Жоспары:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3. Өткенді қайталау (сұрақ-жауап)
«Тыңда,ойлан,тап!»
4.Негізгі бөлім
- Көрініс есеп.
- Практикалық есеп.
- Логикалық есеп.
- Есептер шығару.
- Біліміңді тексер.
- Өзіндік жұмыс.
5.Қорытындылау
-Рефлексия
- Бағалау
-Үй тапсырмасы
1.Ұйымдастыру:
Бүгінгі сабақ өзгеше сабақ болғалы тұр.(Патриоттық сезімді ояту үшін)
-Мен бұл сабақ ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «сенім артқан жастарға баса көңіл аудару керек» деген үзіндісінен бастағым келіп отыр:
Білімді,саналы ұрпақ- еліміздің болашағы!
Топ басшы өзін таныстырады.Топтың атын,топтың ережесін айтады.
Жағымды ахуал орнатайық:
«Шаттық шеңберін құрамыз» әр топ өз достарына жақсы тілектер тілейді.
- Сабағымыздың тақырыбы:
- Бүгін біз прогрессия туралы алған білімімізді жүйелеп, әртүрлі есептер шығару барысында пайдалануды үйренеміз.
Прогрессияның біздің өміріміздегі орнын,маңызын қарастырамыз. Математиканың қаншалықты қызықты, әрі пайдалы екеніне көз жеткіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |