Бекітемін: ....................
Күні: 18. 04. 2015 ж
Сыныбы: 9 «А, Ә»
Сабақтың тақырыбы: Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Астана қаласының экономикалық географиялық жағдайын туралы, Қазақстанның қалаларының ішінде Астана еліміздің ірі қаласы екенін, ол қаланың мәдениет орындарын, ірі кәсіпорындарын, ірі оқу орындарының маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып,шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелік: Отансүйгіштік,еліне,жеріне деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық, ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, буклет, Қазақстан Республикасының әкімшілік картасы.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.
ІІ Үй тапсырамсын сұрау: Қалалары және ауылдық елді мекендері. Мазмұндау.
Кім жылдам? (сұрақтар беру)
1. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның құрамына неше облыс кіреді?
2. Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жетекші саласы.
3. Темір кеніне бай қала? (Қостанай)
4. Солтүстік Қазақстанның қай қаласында мұнай өңдеу зауыты бар? (Павлодар).
5. Ірі алюминий зауыты қайда? (Павлодарда)
6. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы? (Перопавл)
7. Ірі темір кен орындарын ата? (Соколов – Сарыбай, Лисаков т. б)
8. Ферроқорытпа зауыты қай қалада? (Ақсуда)
9. Трактор зауыты қай қалада? (Павлодар)
10. Солтүстік Қазақстанда қанша қала және кент бар? (24 қала, 2 кент)
11. Оттекпен демалу аппаратурасы қай қаладан шығарылады? (Көкшетау)
12. Енисей астық жинау комбайндарын және ауылшаруашылық техникаларын шығару қай қалада? (Қостанай)
13. «Сұлтан» макарон өнімдері қай қаладан шығарылады? (Петропавл)
Сөзжұмбақ шешу:
1. Шағын көлемді двигатель өндіретін өндіріс орталығы.
2. Қазақстанның астанасы.
3. Экономикалық аудан Ертіс (орта ағысы), Тобыл, Есіл, және ... өзендерінің алқабында орналасқан.
4. Қазақстандағы маңызы жағынан екінші орын алатын көмір бассейні.
5. Арқалық маңында өндірілетін алюминий кенінің түрі.
6. Мұнай өңдейтін және трактор жасау зауыттары орналасқан қала.
7. Асбест кен орны.
8. Қостанай облысындағы ірі көлдердің бірі.
9. Павлодарда қорытылатын түсті металл.
10. Ақмола облысындағы алтын өндірілетін кен орын.
ІІІ Жаңа сабақ:
Астана қаласының географиялық орнын (ВИДЕО АСАТАНА 3,48 МИН)
Еліміздің өңір экономикасын жаңғыртудағы дамытудағы рөлі (ВДЕО ӨНЕРКӘСІП 34 СЕК)
«ЭКСПО – 2017»- Қазақстанның ең ірі жобаларының бірі (ВДЕО ЭКСПО 3,10МИН)
Бұл экономикалық-географиялық жағдайын, ірі өнеркәсіпін, оқу орындарын, ЭКСПО-ның маңызын, экологиялық проблемаларын талдау
Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды.
1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.
Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды.
1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.
Достарыңызбен бөлісу: |