Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І. Ұйымдастыру кезеңі:
3 мин
|
Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.
Психологиялық дайындық.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбас бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Түстер арқылы топтарға бөлу
|
Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.
3 топқа бөлінеді
|
ІІ.Өткенді қайталау:
Еске түсіру:
13 мин
|
Ластанған суды тазарту жолдары:
Сүзу Қайнату
Хлорлау Тұндыру
Суды қорғау үшін
Суды үнемдеу
Судың жағасын ластамау.
Зиянды заттарды төкпеу.
Міне, балалар су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естеріңізде болсын!
|
1. Әр топтан бір оқушыдан шығып үй тапсырмасын айтады.
|
ІІІ. Жаңа сабақ:
Түсіну:
2 мин
|
1. Жаңа сабақты хабарлау
2. Сабақ жоспары:
1) Ауаның тұрақты құрамынан басқа өзгермелі құрамының болу себептері;
2) Ауаны ластайтын қатты, сұйық және газ түріндегі заттар, оларды тудырушылары
3) Ауа ластануының тіршілікке әсері
4) Ауа ластануын болдырмаудың кейбір шаралары
Жұмбақ.
Бар ма, жоқ па,
Оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейсің? (Ауа)
Жан –жағымыздан қоршаған ортаны неге көрмейміз?
Өйткені ауа мөлдір түссіз.
Ауаның ластануы: табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Сурет бойынша түсіндіру. Түсіндірме сөздік: Жанартау.
Жанартаудан зиянды газ және бу тарап, ауаға араласып, оны ластайды
|
1. Сабақ мақсатын қояды
2. Сабақ жоспарымен танысады.
|
Сергіту сәті:
1 мин
|
Дене шынықтыру сабағына байланысты дем алу жаттығулары:
Ауызбен дем шығарып, мұрынмен дем аламыз (3 рет қайталау).
|
дем алу жаттығуларын жасайды.
|
Талдау және қолдану:
20 мин
|
1) Ауа қалай ластанады?
2) Ауаны ластаушы заттар қайдан пайда болады?
3) Ластанған ауаның зияны қандай?
4) Ауаны тазарту қалай жүзеге асырылады?
|
Топтық жұмыс: тапсырмалар мен сұрақтарға жауап іздейді, ойларын тұжырымдап, қорғайды, қорытынды жасайды.
|
Жинақтау
3 мин
|
1. Кестені толтыру:
Ауаның табиғи ластануы
|
Адамның іс-әрекетінен ластануы
|
|
|
2. Ауаны тазартуға қандай үлес қосар едің?
|
Жалпы жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді, қорытынды жасайды
|
Бағалау:
2 мин
|
Бағалау
|
Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды
|
Рефлексия:
1 мин
|
1.Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
2.Бұл сабақ қиын болды ма?
|
Ауызша жауап береді
|
Үйге тапсырма
|
Ауаның ластануы
|
Күнделікке жазады
|