«Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектебі Сабақтың тақырыбы: «Қатені тексеру » Информатика пән мұғалімі: Мекенбаева Салтанат Каныбековна 10 «В» сыныбы Сабақтың мақсаты: - Оқушылардың компьютерлік білімдерін арттыру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Бағдарламалау тілінде бағдарлама құруға баулу, дағдыландыру.
- Visual Basic бағдарламалау тілін меңгерту және Visual Basic ортасында жұмыс жасау дағдысын дамыту
-
- Компьютермен жұмыс жасау процесінде оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту
- Оқушыларды шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа
- тәрбиелеу
- Сабақтың типі: аралас сабақ
- Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
- Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, компьютер , тест, электронды оқулық
- Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, электрондық оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс жасау, интерактивті тақтамен жұмыс.
- Сабақ барысы:
- 1. Ұйымдастыру
- 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
- 3. Жаңа материалды баяндау
- 4. Тапсырмаларды орындау
- 5. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау
- 6. Үйге тапсырма беру
- 7. Бағалау
Үй тапсырмасын сұрау - Visual Basic қандай тіл ?
- Қалай іске қосамыз ?
Жаңа проект терезесі. - New бетіне енгізілген проект типтері:
- Standart.EXE (стандартты ехе-файл);
- VB Application Wizard (Қолданбалы VB шебері);
- Add-In (қосымша қондырма);
- Internet’те Web – беттер құруға мүмкіндік туғызатын ActiveX файдары, т.б.
VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ -
- негізгі мәзір (Menu);
- аспаптар панелі (Toolbar);
- проект терезесі (Project 1);
- форма терезесі (Form 1);
- қасиеттер терезесі (Proporties);
- элементтер панелі (Toolbox);
- форма конструкторы (Project Container);
Форма Пайдаланушы интерфейсі - Форма – интерфейс құру үшін күйге келтірілетін терезе (пайдаланушы интерфейсі терезесі). Ол форма конструкторы терезесінің ішінде орналастырулы тұрады.
- Информатикада интерфейс деп автоматтық жүйе (машине, программа) және адам арасындағы ақпаратты алмастыру құралдары мен оларды орнату, пайдалану тәсілдерін атайды (interface - ілесу, түйістіру). Visual Basic’ те пайдаланушы интерфейсі - форма және программа құру үшін онда орнатылатын түрлі элементтер.
Қасиеттер терезесі - Қасиет (сипаттама) – айнымалылардың ерекше типі. Ол объект үшін пайдаланылатын түрлі мүмкіндіктердің сипаттамалары. Яғни, қасиеттер объектінің ағымдық күйін анықтайды.
- Мысалы: объектіге атау беру, түсін өзгерту, объект үстіне мәтін жазу, жазылатын мәтіннің шрифті мен өлшемін өзгерту, т.б.
- Олар объект қасиетін орнату не қасиетке мән беру (меншіктеу) делінеді. Әр объектінің қасиеттер терезесі бар. Терезенің сол жақ бөлігінде барлық қасиет атаулары, оң жақ бөлігінде олардың мәндері жазылып қойылған.
Элементтер панелі - 1-көрсеткіш (Pointer)
- 2-графикалық өріс (Picture Box-сурет қорабы)
- 3-үстіне жазу өрісі (Label)
- 4-мәтіндік өріс (TextBox)
- 5-рамка (Frame)
- 6-командалық түйме (CommandButton)
- 7-жалауша (CheckBox)
- 8-ауыстырып қосқыш (OptionButton)
- 9-құрастырылған өріс (ComboBox)
- 10-тізім (ListBox)
- 11-жатық айналдыру белдеушесі (HScrollBox)
Элементтер панелі - 12-тік айналдыру белдеушесі (VScrollBox)
- 13-таймер (Timer)
- 14-дискжетектер тізімі (DriveListBox)
- 15-каталогтар тізімі (DirListBox)
- 16-файлдар тізімі (FileListBox)
- 17-фигура (Shape)
- 18-сызық (Line)
- 19-сурет (Image)
- 20-берілгендер элементі (Data)
- 21-OLE элементі (OLE)
Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері - Есепті компьютерде шығарудың біраз бөлігі компьютерсіз жүзеге асырылатын мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
- 1. Есептің қойылуы:
- есеп туралы ақпараттарды жинау;
- есептің шартын тұжырымдау;
- есепті шығарудың ақтық мақсатын анықтау;
- деректерді сипаттау ( олардың түрін, шамалардың ауқымын, құрлымын т.с.с. )
- 2. Есепті, моделдерді талдау және зерттеу:
- есептің бар ұқсастарын талдау;
- техникалық және программалық құралдарды талдау;
- математикалық модельді жасақтау;
- деректер құрлымын жасақтау.
Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері - 3. Алгоритмді жасақтау:
- алгоритмді жобалау тәсілдерін таңдау;
- алгоритмді жазу пішінін ( блок-схема, мектептік алгоритмдік тіл . т.б. ) таңдау;
- тестерді және тестілеу тәсілдерін таңдау;
- алгоритмді жобалау.
- 4. Программалау:
- программалау тілін таңдау;
- деректерді ұйымдастыру тәсілдерін айқындау;
- алгоритмді таңдалынып алынған программалау тілінде жазу.
Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері - 5. Тестілеу және жөндеу:
- синтаксистік жөндеу;
- семантикалық және логикалық құрлымын жөндеу;
- тестілік есептеулер және тестілеу нәтижелерін талдау;
- программаны жетілдіру.
- 6. Есептің шешілу нәтижесін талдпу:
- Қажет болатын болса 2-5 кезеңдерді қайтадан орындай отырып математикалық модельді айқындай түсу.
- 7. Программаны даярлау:
- нақтылы есепті шығару үшін программаны жетілдіру;
- есепті шешуге, математикалық модельге, алгоритмге, программаға, тестер жиынына, программаны пайдалану үшін құжаттар жасау.
Программаны жөндеу және тестілеу - Программаны жөндеу (debugging- жөндеу ағылшын сөзі сөзбе- сөз аударғанда қоңыздарды аулау деген мағына береді.) дегеніміз программаны компьютерден өткізудің нәтижесі бойынша ондағы қателіктерді іздну және жою процесі.
- Тестілеу (test ағылшын сөзі сынау деген мағына береді) дегеніміз программаның немесе оның жеке бөліктерінің дұрыс жұмыс істейтіндігін сынау, тексеру.
Программаны жөндеу және тестілеу - Жөндеу және тестілеу бұлар бірінен бірі айқын ажыратылған және біріне- бірі ұқсамайтын екі кезең:
- жөндеу кезінде синтаксистік қателіктердің және кодтаудың айқын қателіктерін табу және жою орындалады.
- тестілеу процесі кезінде айқын қателіктері жоқ программаның жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі;
- Тестілеу қателіктің бар екендігін тағайындайды, ал жөндеу программаның дұрыс жұмыс істемеу себептерін анықтайды.
Программалауда кездесетін қателіктер - Есептің дұрыс қойылмауы, есепті шығару үшін құрылған алгоритмнің дұрыс болмауы, логикалық қателіктер кететін жағдайларды дұрыс есепке алмау, семантикалық және синтаксистік қателер, операцияларды орындау кезінде кететін қателіктер, деректерді беруде жіберілетін қателіктер, ендіру-шығару кезінде кететін қателіктер.
Синтаксистік қателіктердің мысалдары: - тыныс белгілерінің қалып кетуі;
- жақшалардың сәйкес келмеуі;
- оператордың дұрыс жазылмауы;
- қызметші сөздің дұрыс жазылмауы;
- айнымалы атының дұрыс жазылмауы;
- циклдің аяқталу шартының жоқ болуы;
- массив сипаттамасының жоқ болуы т.с.с.
Транслятор таба алмайтын қателіктер - Программада пайдаланылатын операторлар дұрыс жазылғанымен транслятор таба алмайтын көптеген қателіктер болады.
- Осындай қателіктердің мысалдарын келтірейік.
- Логикалық қателіктер,
- Циклдерде кездесетін қателіктер,
- Ендіру-шығару қателіктері; деректермен жұмыс істеудегі қателіктер,
- Айнымалыларды пайдалануда кететін қателіктер,
- Массивтермен жұмыс істеуде кететін қателіктер,
- Арифметикалық операцияларды орындауда кететін қателіктер.
- Осы қателіктердің бәрін тестілеудің көмегімен табуға болады.
Енгізу терезесі (InputBox) Шығару терезесі(MsgBox) Есептер шығару № 1 есеп -
- Паскаль тілінде функциясының мәнін есептеп нәтижесін
- компьютерде алу керек
Есептер шығару № 2 есеп -
- Паскаль тілінде функциясының мәнін есептеп нәтижесін
- компьютерде алу керек
Есептер шығару № 3 есеп -
- Паскаль тілінде функциясының мәнін есептеп нәтижесін
- компьютерде алу керек
Тест сұрақтары: - Тест сұрақтары:
- 1. Қатені тексеру қанша кезеңнен тұрады ?
- А) 3 Б) 4 В) 5 С) 2
- 2. Программада қатенің қанша түрі бар ?
- А) үлкен В) кіші С) синтаксистік және логикалық
- 3. Келесі пунктке өту үшін ?
- А) shift B) next C) ctrl
- 4. Қандай программалау тілдері бар ?
- А) Паскаль Б) Бейсик В) интерфейс
- 5. Компьютерде нәтижені шығару
- А) Write B) Run C) print
Үй жұмысы - 1. 14 – тақырып (Оқу, баяндау, конспектілеу)
- 2. 112 бет. № 1 - 4 тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: |