Сыныбы: 4
Пәні: Дүниетану
Күні: 03.12.2011 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Ауаның құрамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ауа туралы ұғым беру. Ауаның құрамын меңгерту. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Дамытушылық: тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сарамандау лабораториялық әдіс, тест, сұрақ –жауап әдістері.
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Тест сұрақтары, Венн диаграммасы, тәжірибе жасау құралдары, шар, доп, шырпы, стакандар, банкілер, шырақтар, су.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Тіршілікте не дейсің ғойең қымбат?
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбас бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Суды қорғау.
Оқушылардан түсінгендерін сұраймын.
2) Алгоритм сұрақтары:
Не? Су.
Қандай? Түссіз, мөлдір, ащы, тұщы.
Түрлері? Бу, өзен, көл, теңіз, бұлт, жауын.
Зиянды заттар? Мұнай қалдықтары, күл –қоқыстар, жуындылар.
3) Ластанған суды тазарту жолдары:
Сүзу
Қайнату Хлорлау
Тұндыру
4) Суды қорғау үшін
Суды үнемдеу Судың жағасын ластамау.
Зиянды заттарды төкпеу.
Міне, балалар су біздің байлығымыз, оған қамққорлықпен қарау әр уақытта естеріңізде болсын!
ІІІ. Сергіту сәті.
ІV. Жаңа сабақ.
Жұмбақ.
Бар ма, жоқ па,
Оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейсің? (Ауа)
Жан –жағымыздан қоршаған ортаны неге көрмейміз?
Өйткені ауа мөлдір түссіз.
V. Сарамандық жұмыс жасалады.
Аузыңды жауып, танауыңды қысып, ішіңнен сана.
Тұншығасың. Сонда адамға дем алу үшін не қажет?
Екі қолыңды екі жаққа соз, суда жүзгендей жүз, ауа мұхитында жүзіп жүрсің. Ол бізді қоршап тұр.
Ауаны көреміз бе?
Жоқ.
Неге?
Себебі ол түссіз.
Шар үрлейміз. Оның ішіне не толды?
Ауа.
Яғни ол орын алады. Ол шарға қайдан келді? Ішімізден, яғни адамда ауа болады. Ол қалай келді?
Дем алу арқылы.
Екі қатарға екі түрлі шарды үргіземін. Ол шар түсіне байланысты. Ауа түссіз, себебі шардан шыққан ауа түссіз.
Допты сығайық. Ауа сығылып, қайта серпіледі? Допты жерге ұрсам қайтадан жоғары көтеріледі. Ығни серпіледі екен.
Сергіту сәті.
Дене шынықтыру сабағына байланысты дем алу жаттығулары:
Ауызбен дем шығарып, мұрынмен дем аламыз (3 рет қайталау).
Біз бағанадан бері не туралы айттық?
VI. Жаңа сабақ.
Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Ауаның құрамы». Сабақ кезінде бәріміздің қарнымыз ашады. Бірақ шыдаймыз. Ұйқымыз келсе де шыдаймыз. Ал, енді аузымызды, танауымызды жапсақ, шыдамаймыз. Себебі ауа жетпейді. Бұдан шығатын қорытынды ауа тіршіліктің көзі. Барлық адам, жануар, өсімдік ауамен дем алады. Ауамен дем алу арқасында өмір сүреміз. Сабақ оқимыз, жұмыс істейміз, ойнаймыз. Ауаның салмағы бар. Мәселен 1литр бөтелкеде 1 граммнан аса ауа болады. Адам тәулігіне 4-5 литр су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23 -24 литр ауа жұтады. Өттегі бөлетін жасыл өсімдіктер жер бетінде 550 -570 миллион жыл бұрын пайда болған.
2) Мәтінді оқып беру.
3) Оқушыларға оқыту.
4) Тәжірибе жасау.
Екі шырақты алайық. Сосын оны жағамыз. Біреуін стаканмен жабамыз. Қайсысы алдымен сөнеді? Неге?
Стаканмен жабылған сөнеді. Ашық тұрған шырақ жана береді. Себебі ауа толық қоршап тұр. Олай болса ауа жанғыш.
5) «Шеңбер» ойынын су және ауа қасиеттерін ойлау қабілеті арқылы салыстыру.
Су Ауа
Түссіз, мөлдір, қыздырады, азот, оттегі, көмірқышқыл газ.
Түссіз, мөлдір, сұйық, қатты газ.
Жер беті тіршілік ете алмайды.
6) Оқушы түсінігін тексеру.
- Ал, балалар, біз табиғат балықтарымыздың мол болуына, адамзат баласы өз үлестерін қосу керек пе?
- Ал өздерің бұған әзірсіңдер ме? Келесі ойынымыз «Табиғатты қорғайық» ойыны.
1) Жер бетінде тіршілік үшін ауаның маңызы қандай?
- Ауасыз тіршілік жоқ, өсімдік өспейді, жан –жануарлар тіршілік ете алмайды.
2) Қандай жағдайда ауаның көлемі өзгеріп отырады?
- Күн шуағы қатты ысығанда көлемі кеңейеді, ал суығанда көлемі кішірейеді.
3) Ауа қоспасындағы ең көп газ?
Ол ауаның неше бөлігін алып тұрады?
-Ауа қоспасындағы ең көп газ –азот.
Ол үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78%.
4) Адам тәулігіне неше литр ауа жұтады?
- Адам тәулігіне 23 -24 литр ауа жұтады.
5) Ауадағы оттегі неге таусылып қалмайды?
- Жұмсалған оттегінің орнын жасыл өсімдіктер толтырып отырады.
6) Табиғатты құрайтын үш негіз?
- Жер, су, ауа.
7) Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі қанша?
- Ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз.
VII. Сабақты қорыту.
Түссіз
Жеңіл
Жанады
Ауа қасиеттері Сығылады
Орын алады
Жылуды
Өткізеді
Серпіледі
VII. Үйге: Ауаның құрамын оқу, түсінігін айту.
Сурет салу.
Достарыңызбен бөлісу: |