Жазылым
|
1-тапсырма
«Көліктің пайда болу тарихы» мәтінін топ мүшелері «ұжымдық оқумен» талқылайды, қажетті ақпаратты табу үшін «Төрт сөйлем» әдісін қолданады:
1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
2.Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
3.Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір
4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Автокөліктер тарихы
Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдету, еңбек өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдаушы механикалық құрылғылар жасала бастады. 1752жылы орыс механигі Леонтий Шамшуренков ең алғаш екі адамның күшімен қозғалатын «жүгірме арба» жасады.
Өздігінен қозғалатын бумен жүретін көлік ең алғашқы рет 1769 жылы Францияның соғыс министрі Этьен –Француаның тапсырмасымен құрастырылды. Бқл көлігін Николас Джозеф Кагнот пен әскери механик Брезин Парижде құрастырып шығарды. 5тоннаға дейін жүк тиеуге болатын бұл көліктің жылдамдығы сағатына 4 шақырымды ғана бағындыра алатын еді. Ал бұл көліктің осал жері тежегіші болатын. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жол апатына ұшырап, нәтижесінде көліктің шығарылуы 1771 жылы тоқталған. Соған қарамастан Кагноттың көлігі тарихта ең алғашқы рет көлік ретінде танылады.
Ал жанармаймен жүретін алғашқы көліктің авторы Карл Бенц саналады. Ол 1885жылы үш дөңгелекті, үш орындықты көлік жасап шығарды. Үш дөңгелекті көлік ыңғайсыз болғандықтан, 1893 жылы қозғалтқышы 3 ат кұшіне тең төрт дөңгелекті автокөлікті ойлап тапты. Ол Мерседес Бенц көліктерінің атасы, үйлестірушісі тұңғыш шығарушысы. Қазіргі көліктердің күші- 40 аттың күшіне тең, яғни көбірек.
«Сұрақтар жаңбыры» Әр топ мәтін бойынша нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, оны қағазға жазып келесі топқа лақтырады. Келесі топ сұраққа жауап береді.
|
1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
2.Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
3.Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір
4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
|