Білім беру ұйымының атауы
|
ОМ №1
|
Пәні:
|
Химия
|
Бөлім:
|
Металдар белсенділігін салыстыру
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Кунанов Алмас Назарбаевич
|
Күні:
|
13.10.2021
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
8.2.4.4-қышқыл ерітінділерімер әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу
8.2.4.5-металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру
|
Сабақтың мақсаты
|
Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесу белсенділігінің әртүрлілігін білу,металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
|
Психологиялық жағымды орта қалыптастыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
Саралау:Диалог және қолдау көрсету.Жауап берген кезде немесе сұрақ тұжырымдағанда қиындық туғызатын кезде көмек көрсету немесе бағыттау.
|
Сабақтың мақсатымен танысу
|
|
|
Өткен білімді еске түсіру
|
Металдар дегеніміз не?
Периодтық кестеде металдар қай топта орналасқан?
Күнделікті өмірде кездесетін металдарды ата?
Металдарға сәйкес қаситеттерді ата?
Металдардың тотығуы қалай жүреді?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
|
|
Жаңа білім
|
Мәтінді оқымас бұрын «Т кестесі» әдісі бойынша басында білетіндерін ,мәтінді оқып шығып топпен талқылап білдім бөлімін толтырады.Берілген ақ параққа орындалып тақтаға шығып талқылайды.
Басы Соңы
Білемін Білдім
Т –кестесі,толық айға – толық мәлімет берген топ ие болады Жарты ай-әліде толықтыруды қажет ететін топ ие болады.
Бағалау: «Ай»әдісі. «Идеялар себеті» әдісі бойынша себеттерге келесі заттардың формулалары жазылып салынады ,осы заттар формулалары бойынша химиялық реакция теңдеулерін құрады ,ақ қағазға жабыстырады,атайды теңестіреді. 1.H2SO4.AL.H2.CaSO4.MgSO4.Ca.NaOH
2. NaCL.Fe.HCL.K.Ni.H2SO4.Na.H2 3. Sn.H2SO4.KOH.SnSO4.Cu.HCL Бағалау: «От шашу»
1 Тапсырма:Берілген металдардың қайсысы сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісімен әрекеттеседі?Іс жүзінде жүретін реакциялардың теңдеулерін жазыңдар,өнімдерді атаңдар.
2 Тапсырма:
Берілген реакция теңдеулерін аяқта ,түзілген өнімдерді ата. Cu+HNO3 конц.= тұз +NO2 +H2O
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
|
Бекіту
|
Металдарды белсенділіктеріне қарай қалай ажыратады?
Металдардың қышқылдармен әртүрлі әрекеттесуін қалай түсіндіресіз?
Реакцияға қатысатын реагенттердің ,өнімдердің химиялық формулаларын жазып салыстырыңыз?
|
Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау
|
|
|
Кері байланыс
|
Мен сабақтан.............білдім. Маған .........................болды. Маған .........................қиын болды. Мен ............................тапсырма орындадым.
Енді мен ......................білемін. Мен ...............................қолданамын.
|
|
|
|