Қазақ тілінен күнтізбелік сабақ жоспары
Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Жобалау іс-әрекеті-білім сапасын арттыру құралы» Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында коммуникативті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында, жобалау әдісін қолдану» Жеке әдістемелік тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында модульдық оқыту арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру». Күні:
Сынып: 6 «а» Пән: қазақ тілі
Мұғалім: Муханова С.К.
Сабақтың тақырыбы: Астананы аралау Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік:Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету және тақырып бойынша білімдерін толықтыру;
2.Тіл дамытушылық: сөздік қорларын молайту, сөз тіркесі, сөйлем құра білу қабілеттерін дамыту, тілдесім әрекетін жандандыру;
3.Тәрбиелік: өз туған жерін, туған өлкесін құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру,
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, әңгімелесу, тапсырмаларды орындау, мәнерлеп оқу
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, карточкалар.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру: а/ оқушылармен амандасу, ә/ әңгімелесу,
- Қазір қандай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Сыныпта кім кезекші?
- Кім жоқ? Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айлары қандай?
- Бүгін нешесі. Аптаның қай күні?
Үй жұмысын тексеру: Менің отаным тақырыбы бойынша әңгімелеу
Жаңа тақырыпты меңгер. Біз мәтінмен танысамыз, жаңа сөздермен жұмыс
жасаймыз, мәтінді оқып, аударамыз.
Сөздік жұмысы.
ескерткіш – памятник
ғимарат – здание
орталық – центр
болашақ - будущее
орналасқан-распаложен
әдемі, сұлу - красивый
-сөздерді оқып шығу;
-хормен оқу, тізбектеп оқу;
- тек орысшасын, тек қазақшасын оқу;
-тән дыбыстарды тауып, сипаттама беру.
-сөз тіркесін, сөйлем құру;
-дәптерге жазу.
Мәтінмен жұмыс. Астанаға саяхат
Біз анам екеуміз Астана қаласына сапар шектік. Бұл менің үлкен қалаға бірінші рет саяхат жасауым. Поезбен Астана қаласына да жеттік. Астана әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі екеніне көзім жетті. Астана құрылысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен үлкен ғимараттар көбейіп келеді. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып жатыр. Парламент үйінің алдында Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің ескерткіштері орнатылды. Маған Астана қаласы өте ұнады. Мен Астана қаласын мақтан тұтамын.
-мәтінді мұқият тыңдау;
- тізбектеп оқып, аудару;
- жаңа сөздерді табу;
- түсінгенін айту;
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Астанаға саяхат.
Астана туралы Видео көрсету.
Тақырыпты бекіту сұрақ - жауап арқылы өтеді.
1.Астана Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
2.Астана қай өзеннің жанында орналасқан?
3.Астананың керемет жері қандай?
4.Астана қандай қала?
5. Астана туралы қысқаша не айта аласыңдар?
1-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастырту ауызша.
Грамматикалық тақырып:
Көмекші есімдер
Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейді.
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР: алды, арты, жаны, бойы, үсті, қасы, іші.
Тапсырмалармен жұмыс. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрап жазыңдар.
Парламент үйінің алдыңда, қаланың ортасында, саябақтың ішінде, көше бойында, өзеннің жағасында.
Сергіту сәті: «АСТАНА» сөзінен сөздер құру.
2-тапсырма.
Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
1. бас, Астана, қаласы, Қазақстанның тәуелсіз.
2. орналасқын, ол, бойында, өзенінің, Есіл.
3. танымастай, қала, аз, ішінде, уақыттың, өзгерді.
4. қаланың, бес жұлдызды, ортасында, «Алатау», салынды, қонақ үйі.
5. үлкен, Астана, қала, болашағы.
«Астана» тақырыбына бесжолдық өлең құрастырыңдар.
Зат есім
Сын есім
Етістік
Сөйлем
Синоним
Сабақты бекіту.
Сөзжұмбақты шешу.
1.Бес жұлдызды қонақ үй.
2.Астанада қандай өзен бар?
3. Қазақстан қандай мемлекет?
4. «Парк» аудармасын тап.
5. Ас атасы – .....мақалды тап
С
Т
А
А
Н
А
6. «Город» аудармасын тап
Бағалау:
Үйге тапсырма.
Астана туралы эссе жазу ережені жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |