Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер Сабақтың мақсаты а білімділік



Дата06.07.2018
өлшемі1,98 Mb.
#47364
түріСабақ


Нұрғалиева Ләззат,

М.Горький атындағы №16 мектеп – лицейінің биолгия пәні мұғалімі.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер

Сабақтың мақсаты

а) білімділік

оқушыларға ашық тұқымды өсімдіктер туралы түсінік беру, құрылысын,көбеюін,түрлерін сипаттау.

ә)дамытушылық

қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру ,шығармашылыққа баулу арқылы олардың білімділігі мен біліктілігін дамыту.

б) тәрбиелік

оқушыларды өсімдіктерді күтуге, алғырлыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар, тест.

Пән аралық байланыс: медицина,әдебиет.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: интеративті әдіс, түсіндіру және сұрақ жауап әдістері.

Сабақтың жоспары

І.Ұйымдастыру кезең

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.

-«Ғажайып ондық» кезеңі- үй тапсырмасын сұрау.

-« Қайталау-білім анасы»- кесте толтыру.

- «Сәйкестік сынақ»

-«Ойлан тап»- жұмбақ.

ІІІ. «Білген сайын келеді, біле бергім»-жаңа сабақ.

Дәптермен жұмыс.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

-№1.кесте толтыру

-№2. бағанға орналастыру

-№3. өсімдік атауларын дұрыс атау

- «Миға шабуыл»-тест.

-«Ой сергіту»-мақал-мәтел, тиым сөздер.

Ү.«Бейнет түбі зейнет»- бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

«Рефлексия кезеңі»- сабақтан алған әсері туралы ой бөлісу.
І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Сабаққа дайындау

Топқа бөліну

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
1. I топ «Ғажайып ондық» кезеңі –сұрақ-жауап

Қырықжапырақтылардың кең тараған өкілдері-

( усасыр қырықжапырағы)

Қырықжапырақтәрізділердің жапырақтары- (фотосинтез құбылысы мен споралар дамитын орын

Қырықжапырақтәрізділер қандай жерлерде өсуге бейімделген- (көлеңкелі,ылғалды)

Сорус дегеніміз-(спорангийлердің жиынтығы)

Қырықжапырақтәрізділердің пайдасы- (отын өнеркәсібінде)

ҚР Қызыл кітабына тіркелген қырықжапырақтылардың түрі- (шолпаншаш сүмбілі)

Қазіргі кезде қай жерлерде қырықжапырақтылардың ағаштәрізді түрлері өседі-(Жаңа Зеландия,Австралия)
2. II. «Қайталау-білім анасы»- кесте толтыру

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

Тұрмыстағы және шаруашылықтағы маңызы

Шымтезек мүгі




Плаундар




Далалық қырықбуын




Қырықжапырақтәріздестер





3. III топ. «Сәйкестік сынақ»

р/с

сұрақтары

жауаптары

1.

Тамырдың қызметін атқарады

Спора

2.

Ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан жетіледі

Жыныссыз көбею

3.

Қауашақтың ішінде дамиды

Ризоид

4.

Споралардан басталады

Өткізгіш шоқ

5.

Сабақтың ортасында орналасады

Қауашақ


«Ойлан тап» жұмбақ.
1.Өзі  таудың  бөктерінде   өседі.

Жаңа  жылда  үй  төріне  көшеді.

              (  шырша )

2. Дауылға да, аязға да,

Шыдап  бағар  мізбақпай.

Тау етегі  тұрағы, 

Жап-жасыл  боп тұрады.

                                                         ( Қарағай )


ІІІ. «Білген сайын келеді, біле бергім» -жаңа сабақ.

/ Дәптермен жұмыс/

1топқа Ашық тұқымды өсімдіктердің қырықжапырақтәрізділерден қандай ерекшеліктері бар?

2топқа. Балқарағайдың өзге қылқан жапырақтылардан айырмашылығы неде?

3топқа. Ашық тұқымдылардың адам өмірне пайдасы.


IV. Жұптық тапсырма

1.Тұқымды өсімдіктер неше бөлімнен тұрады? (2 бөлімнен: ашық тұқымдылар (тұқыммен көбейеді, жеміс түзбейді) және жабық тұқымдылар (тұқымы жемістің ішінде))

2.Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасса қандай өсімдіктер деп аталады? (ашық тұқымды өсімдіктер)

3.Ашық тұқымды өсімдіктер қалай көбейеді? (тұқыммен көбейеді)

4.Ашық тұқымды өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар)

5.Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі қалай аталады? (сүрек)

6.Ашық тұқымды өсімдіктердің ең көп таралған түрлері (қылқан жапырақты өсімдіктер)

7.Қылқан жапырақты өсімдіктердің бұлай аталу себебі неде? (себебі, жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір)

8.Қылқан жапырақты өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (қарағай, шырша, самырсын, арша)

9.Жер ғаламшарында қанша қылқан жапырақты өсімдіктер бар? (600-ге тарта)

10.Кәдімгі қарағай қандай өсімдік? (жарық сүйгіш, діңі жуан, ашық далалы жерлерде өсетін өсімдік)

11.Қылқан жапырақтылар қандай тамырлы? (кіндік тамырлы, одан жанама тамырлар тарайды)

12.Ұсақ тамыршаларда не түзіледі? (микориза түзіледі)

13.Ағаш сабағы қалай аталады? (дің)

14.Ағаштың қабығы, сүрегі, өзегі қайда болады? (діңінде)

15.Қылқан жапырақтылардың ерекшелігі неде? (көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады?)



16.Қарағай бұтағының бүрлері қайда орналасқан? (жас өркеннің ұшында)

17. Қандай өсімдіктерді ашық тұқымдылар деп атайды?

а) тұқыммен көбейеді, жеміс түзбейді

б) тұқымы жеміс ішінде орналасады

с) тұқыммен көбейеді, жемісі шырынды

д) гүлдеу арқылы дамиды

18. Діңінің жуандығы 15см,биіктігі 10м жететін ашықтұқымды

а) Жатаған шырша (шренк шыршасы) б) Қос масақшалы қылша

с) Секвоя д)Самырсын

19. Жапырақтары-

а) жай жапырақ б) саусақ салалы с)ине тәрізді д) үшқұлақты

20. Қазіргі кезде ашық тұқымдылардың нешеге жуық түрлері белгілі

а)700 б)500 с)650 д)600

21. Шырша сүрегі қандай мақсатта қолданылады-

а) мата жасауда б) жібек жіп жасауда

с) қағаз жасауда д) пластмасса жасауда

22. Ашық тұқымды өсімдіктер-

а) аналық бүрлердің тұқымбүршіктері жабық тұрады

б) көпжылдық мәңгі жасыл өсімдіктер

с) жанама тамырлар арқылы тарайды

д) көпжылдық жемісті өсімдіктер.

23. Ашық тұқымдылардың көбею мүшесі

а)жанама тамырлары с)бүрлері

б) вегетативті сабақтары д)өсімдік бүршіктері

24. Ашық тұқымдылар б.з неше млн жылдан астам бұрын тіршілік еткен а)220 б)230 с)245 д)200

25. Алып секвойдендрон тұқымының салмағы

а) 2.1 б) 3,2 с)4,7 д)5,5


  1. Термин сөздік


Секвоя-жапырағы жалпақ, сызықты-қандауырша тәрізді.

Кәдімгі қарағай-қылқаны ұзынша.

Кәдімгі арша- екі үйлі қылқан жапырақты бұта, бүрі жұмсақ шар тәрізді, жидекке ұқсас болғандықтан «бүржидек» деп аталады.

Жатаған шырша(шренк шыршасы)-екі үйлі , Қызыл кітапқа тіркелген,өте баяу өседі. Діңінің жуандығы 15см, биіктігі 10метр.

«Эрозия»-латынша- жегідей жеу, бүлдіру деген мағынада.

Қарағай- жібек жіп тәрізді жасанды талшық алады.

Шырша- қағаз, әртүрлі бұйым, құрылыс материалы.
ҮІ. Үйге тапсырма беру

Үйге тапсырма : 39. Ашық тұқымды өсімдіктер

Кесте толтыру. Терминдерді жаттау.



«Рефлексия кезеңі» - оқушылардың сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.


Сабақ не жайында болды?




Сабақ барысында не ұнады?




Қандай өзгеріс жасар едіңіз?




Қандай сұрақ қояр едіңіз?





Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын істі тындырар күнің барда .

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер

Алға қойған мақсатың, ісің барда.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет