Сабақтың тақырыбы: «Қараш қараш оқиғасы»



Дата19.12.2016
өлшемі63,56 Kb.
#4175
түріСабақ
Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Қараш - қараш оқиғасы»әңгіме кейіпкерлері

Мақсаты:

  1. Мұхтар Әуезов шығармашылығымен таныстыру, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы Бақтығұлдың іс ­әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру;

  2. хикаятты түсініп оқу, сөз астарына үңіліп мағынаны түсіну, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру;

  3. ақыл ­ой, адамгершілік тәрбиесін беру, имандылыққа, әдептілікке, жақсы қасиеттерге үйрету.

Типі: жаңа білімді меңгерту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: мәтінмен жұмыс, пікірталас,ой қозғау, сұрақ –жауап, сөздікпен жұмыс, іздендіру.

Көрнекілік: Мұхтар Әуезов портреті,шығармалар жинағы, тірек сөздер

І.Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Қандай да болмасын көркем шығарманың жазылуына өмір шындығы негіз болады. Жазушы өзін қызықтырған өмір оқиғаларын жан ­жақты зерттеп, таразылап, сосын шығарма жазуға кіріседі.

­Балалар, сендердің де алға қойған мақсаттарың бар шығар? Олай болса, кімдердің болашақта қандай мамандық иесі болғысы келетінін тыңдап көрейік...(Балалар сөзі)

­Жақсы.Ендеше ,балалар, біздің білімге деген қызығушылығымызды оятатын кез келді. Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап берейік.

Тектіғұлдың да есіне бір күйік түскендей. «Кескен теректей құлатты ғой мені. Қу жоқшылық бір құлатты. Аямас дұшпан соққы жазасы алып кетті, бар дәрменімді... Нем қалды? Тектіғұл ініңнің орнына кімің қалды сенің? ­ деп, әлсіз жүзін ағасына зорға дегенде бұрып,аға­жеңге екеуіне бірдей кезек көз тастап, соңғы қара өзекті қақ жарғандай шынын айтты. Сыры да сол. Шерлі шыны: «Кегім... кегім кетті»­деді де, екі танауы қусырылып,кемсеңдеп,тұншыға жылады. Қатты қинала жөтеліп, іргеге қарай құлай аунады»

1. Балалар, қалай ойлайсыңдар, үзіндіде не туралы айтылған?

­2.«Кек» сөзінің мағынасын ашайық. Қай кезде адам баласының бойында кек пайда болады...(Балалар сөзі)

­Келесі үзіндіге назар аударайық.

«...Ел ішіне келген қалың сүзектен әке ­ шеше қатар тартып жығылып, араларына екі күн салып «әуелі анасы, артынан әке өлді. Сонда 16 жасар Бақтығұл 10 жасар Тектіғұлді бәресе қолынан жетектеп, біресе арқалап, әкесі айтқан Нағашы деген елге бірнеше күн итшілеп жаяу кезіп, зорға жетіп еді. Нағашы дегенді іздеп барып, бұлар жиен болып жетіскен жоқ- ты.Қозыбақ ауылы деген Бүрген болысындағы малды -басты жуан ауылға екі бірдей малай болып, өзі қой бақты, інісі қозыға салынды. »

3.Әңгіме кімдер туралы?

(Әңгіме әке - шешеден жетім қалып, тағдырдың ауыр тауқыметін тартқан, құлдықпен күн өткізіп, күнкөріс үшін балалықпен ерте қоштасып, бел шешпей еңбек еткен қос жетімнің ауыр тұрмысы айтылады.)

4. Осы тұста өздеріңде қандай сезім пайда болды?

5.Әңгімедегі оқиға қай уақытты суреттейді?

(Әңгіме Қазан төңкерісіне дейінгі уақытты суреттейді. Әңгімеде сол заманның өмір шындығы, әділетсіздік, ел билеуші жуандардың шектен асқан зорлығы мен қулық сұмдығы баяндалады.)

Повестің жазылуына негіз болған кім?(көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі – Рысқұлдың басынан кешкен оқиға.)

Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның стихиялық күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тұра алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсеткен. Повестің басты идеясы да осы.

6.Артына өшпес мұра етіп, осындай көркем шығарма қалдырып кеткен ұлы тұлға кім?



  • Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

7.Мұхтар Әуезов кім? (Топтастыру әдісімен)

Мұхтар Әуезов – ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, әдебиет тарихшысы, білгір шешен, іскер, тапқыр, драматург, зерттеуші.

8. Мұхтар Әуезов шығармалары: «Абай жолы» эпопиясы «Адамдық негізі әйел» (көсемсөз) «Еңлік -Кебек пьесасы», «Бүркітші әңгімесі», «Қорғансыздың күні» әңгімесі, «Көксерек әңгімесі», «Қараш- Қараш оқиғасы» повесі.


  • Енді, балалар, «Қараш- Қараш» оқиғасына тоқталсақ.Мазмұнын оқып, жоспар құрып келу тапсырылған болатын. Қане, кім оқиды?

Жоспары:

  1. Тектіғұлдың қазасы;

  2. Ағайындылардың аянышты тағдыры;

  3. Бақтығұлдың кек жолындағы ұрлығы;

  4. Сәлемннің айбары;

  5. Шұғыл шешім;

  6. Жарасбай болыстың панасында;

  7. Барымташы Бақтығұл;

  8. Жарға соққан жалғыздық;

  9. Қараш - қараш асуында атылған оқ.

Повесть туралы оқушылардың пікірін тыңдау.

  • Балалар, шығармада ескі қазақ ауылындағы тіршілік, тұрмыста орын алған өткір тартыс, әлеуметтік теңсіздік жайы баяндалады екен.

3.Жаңа сабақ.

1.«Қараш Қараш оқиғасының» тақырыбын ашайық. Тақырыбы: «Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік».

2.Повестің жазылуына негіз болған кім?(көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі – Рысқұлдың басынан кешкен оқиға.)

Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның стихиялық күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тұра алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсеткен. Повестің басты идеясы да осы.



3.Кейіпкерлеріне тоқталсақ:

Басты кейіпкер –Бақтыгүл мен інісі Тектіғұл. Қозыбақ ауылындағы байлар –ағайынды Сәт пен Сәлмен, Жарасбай болыс, Қоқыш жандайшап, Досай ауылынан –Бәйтен бай, қарындасы –Қалыш,т.б.



4.Бақтығұл қандай адам?(топтастыру әдістемесі)

Бақтығұл-еңбекқор, бейнеткер,адамгершілігі мол, кедей,батыл,ер жүрек,әділ,жалшы, барымташы,жалғыз,кекшіл,ұзын бойлы,денелі,иықты,аңғал,сенгіш адам.



5.Кітаппен жұмыс.

Оқулықтан Бақтығұлдың Сәлмен бай, Жарасбай баймен сөйлескен жерінен эпизод тауып оқу.



6.Сөздікпен жұмыс.

Ұры- затты, нәрсені ұрлаушы адам. Ұрлық- біреудің затын,нәрсесін иесіне білдірмей рұқсатсыз меншіктеу түріндегі қылмыс. Кек- жауға деген өшпенділік. Жоқшылық- кедей, жарлы болу. Зорлық- қиянат,зәбір,көрсету, жала. Паналау- тірек ету,сүйеніш ету. Қалаулы-өз еркі, ыңғайы.



7.Пікірсайыс. Жақтаушы топ: Бақтығұлдың іс-әрекеті дұрыс.

Даттаушы топ: Бақтығұлдың іс-әрекеті дұрыс емес.

Талдаушы сұрақ:

1.Бақтығұл ұрлық жасауға өз еркімен барды ма?

2.Бақтығұлдың бойында баукеспе ұрыға тән қасиет бар ма?

3.Аштықтан құтылудың ұрлықтан басқа жолы бар ма?

4.Ұрланған мал кімнің қорасын толтырды?

ІV.Сабақты қортындылау.

Жақтаушы, даттаушы көзқарастарын, пікірлерін талдап, баға беру, мазмұнына талдау жасау.



V. Сабақты бекіту.

1.Жарасбай қандай жан?

2.Мәтіндегі Бақтығұл мен болыс әңгімесіне қалай қарайсыңдар?

3.Бақтығұл өзінің қателескенін қашан түсінді?

4.Бақтығұлдың Сәлеменді емес, Жарасбай байды өлтіру себебі неде?

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма беру.Тип. Прототип.(әдеби теория,әңгіме бойынша)

7.Пікірсайыс.
Жақтаушы топ: Бақтығұлдың іс-әрекеті дұрыс.
Талдаушы сұрақ:

1.Бақтығұл ұрлық жасауға өз еркімен барды ма?

2.Бақтығұлдың бойында баукеспе ұрыға тән қасиет бар ма?

3.Аштықтан құтылудың ұрлықтан басқа жолы бар ма?

4.Ұрланған мал кімнің қорасын толтырды?

7.Пікірсайыс.

Даттаушы топ: Бақтығұлдың іс-әрекеті дұрыс емес.
Талдаушы сұрақ:

1.Бақтығұл ұрлық жасауға өз еркімен барды ма?

2.Бақтығұлдың бойында баукеспе ұрыға тән қасиет бар ма?

3.Аштықтан құтылудың ұрлықтан басқа жолы бар ма?



4.Ұрланған мал кімнің қорасын толтырды?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет