Сабақтың тақырыбы: Ақуыздар. Ақуыздардың бірінші реттік құрылымы. Ақуыз молекуласының құрылымдық сипаты



бет4/11
Дата03.01.2022
өлшемі1,54 Mb.
#108845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5 ЗПС амин қышқылдары

АҚУЫЗДЫҢ ЕКІНШІ РЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ


Ақуыздың екінші реттік құрылымы - полипептидтік тізбектің кеңістікте ширатылуы. ақуыздың екінші реттік кеңістік құрылымының 3 типін ажыратады.

Альфа-орам - белгілі бір сипаттамалары бар: - ені, екі орам арасындағы ара қашықтық. Ақуыздар үшін оңға қарай ширатылу тән. Ақуыздың 10 орамына 36 амин қышқылының қалдығы сәйкес келеді. Барлық пептидтерде альфа - орам бірдей болып келеді. Альфа-орам өзара бір орамның NH- тобы мен екінші орамның СО - тобы арасында сутектік байланыстың түзілуі арқылы жасалады. Бұл сутектік байланыстар орамның осі бойымен параллельді орналасады және көп қайтара қайталанады, сондықтан ақуыздың орамды құрылымы берік сақталады.

Ақуыздың альфа-орамы


Бета- қатпарлы құрылымы- немесе жапырақ қатпарлы құрылымы. бұл құрылым да амин қышқылдарының СО және NH- топтарының арасында сутектік байланыстың түзілуі арқылы жасалады. Сутектік байланыс полипептидтік тізбектің екі бөлігінде түзіледі. бұ тізбектер параллельді немесе антипараллельді болып келеді.

Ақуыз молекуласының бета-қатпарлы құрылымы



Тұрақсыз құрылымы  - ақуыз молекуласының екінші реттік құрылымының типі, бір-біріне тұрақты байланысы жоқ полипептидтік тізбектің әртүрлі бөлігінде орналасады.


Ақуыз молекуласының альфа- орамы (сол жағында) және бета-қатпарлы құрылымы (оң жағында)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет