеді.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.



Қолдану. «Ойлан, жұптас, топтас» әдісі

1 тапсырма. Топтық жұмыс

1.Егер алфавит 32 әріптен тұратын болса, сол алфавиттың бір әріпі қанша ақпарат таситынын есептеңіз. ____________________________________________

2. Мәтінді қарастырыңыз.

Егер 1 символ = 1 байтқа тең болса, мәтіндегі алфавит қуатын есептеңіз.

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер. ________________________________________________

Дескриптор

- бір таңбаның ақпарат салмағын есептейді;

- мәтіннің алфавит қуатын есептейді.

. ҚБ: Сұраққа дұрыс, толық жауап берген оқушыныжұлдызша арқылы бағалау.



2 тапсырма. Жұптық жұмыс



32 символдық алфавит көмегімен жазылған хабар 40 символдан тұрады. Хабардың ақпараттық көлемі қандай?



Дескриптор

- берілген мәліметтерді анықтайды;

- формуланы жазады;

- ақпарат көлемін есептейді;



- ақпарат көлемін байт түрінде жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет