Сабақтың тақырыбы: Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға біздің айналамыздағы кеңістікті алып жатқан тіршілік көзі ауаның қасиеттері туралы мағлұмат беру.Шаруашылықтағы маңызы мен қорғау жолдары туралы қорытындыға келтіру.
2.Оқушылардың логикалық ойлау,есте сақтау,қабылдау,әңгімелеу,негізгісін жекелеп айту,қорытынды шығару,топтастыру қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды ауа қасиеттерін шаруашылықта іске асыра білуге және ауаны қорғауға баулу.
Көрнекілігі:Доп,шар,СТО технологиясы,суреттер,таратпа материалдар.
Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі,ана тілі,музыка
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі:Тәжірибелер жасау,әңгімелеу,сұрақ-жауап,топтастыру,жұмбақ,эссе,проблемалық сұрақтарды шешу.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
А) оқу құралдарын даярлау
Ә) оқушылардың зейіндерін аударту
ІІ.Үй тапсырмасы
-Балалар үйге қандай тапсырма берілгенін мына жұмбақты шешу арқылы еске түсірейік
Кең әлемді кернейді
Көзің бірақ көрмейді (ауа)
-Ауа не үшін керек?Ауасыз біз қанша уақытқа ғана шыдаймыз?
-10-12 балаға әңгімелету
-қалған балаларға таратпа материалдар беру.Сонымен,біз өткен сабақта ауа,ауаның кейбір (негізгі) қасиеттерімен таныстық.Тәжірибе жасадық.
«Ауа» ребусын шешу.
-ауаның қасиеттерін ата
дәмсіз
иіссіз
Көзге көрінбейді
Ауа
Барлық жерде бар
түссіз
Орын алады
ІІІ.Жаңа сабақ
«Қызығушылықты ояту»
Енді,мына ребусты шешейік
Ауаның қасиеті.
-Оқулығымыздың 36 бетін ашайық.Бүгін бірқатар тәжірибелер арқылы ауаның бізге маңызды қасиеттерін білеміз.Ол үшін тағы тәжірибе жасайық.
1-тәжірибе.Кәне.біреуің келіп,мына допты алып екі бүйірінен қысыңдар.Бүйірі қабысып ішке кіреді.Бұл кезде дап ішіндегі ауа сығылады.Ал допты жіберіп қалсаң қайтадан өз орнына келеді.Дапты секіртетін нәрсе ауаның серпімділігі.
Шар.батут та,ауа арқылы үрленеді.
Көлік дөңгелектеріне де сығылған ауа толтырылады.Бұл доңғалақтардың жолда жылдам,жұмсақ жүруіне қолайлы.
Үйлердің терезесінің екі қабат әйнек қойылады.Ол үйдегі жылуды сыртқа шығармайды.
Ал,біз қыста жылы киім киеміз.Жылы киім түгінің арасында ауа бар.Сол ауа денеңнің жылуын ұстап тұрады.Демек,суыққа тоңбау үшін де ауа керек.
2-тәжірибе: Жіңішке балауыз шамның біреуін тең етіп үшке бөліп,жағамыз.Біреуін кіші,екіншісін үлкен банкамен,үшіншісін ашық қалдырамыз.Бақылайық.Алдымен қай шырақ сөнеді?
Сонымен,біз бүгін тәжрибелер арқылы ауа серпімді,сығылады,жылуды сақтайтынын,отты жанғызатынына көз жеткіздік.
Сергіту сәті:
Сондай-ақ ауа біздің жерімізді қоршап тұр.Ол біздің жерді тым ысып,тым суып кетуден сақтайды.
Ал, ауаның салмақсыздығы өздерің суда жүзетін резеңке қайықтарыңның жүзуіне септігін тигізеді.Сондай-ақ ауаның көмегімен музыкада үрмелі аспаптарды ойнайды.
Ауа барлық жерде бар дедік.Алайда өте терең су астында ауа аз болады.Сондықтан су астын зерттеушілері-аквалангисттер арнайы киіммен,ауа толтырылған баллонмен түседі.
Сондай-ақ,ауаның таза болуы денсаулығымызға пайдалы. Оқу:40 бет
Дәптермен жұмыс:
Батискаф-су астында қолданылатын арнайы киім.
Аквалангист-су астын зерттейтін адамдар
Ауа –шаруашылыққа маңызды.
І V.Бекіту.
«Кластерлеу әдісі» бойынша ауаның қасиеттерін толықтыру.
Пробламалық сұрақ:
Ауаның әр қасиеті пайдалы ма екен?
Оны біз неден қорғауымыз керек?
Аймақтық компонент:Ядролық қарудың әсері,полигонның ауаға зияны туралы айту.
түтін
Тазалау қондырғыларын орнату
қоқыс
Ауаны қорғау
Көк отырғызу
Көлік түтіні
Зауыт түтіні
Топтық жұмыс:
І топ: Ауа туралы жұмбақ құрастыру
ІІ топ: «Ауаның маңызы» эссе жазу
ІІІ топ: Біз тәжірибелер арқылы нені білдік?
V. Қорытындылау.
Сонымен ,біз бүгін ауаның тағы басқа қасиеттерін біліп қана қоймай,оның тіршілік үшін маңызын білдік.Оны неден сақтауымыз керек екенін білдік.
VІ.Үйге тапсырмасы:
36-40 бет мазмұндау,жұмбақ құрастыру
Мысалы:Бар ма,жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(ауа)
VІІ.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |