Психологиялық ахуал тудыру:
Тізбектелген тілек ойыны.
Әр оқушы тізбектелген тілекті оң жағындағы көршісіне айтады, ол әрі қарай тілекті оң жағындағы көршісіне айтып жалғастырады .
Сол тұрған «Сандар жиыны», «Тізбек», «Айырма» түстес стикерлермен топқа бөлінеді.
Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін алдымен оларға топ ережелерін сақтауды және әр топтан топ басшысын сайлауын айтылады.
Сабақтың ұранымен танысады:
"Прогрессия-ілгері қозғалыс, алға ұмтылыс!"
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырамын.
Сол жаңағы шеңбер бойымен тұрғандары бойынша «Қайталау - оқу айнасы»
СТО: "Фишбоун" әдісі
Әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, топ оқушылары кезекпен жауап береді.
1) Арифметикалық прогрессия дегеніміз не ?
2) Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы дейміз ?
3) Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы тұжырымдап бер.
4) Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиеті қандай?
5) 2000; 2005;2010; 2015;... -тізбегі, арифметикалық прогрессия бола ма
6) Арифметикалық прогрессияның -ші мүшесі неге тең?
7) Арифметикалық прогрессияның -ші мүшесі неге тең?
|