Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы



Дата11.05.2022
өлшемі16,83 Kb.
#142105
түріСабақ
Байланысты:
Қазақстан тарихы 6 сынып Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы Дидактикалық материал 1-cабақ


Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы
Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды?
Дидактикалық материалдар
1-сабақ
Оқу мақсаты:
6.1.2.1 – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;
6.3.1.11 – қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау

Қазақ қоғамында әлеуметтік бөлінуіне тән ерекшелік «ақсүйек» және «қарасүйек» дейтіндерге саралануы болды.Бірінші топқа аристократиялық екі сословие-төрелер мен қожалар жатты.Сонымен қатар «ақсүйектердің» бір тармағы ретінде кез келген индивид жеке қасиеттері мен мүліктік жағдайына қарай қол жеткізе алатын, олар: билер, батырлар, тархандар, ақсақалда, байлар санаттары жатты.


Қожалар мен молалар
Үстемдік етуші топқа мүсылмандықтың өкілдері қожалар мен молдалар да кірді, қожалар өздерін Мүхаммедтен тараған бірінші үрпақтың түқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның өкілдері ретінде салықтан босатылды жэне тек сүлтандар сотына тартылатын болды.Барлық салт-жора ғұрыптары-сундеттеу, үйлену тойы, жерлеу және ас беру қожалардың тікелей қатысуымен өткізілді, оларды қожалар немесе молалар Құран оқып заңдастырып отырды.
Билер
Әлеуметтік санаттары арасында қазақтарда билер сословиесі өте маңызды орын алды,олар көшпелі қауымдарды сот билігі қызметін жүзеге асырды. «Би» деген сөзді деп көрсетті Я.П.Гавердовский,-шешен, бай және тапқыр адамдар деп түсіну керек».
Батырлар
«Батыр», «баһадүр», «багадүр» деген түрік-моғол сөзі бастапқыда шайқас алдында жауды жекпе-жекке шақыратын ержүректі білдірген.Алайда батыр - ер жүрек адамның атағы ғана емес, сонымен көбінесе әскери міндеттерді жүзеге асыруымен айналысатын адамдардың жеке дара қасиеті.Қазақ қоғамында «ер жүрек» әділ және тапқыр, соғыс кезінде шабандоз адамдар» батыр деп аталған. Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топ- тың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен рулардың әскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен жэне Орта Азиялық жаулаушылармен болған күресте батырлардың әлеуметтік рөлі ерекше жоғарылап ру ақсақалдары деңгейіне көтерілді. Ш.Уәлиханов: “Батырлар — қазақтарда рубасы сүлтандардан кейін атақты эрі маңызды адам ... Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде эрқашанда салмақты болды”,— деп көрсетеді.
Жатақ — дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшіп-қонатын күш көлігі болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген кедейлердің ерекше әлеуметтік тобы. Бұл сөз алғаш рет Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегінде “ятуқ” түрінде кездеседі. Қашқари бұл сөзге “ғұндардың қалада тұратын, басқа жерге көшпейтін бір бөлігі” деп түсінік берген. Ал дәстүрлі қазақ қоғамындағы Жатақтар егіншілік, балық аулау, қолөнер, т.б. ұсақ кәсіппен айналысқан.19 ғасырдың 2-жартысынан бастап олардың арасынан оқыған, дәулетті адамдар да шыға бастады. Жатақтар кейін басқа әлеуметтік топтарға сіңіп, жұмысшы, қызметші, кенші, мұнайшы тәрізді түрлі кәсіп иелеріне айналған. XIX ғасырдың I жартысында бай туыстары мен казак-орыстар- дан, орыс шаруаларынан жүмыс іздеуге мэжбүр болған кедейлен- ген қазақтар саны өсті. И.Завалишин: “жатақтар байларға малшы болып жалданды, батрақтар шеп бойындағы казак-орыстарға, шеп бойындағы қалаларда олар тіптен топтарымен бір жапырақ нан үшін жалданып жүмыс істеді”,— деп көрсетеді. Кедей қазақтар атқарған істеріне қарай егіншілер, жатақтар жэне бақташыларға бөлінді.Егіншілер, жатақтар мен бақташылардың болуы ішкі қазақ қоғамында әлеуметтік теңсіздік патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының белсенділігімен де күшейе түскен еді.


Хан және ханның ең негізгі бес құқығы мен қызметін былайша көрсетеді:
1. Билік етіп отырған әулет басшысы және мемлекеттегі жоғарғы сюзерен ретінде елдегі барлық аумаққа, ұлысқа тиесілі жерге иелік етті, қарулы жасақпен оны сыртқы жаулардан қорғады.
2. Соғыс жариялау мен бітімге келуге құқылы болды, себебі ол әскер басшысы еді.
3. Шетелдік мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп, мемлекеттің сыртқы саясатын айқындап отырды.
4. Өзіне бағынышты адамды өлтіруге немесе тірі қалдыруға құқылы болды, яғни ол мемлекетіндегі Жоғарғы Сот қызметін де атқарды.
5. Заң шығару құқы болды және қол астындағылардың барлығына міндетті бұйрықтар шығарды. Сөйтіп, қоғамдық құрылым мен тәртіпті сақтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет